Сабақ тақырыбы: Шешендік өнер Сабақтың мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі43,63 Kb.
#31165
түріСабақ
Қайырханова Ғалия Иманқұлқызы
Ақтөбе қаласы,

Ақтөбе Мұнай және Газ колледжінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы

Сабақ тақырыбы: Шешендік өнер

Сабақтың мақсаты:

а) Шешендік сөз туралы түсінік бере отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, негізгі мәселелерге көңіл бөлуге үйрету;


ә) Сауаттылыққа баулу, алған білімі негізінде шығармашылық қабілетін дамыту;
б) Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Түйінді идея: Шешендік өнерге баулу
Сабақта қолданылатын материалдар: интерактивті тақта, презентация, оқулық, т.б
Оқыту әдістері: сұрақ- жауап, диалог.
Жаңа әдістер: кубизм: топтастыру, салыстыру, зерттеу, ой қорыту, АКТ, СТО
Дерек көздері: Шешендік өнер тақырыбына арналған материалдар:
Шешендік сөздер 
Қазақ тілінен оқушы анықтамалығы
Википедия ашық энциклопедиясы

Қызығушылықты ояту сатысы:

  1. Ой қозғаушы

Өмір-мәңгі, уақыт-мүмкін, елес,

Кел, болашақ! Сауық құр күлкіңе көш!

Бір күн шықса, бір күннің батуы анық,

Екі күннің тұруы мүмкін емес! – деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай, сөз құдіретінің мәнін түсініп, әдемі де әдепті, сұлу да ойлы сөйлей білуге үйренейік!

Әрине, әдеби сөйлеудің негізгі бұлағы –кітап. Ендеше сендер, кітапты жай оқып қоймай, ондағы сөз, сөйлемдерге назар аударыңдар. Қазіргі сәттен бастап осы сөздің сыры өз қолдарыңда. Қәне, ми қыртыстарын іске қосамыз.


  1. Кубизм

Тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы.

Кубиктің төрт қыры бар.




  1. Топтастыру. Тақырыпты ашу.

  2. Суреттеңіз. Қолданыңыз.

  3. Салыстырыңыз. Бұл туралы ойлағанда көзіңізге не елестейді.

  4. Зерттеңіз. Қолданыңыз не қарсы шығыңыз.

Топтастыру әдісі.

Оқушы жаңа идеяларды жинақтап бір-бірімен сабақтастырады. Ой тудыруды күшейту үшін, әртүрлі елгідегі қағаздарды үлестір.

«Шешендік сөз өнері» тақырыбына байланысты ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза беріңіз. (топпен жұмыс жүргізіледі.)

Орфографиялық ережелерге мән береміз.

Берлген уақыт біткенше топ идеяларды топтастырып жазады.

Топ мүшелері ойын қорытып, жазғандарын тақтаға іледі. Әр топтың лидері шығып, шешен және шешендік сөздердің анықтамасын толық айтып шығады.



Суреттеңіз: (5 минут) кубиктің осы беті түскен сәтте «Шешендік сөз-өнер падишасы» тірек-сызба бойынша шешендік жанрының шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау түрлерін түсіндіреді.
Зерттеңіз: (4-5 минут). Тақырып бойынша оқушылар өз білгендерін ортаға салады. Бұл туралы ойлағанда көз алдыңызға не елестейді. (Қиял дүниесімен болжайды). Зерттеушілер тобынан төмендегіше сұрақтар қойылады:

Қазақ халқы шешенді неліктен дана деп санаған.

«Өнер алды қызыл тіл» деген мақал мәнін қалай түсінесің.

Шешеннің жүйрік ой-толғауы тыңдаушы талғамына тәуелді ме.

Қолданыңыз не қарсы шығыңыз. Сұрақтар төңірегінде ой бөліседі.

Сөз қадірін білген, біреудің айтайын деген ойын емеурінінен таныған, халықтың қазіргі ұрпағының сөйлеу дәрежесі қандай.

Шешен нені біліп, неден сақтануы керек.
Салыстырыңыз: Жоңғар басқыншыларына қарсы бүкіл қазақ халқының азаттық күресін ұйымдастырушы Төле, Қазыбек, Әйтеке шешендер еңбегін

2 Филипп патша басқыншыларына қарсы Афин азаматтарының күресін ұйымдастырған Цицеронның азаттық миссияларымен салыстырады.

4.Адамтану диаграммасы

Вен диаграммасына сүйене отырып, көбелек бейнесінде кескіндедік. Әрине, шешендік өнер-адамтану өнерімен шендеседі. Өйткені, сөз білу- адамтану ғылымын жүйрік меңгерумен байланысты, өз болмысын терең таныған адам, өзгенің де ерекшелігін жіті көреді.


3. Түсініктеме күнделігі.

Шешендік сөздерден мысалдар келтіре отырып, «сөз саптау» үлгілеріне талдау жасайды.


4. Сергіту сәті. (мақалмен жауап)

  1. Әзіл сұрақтар:

  1. Түкіріктен көл құрала ма?

  2. Қар жана ма?

  3. Тауық түс көре ме?

  4. Адамда арқау бола ма?

  5. Қандай бас аяққа тыным бермейді?

  6. Бес ешкісі бар кісінің өзге қызметі бола ма?



  1. «Тіл + химия» тапсырмасын орындайды. (Формуланы сөзге айналдырып жазу керек).

Бұл H2O туған жердікі болған соң ба, өзгеше дәмді көрінді. Мұғалім қолындағы ақ CaCO3 маған аппақ көбелектей көрініп, ұстағым келіп, қызығып кеттім. Құрамында NaCl жоқ болғандықтан не ішіп, не қойғанымызды сезіне алмадық. Cu тиындар – тарихтың қоржынынан түскен таңғажайыптар. Hg бағаны жылылық деңгейін көрсетуде.
5.Бес жолдан тұратын қорытындылау тақпағы.

Жаңа тақырыпты қорытындылауға құрылады:

Зат есім: Шешен

Сын есім: Шешендік сөз

Етістік: Айтысады. Тартысады. Шешіледі.

Сезіну: Шешендік сөз-ұлттық өнер



Синоним: Шешендік сөз – ұлттық өнер падишасы.
Үш топ талдайды.
6.Ой-толғаныс. Үйге тапсырма.

«Шешендік сөз – өнер падишасы» тақырыбында шығарма жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет