Салыстырып көрсету.
Екі немесе одан да көп амалмен орындалатын есепті құрама есеп дейміз.
Тек қана бір амалмен орындалатын есеп жай есеп деп аталады.
Құрама есепті шығару үшін оны жай есептерге жіктеу керек.
Жаңа сабақ. Күннің жады. Желтоқсанның 3-і.
Сынып жұмысы.
Құрама есептер шығару.
Көркем жазу.
-Жарайсыңдар, балалар! Міне, әженің бауырсағы пісіп, оны суытып терезе алдына қояды. Бауырсақ домалап кетеді. Орман ішіне домалап келіп қоян ананың көжегін шошытып жібереді. Көжек қашып кетеді.
Қоян: Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеп қоямын.
Бауырсақ: Жоқ, сен мені жеме, саған өлең айтып беремін.
Қоян: Жоқ бауырсақ, сен одан да менің тапсырмамды орында.
Тапсырманы орындауға көмектесу үшін «Зерек» балалар, «Алғыр» балалар, «Тапқыр» балалар тобы келіп отыр екен. Балалардың білімдерін бағалау үшін түрлі түсті бауырсақтар үлестіремін.
Достарыңызбен бөлісу: |