3-қосымша. Қолданбалы есеп. Саған ата-анаң 100 теңге берген болсын және сенде әрі қарай ақша алудың екі мүмкіндігі бар болсын делік. Бірінші әдіс: күн сайын сен алдыңғы күні алған ақшадан 200 теңге артық алатын боласың. Екінші әдіс: екінші күні сен 100 теңге, ал үшінші күннен бастап күн сайын алдыңғы екі күнде алған ақшаның қосындысындай ақша алатын боласың.
Алғашқы он күн үшін кестені толтырыңыз.
Күн
Сома (теңге)
I әдіс
II әдіс
1
100
100
2
300
100
3
4
…
Алынған әр тізбекті координаталық жазықтықта нүктелермен белгілеңіз: горизонталь оське күнді, ал вертикаль оське сол күні алған ақшаның сомасын жазыңыз. Егер сіз бір апта бойы ақша алуды жоспарласаңыз, қай әдіс тиімді болар еді? Ал бір ай алатын болсаңыз ше?