Сабақ тақырыбы Үшбұрыш және оның түрлері



Дата03.12.2019
өлшемі76,35 Kb.
#52930
түріСабақ
Байланысты:
1 Үшбұрыштың анықтамасы.Үшбұрыштың түрлері.


Бөлім: 7.2В Үшбұрыштар

Мектеп: Жамбыл орта мектебі

Күні: 08.10.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Кебек Ақмарал

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үшбұрыш және оның түрлері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.5

үшбұрыштың анықтамасын біледі, оның түрлерін ажыратады;





Сабақ мақсаттары

Үшбұрыш анықтамасын біледі және үшбұрыш түрлерін ажырата алады. Үшбұрыш түрлерінің ерекшеліктерін есептер шығаруда қолдана біледі.

Бағалау

критерийлері

Үшбұрыш анықтамасын біледі;

Үшбұрыш түлерін анықтай алады.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- есептің шығару жолын түсіндіре алады;

- бөлімнің ұғымдары мен терминдерін түсінеді және қолданады;

Лексика және терминология

- сүйір бұрышты, доғал бұрышты, тікбұрышты үшбұрыштар;

- теңқабырғалы, теңбүйірлі, қабырғалары әр түрлі үшбұрыштар;

- үшбұрыштың элементтері;

- катет, гипотенуза;

- табаны, бүйір қабырғасы;

- қабырғалар арасындағы бұрыш;

- қабырғаға іргелес жатқан бұрыш;

- қарсы жатқан бұрыш;

- бұрышқа іргелес жатқан катет, бұрышқа қарсы жатқан катет;



Құндылықтарды

дарыту

Оқушыларға өз ойларын ашық жеткізуді үйрете отырып, ашықтық құндылығын оқушылар бойында дарыту.

Пәнаралық

байланыстар

география

АКТ қолдану

дағдылары

Тақта, оқулық

Бастапқы білім

Парралель түзулер, перпендикуляр түзулер, бұрыштар…

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы



І Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.



Оқушы көңілін сабаққа аудару.

Ой қозғау.
Төмендегі фигуралар ішінен
үшбұрышты көрсетіңіз






Сабақтың ортасы


  • Қандай фигура үшбұрыш деп аталады?

Үшбұрыш деп бір түзуде жатпайтын үш нүктеден және осы нүктелерді қос-қостан қосатын үш кесіндіден тұратын фигураны атайды.

Нүктелер үшбұрыштың төбелері, ал кесінділер қабырғалары деп аталады. Үшбұрыш былай белгіленеді:



Δ АВС

Үшбұрыш төбелері: А; В; С

Үшбұрыш қабырғалары: АВ; ВС; АС.

Үшбұрыштың қабырғаларының белгіленуі



Үшбұрыштың қабырғаларын латынның кіші әріптерімен белгілейді.

Тең қабырғалы үшбұрыш



  • Анықтама:

Егер үшбұрыштың барлық қабырғалы тең болса онда ол тең қабрғалы үшбұрыш деп аталады

Тапсырма1

Берілгені:

Р АВС = 30 см.

АС = 8 см

Табу керек: АВ.



Шешімі:


Р = АС + ВС + АВ

АВ = Р – (АС + ВС) = 30 – (8 +8) = 14 (см) қабырғасының ұзындығы АВ.

Жауабы: 14 см.

Тапсырма 2

Берілгені:

Р АВС = 18 см.

АВ = 4 см

________


Табу керек: АС және ВС

Р = АС + ВС + АВ

АС = ВС = (Р - АВ): 2 = (18 - 4):2 = 7 (см) қабырғасының ұзындығы АС және ВС.

Жауабы: 7 см.

Берілгені:

АС = 5 см

АВ = 3 см

______________

Табу керек Р.

Шешуі:


Р = АС + ВС + АВ

Р = 5 + 5 + 3 = 13 (см) үшбұрыштың периметрі .

Жауабы: 13 см.

Оқулықтан №






Сабақтың соңы


Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

- үй жұмысына бағыт беру





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады



Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет