Сабақ тақырыбы Сағат Зертханалық сарамандық жұмыстар Кіріспе


Тақырыбы: Балықтың ішкі құрылысы. Мақсаты



бет13/17
Дата13.02.2017
өлшемі2,88 Mb.
#9336
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Тақырыбы: Балықтың ішкі құрылысы.

Мақсаты: Бүгінгі сабақ тақырыбы мазмұнындағы негізгі ұғым-түсініктерді нақтылы мағлұматтармен байыту; табиғи объектімен жұмыс істеуге үйрену: Келесі сабақтар мазмұнына тірек болатын кейбір ұғым-түсініктер жинау.

Құрал-жабдықтар: сойылған (ішкі мүшелері ашылған) балық (табақшаға орналасқан, іш қуысына су құйылған), оңаша үстелге қойылып, ми сауыты ашылған балық, ұлғайтқыш қол әйнек, іскек, тақтаға ілінген кесте: «Балықтың ішкі құрылысы», балықтың ішкі құрылысының сұлбасы салынған карточкалар (жұмыстың белгілі бір кезеңінде мұғалім әр оқушыға таратып береді).

Жұмыстың барысы:

І.  1. Ауыз қуысындағы қоректенуге қатысатын мүшелерді зерделеу.

Астың жүріп өтетін жолын, кестені пайдаланып, анықтап, әр бөлімнің атауымен, сыртқы түрімен, пішінімен, мөлшерімен (ұзын, қысқа, үлкен, кіші, т.с.с.), орналасуымен (арқа, құрсақ, құйрық бөлімдері) танысу.

2. Астың қорытыла бастайтын және әбден қорытылатын бөлімдерін табу.

3. Асты қорытуға қатысатын бауыр мен қарынасты безін, өт, сөл жүретін жолдарының асқорытудың қай бөлімімен жалғасатынын анықтап көру.

ІІ. 4. Балық желбезегін зерделеп, қақпақшаларын, жапырақшалары мен талшықтарын қарап, әрқайсысының орналасуына назар аудару.

5. Зәршығару жүйесінің бөлімдерін (бүйрек–несепағар–қуық–аналь тесігі) тауып, зерделеу.

6. Жүрегінің орнын, түрін, пішінін анықтау.

7. Жақсы дамыған бұлшықетті дене бөліміне назар аудару.

8. Аталық немесе аналық (зерделеніп отырған қайсысы?) бездердің орналасуымен, пішінімен, мөлшерімен, сыртқы көрініс-түрімен танысу.



Нәтижесі:    Балықтың ішкі құрылысын жаз:

Балықтың ішкі құрылысы

 


1._______________

2._______________

3._______________

4._______________

5._______________

6._______________

7._______________

8._______________

9._______________

10.______________

11. ______________

12.______________

13.______________

14.______________



 

Қорытынды:____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

ІV. Бекіту.

Жануарлардың қай түрі болса да, асқорыту жүйесі жұмысының соңғы нәтижесі мен құрылысының жалпы сұлбасы бірдей екені көрінеді. Сөйтіп қоректі қабылдап қорытады, ағзаға сіңіріп, ескірген, тіршілігін жойған жасушаларды жаңартады. Атаулары мен орналасу реті, құрылысы әр түрлі болғанымен, асқорыту мүшелерінің қызметі бірдей.

Асқорыту жүйесіндегі ерекшеліктер жануарлардың немен қоректенетініне және құрлықта бір жерден екінші жерге қалай орын ауыстыратынына байланысты. Мысалы, өсімдікқоректі жануарлардың асқорыту жүйесі күрделірек. Ішегінің ұзындығы дене тұрқынан 20 есе ұзын болады. Ал етпен қоректенетін жыртқыштардың (қасқыр, түлкі және т. б.) асқорыту жүйесінің жалпы көлемі шағын, ішегінің ұзындығы өзінің дене тұрқынан 4-5 есе ғана ұзын болады.



Үй тапсырмасы. § 37 оқу, 82, 83, 85-суреттерді салу

 

 



 

Сабақ: 36.

Тақырыбы: §38. Көпжасушалы жануарлардың тыныс алуы

Сабақтың мақсаты: көпжасушалы омыртқасыз жануарлардағы газ алмасу үдерісі жүретін тыныс алу мүшесі жайлы сипаттама бере отырып, әрбір ағзаның өзіндік ерекшеліктерін атап көрсету; адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік тәрбиеге баулу; өз беттерімен іздену дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі

Сабақтың типі: құрастырлған

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезіңі

Омыртқалы жануарлардың асқорыту жүйесіндегі бәріне ортақ белгілердің (мүшелердің) атауларын тізіп, дәптерге жазыңдар.

Күйіс қайыратын жануар қарнының қандай ерекшелігі бар?

Сүтқоректілер мен құстардың асқорыту жүйесіндегі сұлбаларында көрініп тұрған, ең негізгі бір айырмашылық қандай? Ол немен байланысты?



ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі 

Жоспар:


1.  Тыныс алудың мәні және маңызы

2. Омыртқасыз жануарлардың тынысалу жүйесінің құрылысы және тынысалу.



Тыныс алудың мәні және маңызы. Астың қорытылуы кезінде органикалық заттардың жай заттарға ыдырауы және олардан ағза жасушаларына, ұлпаларына, әр түрлі мүшелеріне тән органикалық заттардың қайтадан түзілуі үшін оттегі керек.

Ағзада үздіксіз жүріп жататын тіршілік процестері өте күрделі құбылыс. Бір заттар түзіліп жатса, екіншілері ыдырап жатады. Түзілген заттардың ішінде көп түзіліп немесе сырттан келіп ағза үшін қажетсіз, тіпті зиянды боп келетіндері де бар. Мысалы, көмірқышқыл газы. Ағзалардың басым көпшілігі оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын сыртқа шығарады. Осы құбылысты тірі ағзаның тыныс алуы немесе ағзадағы газалмасу дейді.

Ағзада тынысалу үздіксіз жүреді. Белгілі бір себептен тынысалу тоқтаса, ағза тұншығып, тіршілігін тоқтатады. Мұны сендер бастауыш сыныптан білесіңдер, күнделікті өз тәжірибелеріңнен де жақсы сезінесіңдер. Адам 1 минутта 15-18 рет тыныс алып, дем шығарады.

Оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын сыртқа шығаратын ағзаларды аэробты тыныс алатын ағзалар дейді. Ал басқа жануарлардың ішкі мүшелерінде тіршілік ететін паразит жануарларды анаэробты, яғни оттегісіз тыныс алатын ағзалар дейді. Мұндай ағзаның тыныс алуының негізгі мәні аэробтылардың тыныс алуы мәнімен бірдей. Тек ыдырау, синтез процестері оттегінің қатысынсыз жүреді.

Оттегі ағзаға екі түрлі жағдайда сіңеді. Ауадағы оттегін құрлық жануарлары газ күйінде, ал суда тіршілік ететіндердің көпшілігі оттегін суда еріген күйде сіңіреді.

Омыртқасыз жануарлардың тынысалу жүйесінің құрылысы және тынысалу. Гидрада тынысалу мүшесі жоқ. Суда еріген оттегін бүкіл денесімен сіңіреді. Көмірқышқыл газы дене жабындысы арқылы сыртқа шығарылады. Газалмасу гидра денесінің әр жасушасында өтеді.

Ал шұбалшаңда (жауынқұрты) оттегі дене сыртының сілемейленіп тұратын жұқа тері жабыны арқылы қанға сіңіріледі де, қанмен денедегі барлық жасушаларға тасымалданады. Қанмен келген оттегі жасушаға өтеді. Жасушада түзілген көмірқышқыл газы қанға сіңіп, сыртқы тері жабыны арқылы сыртқа шығарылады.

Көпжасушалы жануарлардың ішінде ұлудың да тыныс алуды қамтамасыз ететін арнайы мүшелер жүйесі бар. Құрлық ұлуындағы (жүзім ұлуы), сол сияқты суда тіршілік ететін тоспаұлу денесінің бақалшақ жиегімен түйісетін алдыңғы арқа жағында орналасқан тыныс саңылауы – сондай мүше. Осы саңылау арқылы шапанша (мантия) қуысына ауа кіріп, осы қуыстағы қантамырларымен торланған шапанша қатпары – шапанша қалтасында қанға сіңеді. Оттегіне байытылған қан тамырлары арқылы бүкіл денеге тасымалданады. Денеде түзілген көмірқышқыл газы қанмен бірге шапанша қуысына келіп, тыныс саңылауы арқылы сыртқы ортаға шығарылады.

Қосжақтаулы былқылдақденелілерде шапанша қуысы дененің екі бүйіріне қараған жағында орналасып, көлденеңінен тілімделген екі жұп тақташалары болады. Әрбір тақташада көптеген кірпікшелер бар. Кірпікшелердің үздіксіз қозғалысы судың ағынын туғызады. Су ағыны дененің артқы жағындағы шапаншаның төменгі кішкене саңылауы (сифоны) арқылы ішке құйылады. Сәл жоғарырақ орналасқан жоғарғы саңылау (сифоны) арқылы сыртқа шығады. Төменгі саңылау – су кіретін сифон, жоғарғы саңылау – су шығатын сифон деп аталады. Осы екі сифонның жұмысы арқасында шапанша қуысын су ағыны үздіксіз шайып тұрады. Суда еріген оттегі осы «желбезек» арқылы қанға сіңеді де, денедегі көмірқышқыл газы сыртқа шығарылады.

Шаршылы өрмекші денесінің баскөкірек пен құрсақ арасында орналасқан қос өкпе – ауа қапшығы арқылы тыныс алады. Қапшықтардың арасы көптеген жапырақ тәрізді қатпардан тұрады. Бұл жапырақшаларда қанайналымы үздіксіз жүреді де, оттегімен қанығып, денеге тасымалданады. Сонымен бірге құрсақтарында тыныс саңылауына ашылатын екі шумақ демтүтікшелері бар.

Қоңыздар (қиқоңыз, зауза, сүңгуір қоңыз, т.б.) хитинді демтүтіктері арқылы тыныс алады (88-сурет). Қоңыз көкірегі мен құрсағының екі қапталын бойлай ұсақ саңылаулар (тыныс саңылаулары) орналасқан. Осы саңылаулардан дененің ішіне қарай хитинді демтүтікшелері жалғасады. Олар тармақталып, бүкіл ішкі мүшелерді торлайды. Тіпті аяқтардың, мұртша сезім талшықтарының ұшына дейін жетеді. Құрсақ бұлшықеті жиырылғанда ауа демтүтіктен сығылып, сыртқа шығады. Бұлшықет босаңсығанда, сырттан ауа сорылып, оның бүкіл тармақтары ауаға толады.

 №18-зертханалық жұмыс



Тақырыбы: Бақұлу мен тоспаұлудың сыртқы құрылысы мен кейбір тіршілік әрекеттері

Мақсаты: Бақұлу мен тоспаұлудың сыртқы құрылысы мен кейбір тіршілік әрекеттерін зерттеп, зерделеу.

Құрал-жабдықтар: түбіне тасқиыршықтары (ірі  құм), бөлме өсімдіктерінің 2-3 жапырақтары төселіп ылғалданған жарты литрлік шыны банкаға жіберілген 2-3 тірі бақұлу, түбіне құм төселіп, оған 1-2 бұтақ кесіндісі орнатылған, ернеуінен төмен су құйылып 2-3 тоспаұлу жіберілген банка (бұл екеуінің саны әрбір екі үстелде отырған оқушыларға бірден келетіндей болуы керек), ұлғайтқыш қол әйнек, нанның жұмсақ кесегі, шыны (ауданы 10х30 см-дей) немесе аумағы кеңдеу Петри табақшасы, іскек, пияз кесегі.

Жұмыстың барысы:

1. Банкадағы жағдайлар негізінде әр ұлудың қандай ортада тіршілік ететінін анықтау.

2. Бақұлуды шыны тақташаға жіберіп зерделеу. Тақташаның бір жеріне (жиегіне таяу) нанның кішкентай кесегін сулап езіп, жағып қою керек.

Бақылау жоспары: 1) сыртқы құрылысы;

– дене пішіні, бөліктері (жұмсақ, мүйізді қатты бөліктері), былқылдақ бөліктің пішіні, көзге түсетін екі жұп өсінділер –қармалауыштары.

– Бақалшақтың пішіні, денедегі орны, сыртынан айқын көрініп, білетін иірімжолақтар, буылтықтар.

– Жылжып қозғалғанда шыныда қалатын кілегейлі, мөлдір ізі.

2) Қозғалуы, айналадағы ортаны бағдарлауы, сезінуі

– жылжыған кезде шыныны көтеріп дененің астыңғы (шынымен жанасқан) бөлігін, яғни «аяғының» тері-бұлшықет жүйесінің толқынды қимыл-қозғалысын жақсы көруге болады.

–бастағы екі жұп қармалағыштардың қимыл-қозғалысын, жалпы сыртқы формасын, түрін ұлғайтқыш әйнекпен зерделегенде қармалауыштардың бір жұбы қысқа, екінші жұбы ұзын, жіңішкеліктері бірдей, ұштары сәл домаланып тұйықталғандай боп көрінеді.

Осы қармалауыштар ұштарынан көздерін (қоңыр, қара ноқат тәрізді) тауып, қай қармалауыш жұбы заттарды көріп, бағдарлауға қызмет ететінін анықтау керек.

–Ұлудың алдына іскекпен пияз кесегін (сәл езіп, иісін күшейтуге болады) ұстап, ұлудың әрекетін бақылау қажет.

3) Ұлудың қоректі тауып жеуі, мұны қамтамасыз ететін мүшелері

– Нан жағылған «шыны аймағын» екі жұп қармалауыштарын иіп-қарап, «иіскелеп» табатыны жақсы аңғарылады. Осыдан және пиязға әрекетінен, ұлу көздері мен иіс-сезу мүшелерінің жұмысы туралы қорытынды жасау қиын емес.

Дегенмен, ұлу көзі тек жақыннан ғана көретіні және түсті айырмайтыны есте болсын.

3. Тоспаұлуды банканың ішінде жүргенде бақылаған жөн. Сыртқы пішінінде, құрылысында сәл ғана ерекшеліктері болмаса, құрылысы тіршілік әрекеттері негізінен құрлық ұлумен бірдей. Бақұлудан гөрі таспаұлудың тыныс алу әрекеті жақсы көрінеді. Мантия қуысында оттегі таусылып, көмірқышқыл газы көбейгенде ол су бетіне көтеріліп газ алмастырады.

– Су бетінде денесінің қандай бөлігін судан шығаратынын, ол бөліктен ашылатын саңылауды (атауы, мөлшері, пішіні қандай?), қанша уақыт (минут есебімен шамалап) солай тұрғанын, одан соң саңылауды жауып, суға қайта түскенін бақылап, бақұлу мен тоспаұлудың оттегінің қай түрімен тыныс алатыны, мұнда қандай мүшелер қатынасатыны туралы қысқаша қорытынды жасауға болады.

4. Осы зерделеу, бақылау негізінде «Бақұлу мен тоспаұлудың сыртқы құрылысы, кейбір тіршілік әрекеттері» тақырыбын қысқаша, нақтылы мазмұндап жазу қажет.

 

 Нәтижесі:   Ұлудың ішкі құрылысын жаз:



6

 




7

 




5

 




4

 




3

 




2

 




1

 




9

 




10

 




8

 




 

 

1.__________________________



2.__________________________

3.__________________________

4.__________________________

5.__________________________

6.__________________________

7.__________________________

8.__________________________

9.__________________________

10._________________________

 

 



 

 

 

 Қорытынды:____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



ІV. Бекіту.

Сонымен құрлық ұлуларында тынысалу жүйесі тыныс саңылауларынан және шапанша қуысынан және шапанша қалтасы мен қантамырларынан, ал судағы былқылдақденелілерде желбезек тақташалары мен сифондардан тұрады. Қан екі жағдайда да газалмасуға қатысады.

Әр жәндіктің газалмасатын ең негізгі құрылымын (мүшесін) анықтап, сан мен сәйкес әріпті қосып дәптерге жазыңдар.

1. Гидра – Бүкіл денесі

2. Бақұлу – Шапанша қалтасы

3. Шұбалшаң –  Тері жабыны

4. Қоңыз (қиқоңыз) – Демтүтікшелер           

5. Шаршылы өрмекші – Ауа қапшығы



Үй тапсырмасы. §38 оқып, 87-суретті салу.

 

 



 

 

Сабақ: 37



Тақырыбы: § 39. Омыртқалы жануарлардың тынысалу жүйесінің құрылысы

Сабақтың мақсаты: омыртқалы жануарлардың (балықтардан сүтқоректілерге дейін) тынысалу жүйесінің құрылысымен таныстыру, әрбір ағзаның өзіндік ерекшеліктерін атап көрсету; адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік тәрбиеге баулу; өз беттерімен іздену дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі

Сабақтың типі: құрастырлған

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезіңі

Тыныс алу деген не?

Тыныс алғанда ағза қандай газдан тазарады?

Аэробты ағзалар мен анаэробты ағзалардың тыныс алуында қандай ерекшеліктер бар?

Әр жәндіктің газалмасатын ең негізгі құрылымын (мүшесін) анықтап, сан мен сәйкес әріпті қосып дәптерге жазыңдар.

1. Гидра                                  Ә. Бүкіл денесі

2. Бақұлу                                Г. Шапанша қалтасы

3. Шұбалшаң                         Б. Тері жабыны

4. Қоңыз (қиқоңыз)               А. Демтүтікшелер           

5. Шаршылы өрмекші           В. Ауа қапшығы

 

Тыныс алудың негізгі мәні неде?



Тыныс алудың тіршілікке қажетті қуаттың пайда болуына қандай қатысы бар?

Жасушалардың жаңаруына қатысы бар ма? Қандай?



ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі 

Тынысалу мүшелері мен мүшелер жүйесінің негізгі ерекшелігі жануарлардың даму деңгейімен, тіршілік ететін ортасына тікелей байланысты. Мысалы, суда тіршілік ететін жануарлардың көпшілігінде тынысалу жүйесінің негізгі мүшесі – желбезек.

Ал енді бүкіл тіршілігі суда өтетін балықтардың тынысалуы қандай мүшелер арқылы қамтамасыз етіледі? – деген сұраққа сендердің «Балық желбезек арқылы судағы еріген оттегімен тыныс алады» деп жауап беретіндеріңе сенеміз.

Балық желбезегі 3-4 жұп желбезек доғаларынан құралады. Әр доғаның бір жағында желбезек жапырақшалары, екінші жағында желбезек талшықтары болады. Оны сыртынан желбезек қақпашасы жабады. 

Балық суды толассыз «жұтады». Су ауыз қуысынан желбезек жапырақшаларына барып, сол арқылы суда еріген оттегін қанға сіңіреді. Денедегі көмірқышқыл газы суға қосылып, желбезек қақпашасы арқылы сыртқа шығады. Қанға сіңген оттегі одан әрі қайда, не үшін тасымалданатыны өздеріңе мәлім.

Қыс кезінде суқойманың бетін мұз басқанда адамдар әр жерден ойықтар жасайтыны естеріңде болар. Ойықтар не үшін қажет?

Судағы еріген оттегімен суда тіршілік ететін кейбір жануарлардың дернәсілдері балық сияқты тыныс алатыны белгілі.

«Дүниетану» оқулығынан «Балам суда, өзім құрлықта тұрамын» деген әңгіменің кейіпкерін естеріңе түсіріңдер.

Хордалылардың тынысалу жүйесінің тыныс жолына сәйкес келетін мүшелерінің реті: танау тесігі Þ көмекей Þ кеңірдек Þ өкпе. Бұл жүйедегі газ алмасатын ең негізгі мүше – өкпе. Басқа мүшелердің қызметі – негізінен алғанда өкпеге ауа жеткізу. Олар ауаның тазалығы мен қалыпты температурасы болуын қамтамасыз етеді.

Өкпе құрылысының жалпы сұлбасы мен қызметі барлық омыртқалыларда бірдей. Ерекшелігі – тек бұл мүшенің даму деңгейіне ғана тән. Сондықтан тынысалу жүйесімен танысуды қосмекенділерден бастайық.

Қосмекенділердің басым көпшілігі (көл бақа, құрбақа және басқалар) өкпемен тыныс алады. Оларда тыныс алуға тері де қатысады. Себебі қосмекенділердің өкпесі нашар дамыған. Өкпесі сырттан келетін ауамен жанасу бетінің аумағы шағын болғандықтан, газ алмасуды жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан қосымша газ алмасу – тері арқылы жүреді.

Қосмекенділердің жұп өкпесі сопақша пішінді, сондай-ақ қапшық тәрізді. Өкпеде ұяшықтар бар. Олар қылтамырлармен торланған.

Қосмекенділерде ауа өкпеге ауыз қуысының түпкі жағы (алқымының) көтеріліп, төмен түсуі арқылы енеді. Алқымы төмен түскенде ауыз қуысы кеңіп, танау тесігі арқылы ауа енеді. Алқымы көтеріліп, таңдаймен жанасқанда, танау тесіктері жабылады, ауа жұтқыншақ арқылы өкпеге өтеді, газ алмасады.

Бақа суда да, құрлықта да тері арқылы тыныс ала береді. Қосмекенділердің терісі – жұқа, жұмсақ. Сырты теріасты безінен бөлінетін сілемейлі шырышпен шыланып, ылғалданып тұрады. Мұндай тері ауаны да, суда еріген оттегін де жақсы өткізеді. Қосмекенділердің суда тіршілік ететін дернәсілдері тек желбезекпен тыныс алады.



Жорғалаушылардың терісі мүйізді қабыршақпен қапталған. Олардың тері бездері болмайтындықтан құрғақ. Сондықтан олар тері арқылы тыныс алмайды. Өкпесінің пішіні, жалпы құрылысы қосмекенділерге ұқсас. Дегенмен көлемі және ауамен жанасу беті аумақты әрі көп ұяшықты.

Құстардың өкпесі жақсы дамыған, тығыз ұяшықты өкпенің ішіне ауатамыр (бронхылар) тарамдалған. Ауатамыр тармақтарының өкпемен жанасатын жерлері, бүкіл өкпе қылтамырларымен торланған. Кейбір демтүтіктік ауатамыр тармақтары өкпеден өтіп, әр түрлі ішкі мүшелердің аралықтарына енеді. Сөйтіп кеңейеді, ауа қапшықтарын түзеді. Бұл қапшықтардың тарамдары түтікті сүйектердің ішіне, бұлшықеттер арасына, тері астына дейін тарайды. Ауа қапшықтарының көлемі өкпенің жалпы көлемінен 10 есе артық. Олар құс денесін ұшу кезінде қызып кетуден сақтайды, әрі салмағын жеңілдетеді. Әрине, ең негізгі қызметі тыныс алуға қатысады.

 

Ұшу кезіндегі құстың тыныс алуы қанат қағысымен байланысты бұлшықеттердің жұмысынан байқалады, мысалы, қанат көтерілгенде құстың көкірек қуысы кеңейіп, ауа қапшықтары созылады. Ауа өкпеден алдыңғы ауа қапшықтарына өтеді. Өкпе және артқы ауа қапшықтары сырттан кірген ауамен толады. Қанат төмен түскенде көкірек қуысы кішірейеді. Артқы ауа қапшықтарындағы оттегіне бай ауа өкпеге сығылып келеді. Өкпедегі көмірқышқыл газы сыртқа шығарылады. Сөйтіп қан оттегімен екі рет қанығады. Алғашында көкірек қуысы кеңігенде сырттан келсе, екінші мәрте көкірек қуысы тарылғанда, артқы ауа қапшықтары нан келеді. Құстардағы бұл құбылыс қосарлы тынысалу деп аталады.



 

Сүтқоректілердің өкпесінде ауатамырлар таралып, оның төменгі ұштары өкпе көпіршіктерімен аяқталады. Өкпе қылтамырлары да жиі тор түзеді. Осыдан сүтқоректілердің өкпесі қанды оттегімен жақсы қамтамасыз етеді. Тыныс алуды қабырға арасындағы бұлшықеттер мен көкірек, құрсақ қуыстарын бөліп тұратын көкеттің жиырылып, босаңсуы қамтамасыз етеді.

Сүтқоректілердің көмекейінде дыбыс сіңірлері жақсы дамыған. Жануар әр түрлі дыбыс шығарып, өз туыстастарына, үйіріне қауіп-қатер туралы, өзінің қай жерде екені және т. б. туралы хабар беріп, білдіреді.



ІV. Бекіту.

Көпжасушалы жануарлардың тынысалу жүйесінің құрылысы ағзаның даму деңгейіне, тіршілік ортасына қарай біртіндеп күрделене түседі:

– ішекқуыстыларда (гидра), құрттарда, былқылдақденелілерде газалмасу дененің сыртқы тері жабыны арқылы жүреді;

– шаянтәрізділер желбезекпен, суда тіршілік ететін ұлулар, өрмекшітектестер өкпе қапшықтарымен, бунақденелілер демтүтікпен (трахея) тыныс алады;

– құрлық ұлулары өкпесі арқылы тыныс алады;

– суда тіршілік ететін омыртқалылар – балықтар және қосмекенділердің дернәсілдері желбезек арқылы тыныс алады;

– құрлық омыртқалыларының (қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер) тынысалу мүшесі – өкпе.

Тыныс алудың негізгі мәні – ағза оттегімен үздіксіз қамтамасыз етіліп, одан көмірқышқыл газы үздіксіз шығарылуы, яғни газалмасу болып табылады.

 


Каталог: 887344EE9999D2F9 -> 64f5f6a7f4190b4be5dd405767986b81
887344EE9999D2F9 -> «математикалық сандық» ойыны
887344EE9999D2F9 -> Астрахан №1 орта мектебінің мектеп жанындағы жазғы «Күншуақ» лагерінің II кезеңінің жұмыс жоспары 2014-2015 оқу жылы
887344EE9999D2F9 -> Сабақтың түрі: Сабақтың өту барысы: Аралас сабақ Оқушыларды ұйымдастыру
887344EE9999D2F9 -> Ата аналарға арналған сауалнама
887344EE9999D2F9 -> Орта мерзімді сабақ жоспары
887344EE9999D2F9 -> Педагогтың шығармашылық Өсу картасы
887344EE9999D2F9 -> 7 модуль бойынша білім беруді көздейді
887344EE9999D2F9 -> Бекітемін: Астрахан №1 орта мектебі директоры


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет