Сабақ: 13
|
Мектеп: бәйге төбе мектеп-балабақша кешені
|
Күні:
|
Мұғалімнің есімі: Канапиева Асемгуль Талгатовна
|
Сынып: 7
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Сандықфункциялар. Сызықтыалгоритмдіпрограммалау
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар:
Оқушыларды Паскаль тілінде сызықтық алгоритмдерге бағдарламалар құруға үйрету;
|
Оқушылардың басым бөлігі:
Сандық функцияларды есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді;
|
Кейбір оқушылар:
|
Тілдік мақсат:
|
Оқушылар:
Сызықтық программаны жазуда қандай операторлар қолданылатынын айта алады
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Меншіктеу, сызықтық, frac (x), int (x), sqr (x), random, round, trunc
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
Талқылауға арналған тармақтар:
Паскаль программалау тіліндегі сандық фунцияларды ата?
Программалау тілінде меншіктеу операторының мәні қандай?
|
Сіз неліктен екенін айта аласыз ба?
Функциялардың қайсысының аргументі жоқ? Неге?
|
Жазылым бойынша ұсыныстар: жаңа тақырып бойынша постер қорғайды, АКТ мен жұмыс жасайды.
|
Алдыңғы тақырып:
|
Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі
|
Жоспар:
|
Жоспарланған уақыт:
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
2.Ұйымдастыру
- оқушылармен амандасып, түгелдеу.
Психалогиялық ахуал туғызу және үй тапсырмасын тексеру
«Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.
Жаттығу барысы: Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі ...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.
Үй тапсырмасын тексеру:ПАЗЛ
1. үстіне жазылған тапсырмасы бар пазлды алдын ала жасап, оқушыларға пазл бөліктері таратылады.
Алгоритм дегеніміз не? Ол не үшін қолданылады?
Алгоритмнің қандай негізгі қасиеттері бар?
Алгоритмдерді қандай тәсілдермен бейнелеуге болады?
Блок-схема дегеніміз не? Блоктар неше топқа бөлінеді?
Қарапайым алгоритмдік тіл деп нені атаймыз? Программалау тілі деген не?
Қызметші сөздерге нелер жатады?
Меншіктеу командасының құрылымы қандай және ол қалай жазылады?
Паскаль тіліндегі программаның негізгі құрылымы қандай?
Бағалау:Дискрипторға жауап берген сұрақтарының санын салып отырады
|
дискриптор
|
Ортасы
|
«ТВ шоу»әдісіарқылы оқулықпен жұмыс жасау (79-85 беттер). Оқушылармен, түрлі кейіпкерлермен сөйлескендей тақырыпты талқылаймыз. Аудитория сұрақтар қояды, талқылауға қатысады, құрдастар бағалайды
Талқылауға арналған сұрақтар:
Программалау тілінде меншіктеу операторының мәні қандай?
Бүтін санды бөлу мағынасын қалай түсінесің?
Бүтін санды бөлу кезінде бөлшек шығуы мүмкін бе?
Сызықтық программаны жазуда қандай операторлар қолданылады?
Сандық функцияларды ата?
frac (x), int (x), sqr (x), random, round, trunk функцияларының мағынасын айт
программаны компиляция мен орындауға қалай жібереді?
Программаның басы мен соңындағы операторлар қалай жазылады?
Меншіктеу операторы қандай мақсат үшін қолданылады?
Шығару пішімінде қандай белгілер қолданылады?
Оқушылардың жауаптарын тексеру үшін қосымша ақпарат беріп түйін жасау.
Бағалау:белсене қатысқан оқушыларды смайликтер арқылы бағалау және жинаған смайликтерінің санын дискрипторға жазу
Сергіту сәті. Видеода көрсетілген қимыл іс-әрекеттерді орындайды.
|
оқулық, микрафон,, телефон
Смайликтер, дискриптор
https://www.youtube.com/watch?v=sPX27NNVWCY
|
Аяқталуы
|
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі:бірнеше дәптер мен қарындашты сатып алу бағасын есептеу программасын жазыңдар
В деңгейі: енгізілген заттардың санын ақша түрінде жазатын программа құрыңдар
С деңгейі: енгізілген үш таңбалы санның қосындысын табу программасын жазыңдар
Үйге тапсырма: §113,14, түйінді жаттау
Рефлексия:Оқушылар алдарында жатқан түрлі-түсті смайликтарды акеліп, тақтаға жабыстырыды.
Қызыл - Мен барлығын өте жақсы түсіндім, маған сабақ өте қызықты болды.
Сары - Маған барлығын түсінікті, бірақ кейбір ақпараттар маған қызықсыз болды.
Жасыл - Мен аздап түсінген жоқпын, бірақ мен үшін сабақ қызықты өтті
Көк - Мен мүлдем түсінбедім, сабақ маған қызықсыз болды
|
Оқулық, дербес компьютер
|
Қосымша ақпараттар
|
Саралау-сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау-оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
|
| | |
Рефлексия
Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
|
Қорытынды бағымдау:
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) ?
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|