Сабақ тақырыбы Саяхатқа дайындалу Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары оқу бағдарламасы



Дата15.09.2017
өлшемі131,15 Kb.
#32692
түріСабақ













Сынып:1

Мұғалім:Капанова Ж.К.

Сабақ тақырыбы

Саяхатқа дайындалу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы

на сілтемеу)

Ж 13.Әріп пен дыбысты ажырата біледі, дыбыстардың айтылу ерекшелігін ескере отырып, сөзді дұрыс жазады.


Сабақ мақсаттары

Саяхат жайлы жаңа сөздерді үйренеді.Қарапайым сұрақтарды қоя біледі.Сөздер мен сөз тіркестерін диалог кезінде қолданады.Сөздер мен сөз тіркестерін жазады.

Жетістік критерилері


Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді: әріптерді таниды және дыбыстай алады; дыбыстық біліміне сүйене отырып, сөздерді сауатты жазады.


Сөздік қор

Жаяу жүру, жеңіл көлікпен бару, автобуспен бару,жақын, алыс,саяхат,карта,ұшақпен ұшу,пойызбен бару, саяхатшы, саяхат жасау, жол маршруты.

Құндылықтарды

дарыту

Еңбек және шығармашылық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім


алдыңғы тоқсанда алған білімдері мен дағдыларға негізделеді. Оқушылар әдеби және әдеби емес мәтін үлгілерімен таныс болады және сөздерді оқу үшін әр түрлі стратегиялармен танысады.

Сабақ барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың көңіл күйлерін сұрау.Ұранды музыкамен қосылып айту.

Сабақты оқимыз, көңілге тоқимыз,

Қазақ тілін үйреніп қазақша сөйлейміз.

Сөздер үйренеміз, мәнін түсінеміз,

Келешекте әлі біз, биікке жетеміз...

/оқушылар хормен әндетіп айтады/

(Ұ) Оқушылармен диалог құру

-Балалар, сендер саяхатқа барғыларың келе ме?

-Ендеше саяхатқа дайындалу керекпіз ғой.

-Өйткені бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Саяхатқа дайындалу.

-Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?

/Оқушылардың жауаптарын тыңдау/

-Алыс жаққа барған кезде адам барлық заттарын неге салады? /чемоданға/

-Чемодан - ол не?

-Чемодан сөзі қай әріптен басталады?

-Ч дыбысы бар сөздерге мысал келтіріңдер.

/Ч дыбысын хормен және жеке айтқызу, баспа және жазба түрлерімен таныстыру, ч әрпі бар сөздерге талдау жасау, Чч әріптерін жазғызу/



Интерактивті тақтада жазылған өлең жолдары.

Әннің аудиожазбасы

«Асқақтай бер, елім!»

Қима әріптер



Чч әріптері, тақырыптық суреттер.



Сабақ ортасы



(Ұ) «Дұрыс таңдау» ойыны

Оқушылардан чемоданда не барын болжап айтуларын сұрау. Өз чемоданына не салатынын сұрау. Содан соң чемоданымдағы заттарды көрсетіп, олардың саяхатқа не үшін қажет екенін түсіндіру.



/оқушылар саяхатқа қажетті заттарды атайды және олар не үшін қажет екенін түсіндіреді/

(Т) «Дұрыс таңдау»

Картон чемоданды беріп, оқушылардан оның ішіне салатын заттардың суретін салуды және тізімін жазып беруді тапсырамын.




Әр топ ортаға шығып өз чемоданын таныстырады.Сөздердің дұрыс/теріс жазылуы тексеріледі.
Сергіту сәті:

Тонса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Сарт-сарт-сарт,

Шапалақты соғамыз.

Тонса біздің аяғымыз,

Етік киіп аламыз.

Топ-топ-топ.

Топылдатып билейміз.

Тонса біздің денеміз,

Тонды киіп аламыз.

Зу-зу-зу,

Шанамен зулаймыз
(Ұ)Оқушылармен диалог жасау

-Балалар, чемоданымыз дайын. Бірақ біз бір нәрсені ұмытып кеткен сияқтымыз. Алыс жаққа саяхаттаған кезде адам өзімен нені алу керек?



/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

-Дүниеге сәби келген кезде ол еліміздің бір азаматы болып есептеледі. Және де осы елдің азаматы ретінде оған не беріледі? Төлқұжат-туу туралы куәлік.



-Балалар, сендер төлқұжат дегеніміз не екенін білесіңдер ме?

-Ендеше біз төлқұжатпен танысып, өзіміз туралы ақпаратты жазуға үйрену керекпіз.Өйткені төлқұжатымыз дайын болғанда ғана біз тексерістен өтіп, сапарға аттана аламыз.



(Ө) «Өзім туралы ақпарат» айдары

Бірлесіп жазу әдісі арқылы төлқұжатты толтыру

Тегі ..............................................

Аты .....................................................

Әкесінің аты .................................................

Туылған күні........................................

Туылған жері ....................................

Азаматтығы .............................................

Оқушыларға дайын төлқұжат карточкалары таратылады. Оқушылар өздері жайлы алдын-ала дайындаған мәліметтерді қолдана отырып, төлқұжаттарын толтырады.


(ҚБ) Оқушылардың саяхатта қажет ететін заттардың атауы мен өздері жайлы мәліметті дұрыс, сауатты жаза алу қабілетін бағалаймын.

Тақырыптық суреттер, чемодан , саяхатқа қажетті заттар.

Чемоданның үлгісі және түрлі-түсті маркерлер мен желім, қима суреттер

Көңілді балақайлар әуені


Сабақтың соңы

Рефлексия:

  • Бекіту сұрақтары:

  • Саяхатқа қандай заттарды дайындау керек?

  • Алыс жаққа саяхат жасау үшін не маңызды?

  • Төлқұжат дегеніміз не?

«Өз жетістігін бағалау»

-Балалар, өз жетістіктерің мен түсініктеріңнің деңгейін бағалап көріңдер.


100% 75% 50% 25%

Пайыздық көрсеткіштер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Оқушылардың саяхатта қажет ететін заттардың атауы мен өздері жайлы мәліметті дұрыс, сауатты жаза алу қабілетін бағалаймын.



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Қабілетті балалар өздері жайлы мәліметті еркін, сауатты толтыра алады


Есте сақтауға байланысты тапсырмалар арқылы

Денсаулық сақтау технологиялар

Қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?







Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет