Сабақтың басы
| -
Оқушылармен сәлемдесу;
-
Жұпқа бөлу: қағаз қиындыларында жазылған сандар құпиясын дұрыс табу арқылы оқушылар топтарға бөлініп отырады.
Жұптағы оқушылар дәптерлерін алмастыру арқылы ұсынылған дайын жауаптарды қолданып бір-бірінің үй жұмысын тексеріп, комментарий жазу арқылы бағалайды.
|
Сыныппен жұмыс:
«Жақын арада даму аймағын» анықтау.
Өтілген сабақпен жаңа сабақты байланыстыру.
Білімді өзектендіру. Фронтальдық сұрақтар.
Тапсырма 1.
Оң және теріс сандарды еске түсірейік.
-
Оң сандарға мысал келтіріңіздер.
-
Теріс сандарға мысал келтіріңіздер.
-
Оң және теріс санның арасындағы айырмашылық қандай?
-
0 саны жайлы не білесіз?
13; -7.2; 0; 46; -46 сандарынан мына сандарды теріп айтыңыз:
а) оң сандар;
б) теріс сандар;
в) оң санға да, теріс санға да тиісті емес сан.
Жауабы:
а) 13; 46;
б) -7,2; -46;
в) 0.
Координата түзуін еске түсірелік.
-Координата түзуіне анықтама беріңіз.
|
Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»
|
http://www.mathematics-repetition.com/tag/reshenie-zadatch-na-masshtab
|