Сабақ тақырыбы: Шамалар. Уақытты бағдарлау Оқиғаларды өту кезеңіне қарай орналастыру Мектеп



Дата26.08.2017
өлшемі394,48 Kb.
#29354
түріСабақ
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Шамалар. Уақытты бағдарлау

Оқиғаларды өту кезеңіне қарай орналастыру

Мектеп:

Күні :




Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

уақытты бағдарлайды: минут, сағат, күн, апта, ай;

тиісті уақыт өлшем бірліктерін қолданады; олардың арасындағы өзара байланысты түсінеді.



Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Әр оқушыға арналған:

ламинатталған А4 қағаз парағы;

маркер.

Тірек сөздер

уақыт;

бұрынырақ;

кейінірек;

алдымен; содан кейін; таң; күн; кеш; түн.

Сабақтың мақсаты:

Оқиғалардың ұзақтығын негізге ала отырып, уақыт­ түсінігін жаңа өлшем ретінде енгізу. Түсінуге жағдай­ жасау және оқиғаларды ретімен орналастыра білуге­ жаттықтыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақта оқушылар оқиғаларды өту кезеңіне қарай орналастырады: ұзақ уақыт аралығындағы оқиғалар­ (бұрын — кейінірек, алдымен — сосын, ертеде­ — жуырда), тәулік ішіндегі оқиғалар (таңертең,­ күндіз, кешке, түнде).

Кіріспе тапсырма. Сабақтың басында оқушы­ лармен уақыт туралы сөйлесіп, олардың уақыт туралы түсініктерін анықтау мақсатында әңгіме жүргізіңіз. Әңгімені балалардың білетін мәлімет­тері­нен­ бас­ таңыз. Оқушыларға сұрақ қоя отырып, олардың жауабын тыңдаңыз. Мына сұрақтарды қойыңыз:


— Анаң “Енді кеш!” деді. Сендер “кеш” деген сөзді қалай түсінесіңдер?
— Таңертең сендер нешеде тұрасыңдар? Мұны сендер қалай біле аласыңдар?
— Сен неше жастасың?

Сендер қалай ойлайсыңдар, мына ағаш неше жаста? Қазір уақыт туралы сөйлесетініңізді айтыңыз. Қандай да бір оқиғаның ұзақ уақытқа созылатынын немесе тез арада өтетінін көрсетіңіз­. Біз уақыт шамасы туралы білетін боламыз­. Бір нәрсені істеу үшін уақыт кетеді. Мысалы, теледидарда бір мультфильм ұзақ болады, ал кейбірі қысқа уақытта аяқталады. Бұл жерде біз мультфильмді көруге кеткен уақыт туралы айтып отырмыз.

— Сендер уақыттарыңның тағы да неге кететінін айта аласыңдар ма? (Мектепке барамыз, сабақ оқимыз, ойнаймыз, жүреміз, ұйықтаймыз…)

— Сендер қалай ойлайсыңдар, уақытты өлшеуге бола ма? (Иә.)

— Қалай ойлайсыңдар, анаң кешкі асты дайындап жатқан кезде не істеуге болады?

— Сендер қалай ойлайсыңдар, қайсысына уақыт көп кетеді: көйлекті тігу үшін бе, әлде ағашты өсіру үшін бе?

Оқушыларға уақытты қалай өлшейтінін және салыстыратынын,­ ол үшін қандай құрал қолдана­тынын,­ сондай-ақ уақыттың өлшем бірліктерімен­ танысаты­ нын айтыңыз. Оқушылардың жаңа материалды толық түсініп, меңгеруі және сабақ үстінде тірек сөздерді дұрыс қолдануы үшін ойын ойнатыңыз. Рөлдер бөліп беріңіз. Оқушылар өздерін аспаз рөлінде елестетіп, түскі ас мәзірін құрастырады (бірінші, екінші, үшінші тағамдар). Содан соң олар өз жұмыстарын ретімен бөліп алып, алдымен ол не істейтінін, содан кейін нені дайындайтынын т.б. айтады. Мысалы, аспаз алдымен сорпаны, кейін бұқтырылған етті, артынан компотты дайындайды. Компот суығанша, салат әзірлейді. Ойынға керек заттардың суретін, ал уақыт болса, тағамдардың суретін салуға ұсыныс жасаңыз. Егер сізде оқушылардың өздері ойлап тапқан тағамдардың суреттері болмаса, олардың атауын жазып қоюды ұсыныңыз. Тапсырма кезінде ламинатталған қағаз парақтары мен маркерлерді қолданыңыз. Оқушылар­ топтағы рөлдерін өздері бөліп алады.


Тапсырманы­ орындағаннан кейін бар­ лық топ ас мәзірлерін таныстырсын. Сабақтағы тірек сөздерді қолдануға жағдай жасаңыз. Оқиғаларды өту кезеңі бойынша орналастыру деген ұғым түсінікті болу үшін алдымен (бұрын), содан кейін (артынан) не болатынын еске түсірсін және қорытынды жа­ сай отырып нәтижесін шығарыңыз. Оқушылардың назарын мынаған аударыңыз. Олар тапсырманы­ орындап жатқанда өзіңіздің қандай іс-әрекеттерді­ орындағаныңызды (бірнеше іс-әрекеттерді) атап беріңіз. Осы оқиғалардың барлығына­ уақыт кетті. Жаңа ұғымды оқулық пен жұмыс дәптеріндегі жат­ тығулармен бекітіңіз.
Алма қалай өседі? Тапсырманы жалпы сынып­ пен орындатыңыз. “Алғашында не? Содан кейін ше?” ойынын тапсырманы орындауға дайындық­ мақсатында жүргізіңіз. Заттардың суретін көрсе­тіңіз,­ ал оқушылар сол суреттер бойынша әңгіме құрастыруы тиіс.
— … алғашында жидектерді жинайды, сосын тосап қайнатады;

— … алғашында мәшинені оталдырады, сосын оны жүргізеді;

— … алғашында қоршауды тұрғызады, сосын оны сырлайды және т. с. с.

Оқушылардан оқулықтағы алмаағаштың қалай өсетіні және жеміс беретіні туралы суреттер бо­ йынша әңгіме құрауын сұраңыз. Оқушылар әңгіме­ айту барысында тірек сөздерді қолданады. Олардан­ алманы өсіру үшін қанша уақыт кететінін сұраңыз және олардың ойын, болжамын тыңдаңыз. Нақты қанша жыл кететінін білу шарт емес (шамамен айтса болады).

Күн тәртібі. Жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылардан­ суреттерді ретімен қоюды және ұл баланың­ тәуліктің әр мезгілінде не істегені туралы әңгімелеп­ айтып беруді өтініңіз. Оқушылармен сөй­ лесу барысында “таңертең”, “күндіз”, “кешке”, “түнде” сөздерін қолдана отырып әңгімелесіңіз. Бірақ “тәулік” сөзін қолданбаңыз.

Сөздерді ретімен қойып көр. Оқушылар жұппен талдау жасай отырып, адамдардың нәресте кезінен егде тартқанға дейінгі жасын көрсететін сөздерді ретімен орналастыру керек.

Жауабы:

нәресте, мектеп жасына дейінгі бала, оқушы, ересек адам, егде адам.



Шығарып көр. Берілген тапсырманы топпен орындатыңыз. Оқушылар әртүрлі жемсалғыштарды жасау іс-әрекетінің алгоритмін сипаттап бере алады (ағаштан, пластиктен, қатырма қағаздан және т.б. жасалған жемсалғыш). Олардың идеяларын­ қолпаштап, мадақтаңыз. Оқушыларға өз алгоритм­ дерін таныстырғанда сабақтағы тірек сөздерді қолданудың маңызды болып табылатынын ескерту керек.

Орындап көр. Бұл тапсырманы үйде орындауға беріңіз. Сыныпта оқушылар жауаптарын­ айтқаннан кейін олардың жасаған жұмыстары бойынша көрме ұйымдастырыңыз. Бұл жұмыстарды артынан ата-аналар жиналысы кезінде көрсетуге болады.



Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Бұл айдарда оқушылардың математикалық ұғымдарды сауатты қолдануын қалыптастыруға күш салу керек. Олардың өз іс-әрекеттерін түсіндіргенде тірек сөздерді­ орынды қолдануын қадағалаңыз.

Алдымен не болды? Содан кейін ше? Соңында не шықты? Бұл тапсырмада оқушылар суреттердегі оқиғаларды өту кезеңіне сәйкес нөмірлеп, ретімен жазып шығуы керек.

Жауабы:

І. 1) үйдің сызбасын сызу; 2) үйдің қабырғасын қалау; 3) дайын үй (1, 2, 3); ІІ. 1) қоспалар; 2) қамыр; 3) торт (1, 2, 3).

Оқиғалар реті. Берілген тапсырма тәулік бойындағы оқиғалардың бірінен кейін бірін ретімен жазуға арналған. Оқушылар әрбір суреттің астына оның реттік нөмірін қоюы керек.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойын­ ша өз-өзін бағалатыңыз.




Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

уақытты жаңа шама ретінде танып, ол туралы алғашқы түсінік қалыптастырады;

қандай да бір оқиғаның ұзақтығы туралы айту уақыт туралы сөз ету екенін түсінеді;

олар оқиғаларды өту кезеңіне қарай ретімен дұрыс қойып үйренеді.

Оқушылардың сабақты меңгергенін тексеру үшін мына сұрақтар бойынша қалыптастырушы­ бағалау жұмысын өткізіңіз:

— сендер туғаннан бері қанша уақыт өтті? (Оқушылар өздерінің неше жаста екенін айтады.)

— Біз “бір минут күте тұршы” деп айтамыз. Сендер осыны қалай түсінесіңдер? Қанша күту керек: көп пе, әлде аз ба?

— Сендер қалай ойлайсыңдар, бір күнде 10 см-ге өсу мүмкін бе? Неге?

— Оқиғаларды ретімен орналастыр: жұлдыз­ құрт, көбелек, қуыршақ.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өз-өзін бағалатыңыз.



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________




Сабақ тақырыбы:

Минут

Мектеп:

Күні :




Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

уақытты бағдарлайды: минут, сағат, күн, апта, ай туралы білімді меңгереді.

алған білімді өмірде қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет