Сабақ Тақырыбы: «Құрама есептер шығару»


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру



бет7/7
Дата05.02.2022
өлшемі125,35 Kb.
#23285
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
-Гүлбаршын Әзімбаеваның «Шана» әңгімесі.

«Қар лақтыру» ойынын ойнату.


-Әңгімеде жылдың қай мезгілі суреттеледі?
-Қалай ойлайсың, Жәнібектің сөзіне әкесі неліктен сасқалақтап қалды?
-Әңгімеден әдемі қыс көрінісін тауып оқы
-Жәнібектің жасы нешеде деп ойлайсың?
-Қандай қысқы ойын туралы айтылған?
-Олай болса бүгінгі тақырыбымыз да қыс мезгіліне байланысты болмақ.
Қысқы орманға саяхат жасаймыз. Топтар аттарын анықтау. Сөзжұмбақ шешу.


ІІІ. Жаңа сабақ. Өздерің айтқандай қыс өте тамаша болады. Ал қар жауғаннан кейінгі көріністі айтсақ мүлде керемет. Қармен лақтырып ойнаса, шаңғы, шана тепсе қандай керемет!
Алдымыздан тиін кездесті. Оған өз білімімізді көрсетейік.
- Бүгін біз Мәди Қайыңбаевтың «Аққала»
өлеңін оқимыз.

  • Автор туралы мағлұмат беру.

Қайыңбаев Мәди - 1958 жылы 20 карашада Қызылорда облысыҚармақшы ауданының қазіргі Жаңажол ауылында дүниеге келген қазақтың аса көрнекті ақыны.
Өлеңдерінде туған елінің болашағына сенеді. Жастарға үміт артады.
«Аққала» өлеңін оқып, талдау.



  • Өлеңде не жайлы айтылған?

*Өлеңді мәнерлеп оқыту , бір шумақтан оқыту.



  • Тапсырмаларды орындау.

  • Өлеңнің күлдіргі жолдарын тауып оқу

  • Аққала жасаудың әдістерін білесің бе?

  • Оны жасайтын қар қандай болуы керек? Анықтама: мамық қар, қасат қар, қарбақ қар.

Қарбақ қар — жұқа жауған қар.
Көбік қар — жерге түскенде астыңғы қабаты ери беріп, беті көпіршіген жұмсақ қар.
Ақша қар — жаңа жауған таза қар.
Ұлпа қар — түйіршіктері үлбіреген жеңіл үлпек қар.
Қасат қар — тығыздалып қалған қатты қар.
Бұғылармен кездестік. Топтық жұмыс. «Кім жүйрік?»
Үш бала шығып, көзін жұмып аққала суретін салады.
-Енді осы аққалалардың қайсысы шынайы өлеңдегі ме, әлде біз салған аққала ма?
Топтық жұмыс.
Сурет бойынша мәтін жазу.
«Көңілді қыс» тақырыбына шығарма жаз.
Жоғалған сөзді тап.
Сергіту сәті.
- Балалар ендеше орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.
Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Күнде әжеме құдықтан
Су әкеліп беремін. (Қимылмен көрсету)
Топтық жұмыс. Аққала жасау.


Аққала қардан домаланып жасалады. Негізгі үш бөлігін бірінің үстіне бірін қояды. Көзін тастан, мұрнын сәбізден, қолына сыпырғыш ілгегін тастан, аузын ағаштан басына шелек кигізу арқылы жасайды.
Өз пікіріңді айт
Аққаланың ұзақ өмір сүруі үшін қандай жағдай жасар едің?


У. Сабақты қорытындылау, бағалау.
. Үйге тапсырма Аққала өлеңін мәнерлеп, оқып келу. Сурет салу.


Қоштасу шеңбері
- Иә
Орнымыздан тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
Сау болыңыздар!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет