Сабақ тақырыбы: Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан»



Дата05.06.2017
өлшемі48,73 Kb.
#17774
түріСабақ
Сабақ жоспары

Пән: қазақ әдебиеті

Сынып: 6 «Б»

Күні:

Сабақ тақырыбы: Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан»

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға «Бала Шоқан» шығармасын таныстыра отырып, автор және Шоқан Уәлиханов өмірінен мәлімет беру.

Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын, ой өрісін дамыту және сөйлеу , тез ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды бала Шоқан өмірімен таныстыра отырып, адамгаршілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Дәстүрлі емес,

Сабақ типі: топтық оқыту

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, танымдық ойындар.

Көрнекілік: Тапсырмалар енгізілген презентация, Мысық пен Шоқан суреті, сөзжұмбақтар, схемалар.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: : - Сәлеметсіңдер ме оқушылар!

- Сәлеметсіз бе!

- Бүгін қай күн?

- Ақпанның он тоғызы, жұма

- Сабақта кім жоқ?

- . . . . . . . .



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Бала Шоқан» шығармасының мазмұнын сұрақтар арқылы тексеру:

  1. Шоқанның досының аты кім?

  2. Ол балшықтан нелерді жасады?

  3. Шоқан Мысықты берген мүсіндері үшінқалай рахметін айтты?

  4. Шоқан мүсіндерді ертең келіп алып кетемін деген уәдесінде тұрды ма?

  5. Досынан алған мүсіндерді Шоқан қай жерге қойды?

  6. Шоқан көшіп бара жатып досына не істеді?

Кейін үйде салуға берілген суреттер жиналып алынады.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Енді балалар, үйде оқып келген шығармамыз бойынша Ш.Уәлихановты әр қырынан тану үшін топпен ойын ойнаймыз. Ойынымыз 3 сайыстан тұрады. Қай топ жеңсе сол топқа жоғары бағалар қойылады. Қазір біз екі топқа бөлінеміз. Ол үшін бір-бірден менің қолымдағы жүлдыздарды аласыңдар. Сол жұлдызшаларда жазылған сандар бойынша топқа бөлінеміз (топтарға бөлінеді). Енді сайысымызды бастайық.



І сайысымызда сендерге сөзжұмбақ беріледі. Сөзжұмбақты шешіп ортасындағы белгіленген сөзді табу керек. Қай топ тез шешіп, сөзді айтады, сол топ бір балл алады.(Сөзжұмбақтар таратылады)

1 – топқа:




  1. Александр Сергеевич . . .

  2. Сапарғали Бегалин . . . –нан астам повестер жазды.

  3. . . . әдебиеті пәні.

  4. « . . . Шоқан» шығармасы

  5. С.Бегалин – жазушы, аудармашы, журналист, . . .

2 – топқа:



  1. «Фигурки» сөзінің аудармасы

  2. «Скучая» сөзінің аудармасы

  3. С.Бегалин қай облыста туған?

  4. . . . ауылы күзекке келді.

  5. Мысықтың досы.

(балғасын тексеріліп, ұпай тағайындау, ұпай сандары жұлдызшалар берумен белгіленеді)

ІІ сайысымыз сендер жаңа ғана тапқан кейіпкерлеріңнің кім екенін, қандай екенін табу. Оны меңзермен белгілеу.

  1. топқа:

ауқатты (состоятельный)

кедей (нищий)

Мысық қорқақ (трусливый)

өжет (смелый)

шебер (мастер)
2 – топқа:

ауқатты (состоятельный)

кедей (нищий)

Шоқан мейірімді (добрый)

сыпайы (вежливый)

есер (легкомысленный)

(Тексеріледі, талданады, ұпай беріледі)

ІІІ сайысымызда сендерге сөйлемдар беріледі. Сол сөйлемдердің ішінде түсіп қалған бір сөзді тауып орнына қою керек.


  1. топқа:

  1. Ол төре баласы - . . .

  2. Мына ойыншықтарды . . . істеді?

  3. Жоқ мен алып қашпаймын, тек . . .

  4. Жоқ мен . . . істеймін.

Сөздер: Шоқан, кім, істеймін, көремін.


2 – топқа:

1. Мысыққа . . . әперші.



  1. Шыңғыс . . . ойлана қарады.

  2. мен саған . . . келемін.

  3. Мысыққа менің қоңыр . . . берші.

Сөздер: Шоқанға, бауырсақ, шапанды, ертең.



(оқушылар бағасын тексеру, ұпай белгілеу, жеңімпаздарды анықтау)

ІV. Сабақты бекіту: Оқушылар біз бүгін Ш.Уәлиханов туралы С.бегалиннің «Бала Шоқан »шығармасымен таныстық. Шағын сайысымыздың барысында Мысық пен Шоқанның кім екенін, қандай қасиеттері бар екенін танып білдік. Шоқанның мейірімділік, сыпайылық, әдептілік және тағы басқа да адамгаршілік қасиаттарін таныдақ.

Үйге тапсырма:

Бағалау:
Каталог: uploads -> doc -> 042b
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
042b -> Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім. Білімділік
042b -> Сабақтың тақырыбы: Жетісу (Жоңғар) Алатауы Сабақтың мақсаты: Білімділік
042b -> Бағдарламасында мынадай анықтама берілген. ««Қазақ тілі»
042b -> Математика мұҒалімінің КӘсіптік дайындығының кейбір өзекті мәселелері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет