Сабақ Тақырыбы: Шаруашылық нысандарының азаматтық қорғанысы



Дата13.02.2017
өлшемі15,47 Kb.
#9145
түріСабақ

“Ұрбұлақ” шағын жинақты жалпы орта мектебі

  • Ашық сабақ
  • Тақырыбы: Шаруашылық нысандарының азаматтық қорғанысы
  • Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі: Б.М.Момышев
  • Сыныбы: 11
  • 2012-2013 оқу жылы
  • Сабақтың мақсаты:
  • Оқушыларға азаматтық қорғаныс туралы жалпы мағлұмат беру.
  • Азаматтық қорғаныстың қазіргі өмірде маныздылығын таныту.

Сабақ барысы:

  • І. Ұйымдастыру кезеңі
  • ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
  • а) Тест тапсырмасы
  • ә) Сұрақ-жауап (Ой толғау)
  • ІІІ. Жаңа сабақ
  • а) Ой қозғау (Білемін)
  • ә) Мағынаны ашу (Білгім келеді)
  • б) Ой қорыту (Білдім)
  • ІV. Жаңа сабақты бекіту:
  • а) Венн диаграммасы
  • ә) Кім тапқыр? (Сұрақ-жауап)
  • V. Қорытынды
  • VІ. Үйге тапсырма
  • VІІ. Бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасының тақырыбы: Жергілікті жерде карта көмегімен қозғалу тәсілдері

Тест тапсырмасы

1. Жол бойымен қозғалыс 2. Жолдан тыс қозғалыс жасау 3. Жабық жерлерде қозғалыс 4. Түнгі қозғалыс

Сұрақ-жауап (Ой толғау)

ІІІ. Жаңа сабақ

Тақырыбы: Шаруашылық нысандарының азаматтық қорғанысы.

Ой қозғау (Білемін)

  • АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС –ХАЛЫҚТЫ, ШАРУАШЫЛЫҚ НЫСАНДАРДЫ, АУМАҚТЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАҢҒЫ ЗАҚЫМДАНУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЗАҚЫМДАНУ (ҚИРАТУ) ФАКТОРЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІНЕН, ТАБИҒИ ЖӘНЕ ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДАН ҚОРҒАУ МАҚСАТЫНДА БЕЙБІТ ЖӘНЕ СОҒЫС УАҚЫТЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН ЖАЛПЫ МЕМЛЕКЕТТІК ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ
  • Қазіргі заманғы зақымдау құралдары:
  • Ядролық қару.
  • Химиялық қару.
  • Биологиялық қару.
  • Ядролық жарылыс кезінде лезде бөлініп
  • шығатын, ішкі ядролық қуатты пайдалану
  • негізінде әрекет ететін қару - ядролық қару деп аталады.
  • Химиялық қару – ұрыстық улы химиялық
  • заттарды (ҰУХЗ) қолдануға негізделген жаппай
  • зақымдау құралдарының бірі.
  • Биологиялық қару – биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ – дәрілер мен ұрыс аспаптары.
  • Ядролық жарылыстар

Биік ауадағы жарылыс

Жер бетіндегі жарылыс

Су бетіндегі жарылыс

Су астындағы жарылыс

  • ТАБИҒИ СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР:
  • Жер сілкінісі.
  • Су тасқыны.
  • Дауыл.
  • Қар көшкіні
  • Созақ ауданында болған дауылдың салдарынан білім мекемелеріндегі көріністер

ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР:

  • ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР:
  • Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар дегеніміз адамдардың өз қолдарымен жасалып жаткан апаттар мен қирауларды айтады. Оның түрлері: - Өндіріс орындарында болатын апаттар (зауыт-тарда, шахталарда және т.с.с). - Көлік жүйесіндегі апаттар. - Түрлі жарылыстар мен өрттер (өндіріс орын-дарында, мұнай, газ құбырларында, энергия жүйесінде, коммуналдық жүйеде және т.с.с).

  • Азаматтық қорғаныстың негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
  •       1) Басқару: құлақтандыру және байланыс жүйелерiн ұйымдастыру, дамыту және оларды ұдайы әзiрлiкте ұстау;
  •       2) Азаматтық қорғаныс күштерiн құру: дайындау және төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимыл жасауға ұдайы әзiрлiкте ұстау;
  •       3) Қорғану құрылыстары: жеке қорғану құралдарының және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкiнiң қорларын жинау және әзiрлiкте ұстау;
  •       4) Халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау: орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға адамдардың өмiрi мен денсаулығына төнген қатер және орын алып отырған жағдайда iс-қимыл жасау тәртiбi туралы хабарлау;
  •       5) Іздеу-құтқару жұмыстары: шұғыл жұмыстарды жүргiзу, зардап шеккен халықтың тiршiлiгiн және оларды қауiптi аймақтардан эвакуациялауды ұйымдастыру;
  •       6) Азық-түлiк, су көздерiн індеттерден қорғау: тамақ шикiзаттарын, жемшөптi, мал және өсiмдiктердi радиоактивтiк, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) уланудан, мал және өсiмдiк iндеттерiнен қорғану

  • Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың
  • принциптерi мен тәртiбi:
  •       Азаматтық қорғаныс республиканың бүкiл аумағында аумақтық-өндiрiстiк принцип бойынша ұйымдастырылады.
  •       Азаматтық қорғаныс бойынша дайындық осы заманғы зақымдау құралдарының дамуы және аталған аумақта, салада немесе ұйымда барынша ықтимал төтенше жағдайлар ескерiле отырып, алдын ала жүргiзiледi.
  •       Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдарының және ұйымдардың басшылары жауапты болады.
  •     
  • Слайд №4
  • АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
  • (аумақтық-өндірістік принципі бойынша ұйымдастырылады)
  • ҚР Төтенше жағдайлар министрі
  • – ҚР АҚ штаб бастығы
  • АҚ аудандық бөлімдері
  • Қазақстан Республикасында АҚ жалпы басшылықты жүзеге асырады
  • ҚР аумағында АҚ ұйымдастыру және жүргізу – мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі және
  • қорғаныс іс-шараларының құрамдас бөлігі болып табылады
  • ҚР ПР Е М Ь Е Р – М И Н И С Т РІ
  • аумақтық органдары -
  • облыстардың төтенше жағдайлар
  • департаменті
  • Білім беру мекемелеріндегі Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру кестесі
  • Азаматтық қорғаныстың бастығы
  • Азаматтық қорғаныстың штаб бастығы
  • Барлау тобы. Радиациялық және химиялық бақылау посты
  • Құтқару тобы.
  • Санитарлық дружиналар мен постылар
  • Қоғамдық тәртіпті сақтау тобы
  • Байланыс тобы
  • Апатты – техникалық тобы
  • Паналар мен тасаларға күтім жасау тобы

ІV. Жаңа сабақты бекіту

Венн диаграммасы

Кім тапқыр?

БЕКІТУ СҰРАҚТАРЫ

  • Азаматтық қорғаныс дегеніміз не?
  • Нысандарда АҚ қалай ұйымдастырылады?
  • АҚ ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері.
  • Нысандарда қандай құрылымдар құрылады және олардың атқаратын міндеттері қандай?
  • Жаппай қырып жою қаруларын ата.
  • Табиғи және техногенді төтенше жағдайлар дегеніміз не?

V. Қорытынды

Мектеп оқушысы мыналарды білуге тиісті

  • Төтенше жағдай болу қатері кезінде дұрыс қимылдау
  • Жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын пайдалану
  • Тыныс органдарын қорғайтын қарапайым құралдар жасау
  • Тамақ өнімдері мен ауызсуды зақымданудан сақтау
  • Азаматтық қорғаныс іс –шараларын тез және сенімді орындау
  • Зақымданғандар мен жараланғандарға алғашқы көмек көрсету

VІ. Үйге тапсырма §1 Шаруашылық нысандарының азаматтық қорғанысы

VІІ. Бағалау

  • Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет