Ашық сабақ. Тақырыбы: «С дыбысы мен әрпі»
Сабақ тақырыбы: С дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
1.Өткен дыбысты қайталай отырып, есте сақтау қабілетін арттыру.
2.Жаңа С дыбысымен таныстыру, сөз, сөйлем құруға дағдыландыру.
3. Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра, баспа әріп жазу жолдарын үйрете отырып, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріптер, суреттер, жұмбақтар, ребустар,буындар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-(...)
- Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақшы. Себебі бүгін бізде көптеген қонақтар отыр.
Қайталау:
- Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай?
- Өткен дыбыстарды және Б дыбысын қайталау.
- Буындар: ба, бо, бу, би т.б.
- Сөз: бас, бақ, бал, бар, бай, бор, бер, бет т.б.
- Сөздерді буынға шапалақтау арқылы бөлгізу: бал-ға, ба-ла-пан, ба-нан.
ІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)
- Аптаның қай күні? (Сейсенбі).
- Сейсенбінің сәтті күні бүгін біз С дыбысымен танысамыз.
С дыбысының айтылуын, қандай дыбыс екенін түсіндіру.
С дыбысы айтылған кезде тілдің ұшы астыңғы тіске тіреле отырып белгілі кедергі арқылы шуылдап шығады.
С дыбысы дауыссыз, қатаң дыбыс.
«Көкөністер жинау» ойыны. Жұмбақтар жасыру, шешуін табу.
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығымен суырып,
Әкелді әжем бір күні.
Шешуі /Сәбіз/
Сәбіз - сөзін буынға бөлгізу, с дыбысы қай буында тұрғаның тапқызу.
Дидактикалық ойын. Өткен әріптермен және С әрпінен басталатын ребустарды сурет арқылы шешу, оларға сөйлем құрау.
Сергіту сәті:
Бір, екі, үш
Жинап алып күш.
Қолға қалам аламыз,
С дыбысын жазамыз.
Тіл ұстарту жаттығу.
Са-са-са
Ызыңдайды маса
Дәптермен жұмыс:
Асық,сандық,күнбағыс дыбыстық талдау жасату, ондағы с дыбысының орнын ажыратқызу. С дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлату.
- Ауада жазу.
Дәптерге таза, сауатты жазуын қадағалау.
Сөзжұмбақ шешкізу. «Сөйлем құра»
Сақинаны салғызды,
Сарымсақты, сәбізді.
Бастап тұрған қай әріп
Сапсыз ораз тәрізді? (С)
ІІІ. Қорытындылау. Сұрақ-жауап арқылы.
- Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- С дыбысы қандай дыбыс?
- С дыбысы кездесетін қандай сөздер білеміз?
- Дұрыс айтасыңдар. (сабақта жақсы қатысып, белсенділік танытқан балаларға жұлдызша беріп мадақтау). Сонымен балалар біздің бүгінгі сауат ашу сабағымыз аяқталды.
Балаларды мадақтау, бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |