Сабақтың тақырыбы: Ш.Айтматов «Найман – Ана»
(«Ғасырдан да ұзақ күн» романынан үзінді). Ана трагедиясы. Мәңгүрт ұлдың тағдыры
(2 сағат)
Сабақтың мақсаты: Ш.Айтматовтың романынан алынған үзіндінің
мазмұнымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбымен жазушының идеялық мұратын оқушыға жан-жақты меңгерту.
Танымдық қызығушылығын, шығармашылық,
ой-талдауға бейімділігін, өзіндік сын, көз-қарасын дамыту оқушының жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылықпен айналыса білетін тұлға қалыптастыру.
Ел тарихын, әдебиетін білуге, оны құрметтеуге,
ұлылардың даналық сөздерінен өнеге алуға, адамгершілікке, адалдыққа, имандылыққа, ізгілікке, ар мен жан тазалығын жоғары қоя білуге тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |