Ойлау дағдыларының деңгейі:
Білу, түсіну, қолдану.
Бағалау критерийі: Білім алушы:
-берілген санның пайызын табу өрнегін жаза алады, сандық мәнін таба алады;
-пайыздық арттыру және пайыздық кемітуге берілген есептерді шығара алады.
- күрделі есептерді шешуде пайызды талдап, өз ойын дәлелдей алады.
1-тапсырма. Процентін табыңыз.
1)30 санының 10% -ын
2)400 санының 50%-ын
3)68 манының 25 %-ын
Дескриптор: Білім алушы:
-пайызды бөлшек түрінде өрнектейді;
-санды бөлшекке көбейтуді орындайды
2-тапсырма. Заттың бағасы 760 тг:
1)егер заттың бағасы 15 %-ға қымбаттаса, оның қымбаттатылған бағасы неше теңге?
2)егер заттың бағасы 30 %-ға арзандатылса, оның арзандатылған бағасы неше теңге?
Дескриптор: Білім алушы:
-мәтінді есептің шартын жазады
-пайызды бөлшек түрінде өрнектейді;
-санды бөлшекке көбейтуді орындайды
- қымбатталған бағаны табады
-арзандатылған бағаны табады .
3 тапсырма
Екі дүкендегі бағалар бірдей болған. Бір дүкенде бағаларды алдымен 40%-ға төмендетті, содан кейін 40%-ға арттырды. Екінші дүкенде – алдымен 50%-ға арттырды, бірақ содан кейін 50%-ға кемітті. Осы дүкендердегі бағалар бастапқы бағалармен салыстырғанда қалай өзгерді?
Достарыңызбен бөлісу: |