Сабақ тақырыбы Сағат саны Мерзімі 1



бет4/4
Дата10.03.2017
өлшемі1,39 Mb.
#11177
түріСабақ
1   2   3   4




3-апта

4-күн 1-2 сабақтар

Сабақтың тақырыбы:

Тиімді тәлімгерлік туралы не білеміз?

Жалпы мақсаты:

Бір әріптеске тәлімгерлік ету үдерісі туралы рефлексивтік есеппен жұмысты аяқтау.

Оқу нәтижелері:


Мұғалімдер:

•• Бір әріптеске тәлімгерлік ету үдерісі туралы рефлексивтік есептің 4-бөлімімен жұмысты аяқтайды;

•• Бір әріптеске тәлімгерлік ету үдерісі туралы рефлексивтік есеп жөнінде кері байланыс алады және береді.





Мұғалімдер бір әріптеске тәлімгерлік ету үдерісі туралы рефлексивтік есептің 4-бөлімінің жобасын дайындайды. Жұмыс барысында:

•• Аталған тәжірибе арқылы тиімді тәлімгерлік туралы не зерделенгенін түсіндіру;



7тренерге арналған нұсқаулық | руководство для тренера | handbook for trainers

•• Оқытудың қалай өткендігі туралы нақты мысал келтіру қажет, мысалы, «сабақтың бейнежазбасын қарай отырып және өз тәлім алушыммен талқылау жүргізе отырып, неліктен мұғалім бір оқушыларға білімге негізделген сұрақтар қойғанын, ал басқаларына зерттеу сұрақтарын қойғанын түсінбегенімді анықтадым. Оның бұлай істеуінің негізді себептері бар еді. Енді мен пайымдауымды жасамас бұрын оқыту туралы айтуым қажет екенін түсіндім.»

•• Осы оқуды негізге ала отырып, алдағы уақытта тәлім алушы екеуінің жұмысына қандай өзгеріс енгізуді жоспарлағанын айтып беруі қажет.

Үзіліс.Әріптестердің 4-бөлімді өзара бағалауы.Мұғалімдер жұп болып жұмыс істейді:Әр мұғалім алдымен өз жұмысын қарайды.Мұғалімдер жоғарыда аталған тармақтар баяндалғанын бағалауы қажет.Одан кейін мұғалімдер жұмыстарын алмасады және өз әріптесіне тәлім алушының баға-пікірін ұсынады.Әр мұғалім әріптес есебінің 3-бөлімінің жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарастырады.Мұғалімдер тәлімгер мен тәлім алушының көзқарастары сәйкес келетінін бағалайды.Мұғалімдер бір-бірінің жұмыстарын оқиды да, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша ауызша түсіндірме беруі тиіс, атап айтқанда: оларға ұнаған екі мәселе және олардың пікірі бойынша жақсартылуы тиіс бір мәселе. Мұғалім әрбір жұлдызды не үшін бергенін негіздеуге тиіс.Тілекке қатысты – талаптарға (критерийлерге) сәйкес болу үшін жұмыс қалай жақсартылуы мүмкін екендігін түсіндіру керек.






3-апта

4-күн 3-4 сабақтар

Сабақтың тақырыбы:

Бағалауға арналған портфолио мен таныстырылымды дайындау

Жалпы мақсаты:


Формалды түрде жиынтық бағалауға арналған портфолио мен таныстырылымдармен жұмысты аяқтау үшін не істеу керектігін ой елегінен өткізу үшін мұғалімдерге уақыт беру.Формалды түрде жиынтық бағалауға арналған портфолио мен таныстырылымдармен жұмысты аяқтау үшін мұғалімдерге көмек ұсыну.

Оқу нәтижелері:


Мұғалімдер:

•• Формалды түрде бағалауға арналған портфолио мен таныстырылымдарды дайындау үшін не істеу керектігін түсінеді;

•• Формалды түрде бағалауға арналған портфолио мен таныстырылымдарды дайындау үшін әріптестерінен қолдау алады.





Мұғалімдерге бұл уақыт формалды түрде жиынтық бағалауға арналған портфолио мен таныстырылымдармен жұмысты аяқтау үшін не істеу керектігін ой елегінен өткізу үшін берілетінін айтыңыздар. Төмендегілерді естеріне салу үшін powerpoint слайдын пайдаланыңыздар:




Олардың портфолиоларын бағалау үшін порталға не жүктеу қажет;

•• Келесі апта үшін қандай таныстырылымдар дайындау қажет. Мұғалімдерге бақылау тізімдерін таратыңыздар. Мұғалімдерге егер олар бағалауға дайындау үшін не істеу қажет екеніне сенімді болмаса,әріптестерден және сізден көмек сұрау қажет екенін түсіндіріңіз

Ресурстар:«Бағалауға дайындық» таныстырылымы (Білім беру платформасын қараңыз)

Бағалауға арналған бақылау тізімі (Білім беру платформасын қараңыз)






3-апта

5-күн 1-4 сабақтар

Сабақтың тақырыбы:

Тәлімгерлік туралы таныстырылым бойынша кері байланыс

Жалпы мақсаты:

Мұғалімдерге бағалау жүргізілетін аптаға арнап таныстырылым әзірлеуде қолдау көрсету.

Оқу нәтижелері


Мұғалімдер:

•• Өзінің үшінші таныстырылымын пысықтайды;

•• Өз таныстырылымдарын қалай жақсарту туралы формативтік кері байланыс алады.





Мұғалімдер тобының алғашқы ¼ бөлігі тәлім алушысының білім алғандығының дәлелін

қоса алғанда, бір әріптесіне тәлімгерлік ету тиімділігі туралы 20 минуттық таныстырылым ұсынады. Таныстырылымнан кейін қалған мұғалімдер таныстырылымдардың табыс критерийлеріне сәйкестігі туралы кері байланыс ұсынады:

•• Таныстырылым тәлімгерлік кезінде ненің табысты, ал ненің сәтсіз өткенін түсіндіре ме?

•• Таныстырылымда белгілі бір кезеңдердің табысты/сәтсіз болғандығының себептері

көрсетілген бе?

•• Таныстырылым тәлім алушының тәлімгерлік алу үдерісінде нені үйренгеніне назар аудара ма?

•• Тәлімгер тәлім алушының білім алғандығының дәлелін ұсынды ма?

(Таныстырылым кезінде критерийлерді көрсету қажет).

Тренер қорытынды шығарып, кері байланыс орнатуы тиіс.





Үзіліс. Мұғалімдер тобының екінші ¼ бөлігі 20 минуттық таныстырылым ұсынып, ол бойынша кері байланыс алады.

Түскі ас. Мұғалімдер тобының үшінші ¼ бөлігі 20 минуттық таныстырылым ұсынып, ол бойынша кері байланыс алады.

Үзіліс. Мұғалімдер тобының соңғы ¼ бөлігі 20 минуттық таныстырылым ұсынып, ол бойынша кері байланыс алады.




БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ
Бағдарламаның негізгі мазмұны өзара байланысты жеті жеке модуль шеңберінде ұсынылған:

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

7. Оқыту мен оқудағы басқару және көшбасшылық.



Жоғарыда аталған жеті модуль мен осы модульдерге негіз болған идеялар үш негізгі тарауға бөлініп, осы Бағдарламада төмендегідей ұсынылған: 5-сурет. Балаларды оқытуда өзгерістерді іске асыру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет