Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»


Мақсаты: ақын өмірі, шығармашылығы жайлы білімдерін кеңейт Шығармаларының негізгі тақырыптарын мәнін анықтату



бет6/9
Дата28.01.2018
өлшемі2,07 Mb.
#34081
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мақсаты: ақын өмірі, шығармашылығы жайлы білімдерін кеңейт Шығармаларының негізгі тақырыптарын мәнін анықтату.
С. түрі : жаңа білім беру сабағы

С.әдісі: дәріс сабағы , мәнерлеп оқу, талдау, мазмұндау, топтастыру

Көрнекіліктер: ақын суреті, деректер

Қосымша деректер бойынша жұмыс


  1. Әбу-Л-Хасан Рудаки, Әбу Абдаллах (Әбу-л-Хасан) Жафар Рудаки (860 ж.ш., қазіргі Тәжікстан республикасы, Пенжикент ауд. Рудаки қыстағы — 941, сонда) — тәжік классикалық әдебиетінің негізін салушы, философ.

  2. Заманында “Ақындар атасы” атанған.

  3. Туындыларының ішінен бізге жеткені “Шарап туралы” қасида, “Кәрілік туралы” ода, 40-қа жуық әр түрлі жанрдағы жырлар. Шығармаларының негізгі идеясы — адам өмірін жырлау.

  4. Бұл дәстүр өзінен кейінгі шығыс әдебиетіне зор әсер етті.

  5. Ә. Р. өмірдің сәнді, салтанатты жағын, жақсылықты, кіршіксіз таза махаббатты мадақтады, адам бойындағы асыл қасиетті жырлады.

  6. Ә. Р. өлеңдері қазақ жұртшылығына ертеден таныс.

  7. Ақынның гуманистік сарындағы шығармалары Абай Құнанбаевқа үлкен ықпал жасады.

  8. Ә. Р. шығармаларын зерттеуге қазақ ғалымдары Т. Нұртазин, Р. Бердібаев елеулі үлес қосты.

  9. Ә. Р-дың өлеңдері Қ. Бекхожин, Ғ. Орманов, Т. Жароков, Т. Шопашев, Қ. Жұмағалиевтердің аудармасы арқылы қазақ тілінде жеке кітап болып шықты .



Мәтінмен жұмыс.

1.Ақының өлеңдерін мәнерлеп оқу

2. Ақын көтерген негізгі мәселелерді топтастыру.

3.Өмір жайлы өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау



теңеу

эпитет

метафора










4.Түсіндірме сөздікпен жұмыс жаса

5. Шығармашылық тапсырма. «Өмір» дегенді өзің қалай түсінесің? Өз ойыңды еркін жаз

6. Өлеңдерінен ақынның келер ұрпаққа айтар өсиетін, ақылын тауып оқы

7.Дана болсаң –қатал саған тағдыр да,

Буырқанып қал, аяғыңнан шалдырма-деген өлең жолдарының мағынасын ұғындыр.

Қорытынды: Ақын өлеңдерінің тәрбиелік маңызы неде? Мысалмен дәлелде.

Үйге: Өлеңдерін жаттау. Қосымша деерктер жинау

Сабақ №9

Тақырыбы : Омар Һәйәмнің рубаилары

Мақсаты: ақын өмірі, шығармашылығы жайлы білімдерін кеңейту.

Өлеңдерінің мәні мен мағынасын таныту.Ақын шығармашылығында көтерілген мәселелер негізінде оқушылардың бойына адамгершілік, жақсылық қасиеттерді сіңіру



С.түрі: жаңа білім беру

С.әдісі: сұрақ, жазбаша, талдау, топтастыру, мәнерлеп оқу,

Көрнекіліктер. Әр түрлі деректер, ақынның бейнесі


С. барысы:

Ұйымдастыру.

Үйтапсырмасын сұрау, пысықтау

Жаңа тақырып. Омар Һәйәмнің рубаилары



Сұрақ: Омар Һәйәм туралы естігеніміз бар ма, ол туралы не білеміз?(оқулықта келтірілген деректер бойынша жұмыс жасату)

  1. Өмірбаяны

  2. Алған білімі

  3. Еңбектері

  4. Рубаилары

  5. Шығармаларының тақырыптары (тірек сызбаға толтыру)


Қосымша деректер
Омар Хайям - парсы математигі, астрономы, ақын, философы (толық аты — Абу-ль-Фатх Омар ибн Ибрахим аль-Хайям) шамамен 1048 жылы Хорасанның Нишапур қаласында дүниеге келген, әрі сонда қайтыс болған. Жас кезінде жақсы отбасының тәрбиесінде болған, әрі өлеңге құмартып өскен, оның кейбір өлеңдері осы күнге дейін жеткен. Нишапурда жүмыс атқарған кезінде, сол кездегі оқымыстылармен бірлесіп сол замандағы күнтізбеге өзгерістер енгізген.

Оның ең негізгі еңбегі «Алгебра мәселелерінің дәлелі» атты кітап. Бұл кітаптың арабша қолжазбасы мен латынша аударма нұсқасы сақталған, әрі қазір көптеген шет тілдеріне аударлып басылды. Осы кітапта алгебраға "теңдеу шешетін ғылым" деген анықтама берген, бұл анықтама 19-ғасырдың соңына дейін сақталып келді. Кітапта тағыда тұңғыш рет өзі ашқан көнуыстық қисықтардың көмегімен үшінші дәрежелі теңдеуді шешудің әдісі берілді, бұл алгебра мен геометрияны біріктрген керемет әдіс еді. Ол тағыда екімұшеліктердің жаймасын, тарқату әдісін да зеріттеген. Евклидтің кітабын аударып және оған түініктеме берген. Оның «Еуклидтің геометрияның бастамалары кітабындағы қиын формулаларға түсініктеме» атты кітабы шығыс математикасының дамуына ерекше рөл атқарған


Өмірбаяны
Әкесі Ибраһим лашық үй жасаумен шұғылданған, “һайям” – осы кәсіпке байланысты туған атау.

Ғұмыры Балх, Самарқанд, Мерв, Исфаһан, т.б. қалаларда өткен. Әйгілі ғұламалардан дәріс алып, Аристотель мен ибн Синаның философиялық көзқарастарын қолдаған.

Араб, парсы тілдерін қатар меңгерген ол “Болмыс және борыш туралы трактат” (1080), “Үш сауалға жауап”, “Жалпы ғылыми пән туралы ақылдың нұры”, “Өмір сүру туралы трактат” (1980 – 91), “Наурызнама” (1095 – 98), “Өмір сүрудің жалпылық қасиеті туралы трактат” (1105 – 10), т.б. философиялық еңбектер жазды.

Салжұқ сұлтанының тапсыруымен күнтізбеге реформа жасады. Бұл күнтізбе бойынша әрбір 33 жылда 8 кібісе 7 рет 4 жыл сайын, 1 рет 5 жылдан кейін болады. Оның жыл санауы Григорий күнтізбесінен анағұрлым дәл. Омар Һайям еңбектерінің басым бөлігі математика ғылымының үлесінде. “Алгебра және әлмұқабала мәселелерін дәлелдеу туралы” трактатында математикалық тарихында тұңғыш рет үшінші дәрежелі теңдеулерді саралап, оларды шешудің жүйесін жасауға талпынды, куб теңдеулердің әр түрінің (барлығы 19) түбірін геометриялық тәсілмен шешуді ұсынды. Үш кітаптан тұратын “Евклид еңбектеріндегі қиын тұжырымдарға түсініктеме” зерттеуінің “Параллель түзулердің шын мәні туралы” деп аталатын бірінші кітабында Евклид ұғымына дәл келетін параллель түзулердің жаңа теориясы баяндалған.



Омар Һайям медицина, музыкалық теориясымен де шұғылданды.
Омар Һәйәмнің әулиелігі
Әйгілі шығыс ақыны Омар Һәйәм Низами Арузи деген жан досына бір көңілді отырыстың үстінде өз мәйітінің жылына екі рет гүл шашатын жерге орналасатындығын айтып қалады. Бірақ айтылған сөз айтылып кетті, оған ол кезде ешкім де мән бермеген шығар. Алайда жиырма үш жылдан кейін ақын дүние салғанда әлгі досы қабірдің басына барып Құран оқиды. Ол қабір көркемдікке көмілген Нишапурдағы миуа бағының іргесінде орналасқан болатын.
Рубаи-төрт жолды өлең. Тағандарының ерекшеліктері

  1. Омар Һайям әлемге аян төрт тағандардың (рубай) авторы.

  2. Өлеңдерін парсы тілінде жазды, оның ақындығын алғаш таныған (1176) ғалым Байхаки еді.

  3. Ақын өмір мен өлім, жақсы мен жаман, жұмақ пен тозақ, қанағат пен обырлық, жастық пен кәрілік, махаббат пен зұлымдық, құштарлық пен тақуалық парқын төрт жолдан тұратын өлеңге сыйғызды.

  4. Оның рубайлары адамгершілік ұстанымдарға негізделген, ол әділетсіздікке қарсылық білдірді, қоршаған ортаға сын көзімен қарап, озық ойларын батыл айта білді.

  5. Өз ойын жеткізу үшін белгілі дәрежеде бейнелеу тәсілдерін қолданды. Мысалы, құмыра, пияла, дүкен, шеберхананы жырлау арқылы жаратушы мен әлемнің, адамның арақатынасын сипаттаса, адам мүрдесі топыраққа айналған жерден өсіп шыққан гүлді өмір мен материяның мәңгілік құбылысы ретінде бейнеледі.

  6. Ақын өлеңдерінде махаббатты жырлау арқылы метафоралық терең ой тұжырымдалды.

  7. Оның өлеңдерінен ақиқатқа талпыныс, тіршіліктің мәнін парықтау мен енжарлықты, екіжүзділікті әжуәлау сарыны байқалады.

  8. Омар Һайям өлеңдері аз сөзбен келелі ой айтуымен, қарапайым сөздердің өзара жарасымды үйлесім тауып, әуезді болып келуімен ерекшеленді.

  9. 19 ғасырда Э.Фицджеральд ақын өлеңдерін ағылшын тіліне аударды (1859). Бұл аударманы ғалым Теннисон “жаңадан ашылған планетаға” теңесе, кей ғалымдар тақырып әуендерін өзінше өзгертіп, кейде қосымшалар енгізіп жіберген деген пікір айтады (Идрис Шах “Суфизм”, М., 1994, 193 – 201-б.). Омар Һайям рубайларының І.Шаңғытбаев аударған нұсқасы (325 рубай) 1965 жылы жеке кітап болып шықты. Ө.Күмісбаев “Иранбақтың бұлбұлдары” атты жинағында бірнеше шығыс ақындарымен қатар Омар Һайям өлеңдерін аударды (2004). Омар Һайямның кесенесі Нишапур қаласында орналасқан


Ақын зираты



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет