Қосымша мәліметтер
Дағыстан елі Ресей Федерациясының құрамына кіретін автономиялық мемлекет. Ол Солтүстік Кавказда орналасқан. Астанасы - Махачкала. Территориясы Ресей Федерациясының 3,5 % алып жатыр. Дағыстанда 102 ұлт бар. Олар: лезгин, ноғай, орыс, украин, еврей, авар т.б. Ұлттардың ішінде ең көбі – аварлар. Онда 577 мың авар тұрады. Аварлар Дағыстан халқының 27 % құрайды.
Орындалатын тапсырмалар
4. Сөздікпен жұмыс
Революция – көтеріліс, төңкеріс
Авар – Дағыстанда тұратын халық
Париж – Францияның астанасы
5. Кітаппен жұмыс
А) Италияда қалып қойған суретші жігіттің картинасында қандай аңыз бейнеленген?
Ә) Суретші еліне неге қайтқысы келмейді?
Б) Суретшінің шешесі Расул Гамзатовтан не сұрады?
Достарыңызбен бөлісу: |