Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
1-5 мин
6-10 мин
|
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушыларды топқа бөлу үшін «Тобыңды ізде» ойыны ұйымдастырылады.
Белсенді оқытудың әдісі:Ширату жаттығуы
2. Зейін шоғырландыру (айтылған тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екенін анықтау)
1) P=4a a – тәуелді айнымалы шама жалған
2) C - тәуелді айнымалы шама ақиқат
3) V= a3 a - тәуелсіз айнымалы шама ақиқат
4) d= 2r r - тәуелді айнымалы шама жалған
әр оқушыға жеке тапсырма карталары таратылады, тақтадағы дұрыс жауап арқылы көршілер бір-бірін тексереді.
|
слайд
|
Жеке жұмыс
11-20 мин
|
Саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілі
«Өзіңді сына» Жеке жұмыс
Оқушылар №1311,1313 есепті 10 минут уақытта жеке орындайды, орындап болғаннан кейін, тақтаға шығып жеке талдайды.(10 минут).
Бағалау. Өзін-өзі бағалау.
1311. 9.7-суретте пойыздың 70 км/сағ жылдамдықпен қозғалыс графигі бе- рілген. График бойынша мына сұрақ- тарға жауап беріңдер:
Пойыз 2 сағатта неше километр жол жүрген?
Ж:140 км
Пойыз 210 км қашықтыққа неше сағатта барған?
Ж: 3сaғ
Пойыздың 70 км/сағ тұрақты жылдамдықпен жүргендегі жолмен (s) уақыттың (t) тәуелділігін көрсететін формуланы құрастырыңдар.
|