Сабақтың тақырыбы.



бет1/2
Дата06.12.2016
өлшемі295,32 Kb.
#3318
түріСабақ
  1   2

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы С. Әлиев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Досмайыл Замира Иманқұлқызы

Сабақтың тақырыбы. «Туған ел» С. Сейфуллин Сабақтың мақсаты: оқушылардың туған жер, туған ел, Отан туралы түсініктерін қалыптастыру. С. Сейфуллин өмірбаянымен таныстыру, өлеңді мәнерлеп оқуға, салыстыра білуге үйрету. Дамытушылығы: топпен жұмыс істеу арқылы ой-өрістерін, тіл байлықтарын дамыта отырып, өз бетінше жұмыстануға, мәнерлеп оқу, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыру. Тәрбиелігі: өзінің туған жеріне деген ыстық сезімін ояту. Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту. Көрнекілігі: туған жердің табиғаты, С. Сейфуллин суреті, үлестірмелер. Әдіс-тәсілдері: сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы Нәтижесі: Оқушылардың туған жер, туған ел, Отан туралы түсініктері қалыптасады. С. Сейфуллин өмірбаянымен танысады, өлеңді мәнерлеп оқуға, салыстыра білуге үйренеді.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Топтастыру: «Сақина» әдісі

1-топ: «Қыс» 2-топ: «Көктем» 3-топ: «Жаз» 4-топ: «Күз»

Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз Үлкендерді құрметтеп, Бас иеміз біз. -Балалар біз сабаққа дайынбыз ба?

Дайынбыз біз бәріне, Үйренеміз әлі де.

-Балалар бүгінгі сабақта топ болып, бірлесіп, достасып жұмыс жасаймыз. (Топ ережесімен таныстырып өту) II. Үй тапсырмасын пысықтау 1-топ: «Үш бақытым» өлеңінің мағынасын түсіндіреді және ақын М. Мақатаев жайында түсініктеме береді. 2-топ: «Туған тілім» өлеңінің мағынасын түсіндіреді және ақын Д. Әбілев жайында түсініктеме береді . 3-топ: «Үш бақытым» өлеңін жатқа жаз. 4-топ: «Туған тілім» өлеңін жатқа жаз. -Балалар екі өлеңді талқыладық. Бұл екі өлеңнің нег ізгі ойлары ұқсас па? (Екі өлеңде де құдіретті тіл жайында) -Екі өлеңнің айырмашылығы неде?

(Үш бақытым» өлеңінде халқы, Отаны, тіл туралы айтса, «Тілім менің» өлеңінде ақын барлық тіршілік иесінің өз тілі бар екендігін айтады)

III. Жаңа сабақ Қызығушылығын ояту

«Кім көп біледі» ойыны Шарты: «Отан» «Тіл» туралы мақал-мәтел жазудан жарысады. (мақал-мәтелдің санына қарай топқа баға беріледі) –Отан дегеніміз не? Топтастыру

Атамекен




отан

Жер-Ана Отбасы


Туған жер Туған ел

Әр топтан бір оқушы қорытып айтады. Тақырыбы мен мақсатымен таныстыру -Олай болса балалар бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Туған ел» деп аталады.



ББҮ – кестесімен таныстыру. Әр топқа бір үлестірмеден беріледі.

Білемін

Білгім келеді?

Үйрендім










Еркін жазу әдісі бойынша «Білемін» деген бөлігіне «Туған ел» туралы білетіндерін жазып оқиды.

-Балалар біз қай елде тұрамыз? Қазақстан Республикасында. –Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? (Тәуелсіз) -Біз тәуелсіздігімізді қай жылы алдық? (1991жылы 16 – желтоқсанда)

-Елбасымыз кім? Н. Ә. Назарбаев - Қазақстан Республикасының рәміздері қай жылы қабылданды? IV. Мағынаны тану кезеңі: Оқулықпен жұмыс

С. Сейфуллин өмірбаяны жазылған үлестірме таратамын. Ақын өмірбаянымен балалар өз бетінше оқып танысады. 1, 2-топтар: Үлестірме мен суреттер топтамасын пайдалана отырып С. Сейфуллин туралы әңгімелейді. 3, 4 – топтар: С. Сейфуллин туралы не білесіңдер? Топтастыру

«Туған ел» өлеңін оқушыларға мәнерлеп оқып беремін. 3, 4 оқушы өлеңді дауыстап, мәнерлеп оқу

Сұрақ-жауап арқылы өлеңді талдау. –Бұл өлеңде не туралы айтылады? -Бізді қоршаған ортаны не дейміз? -«Жан беретін, тән беретін, төсің сүтті, бауырың құтты» -деген сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер? -Ақын туған даласын кімге теңейді?

(Оқушылардың пікірі тыңдалады)



Мұғалімнің түсндіруі.

Адам – табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Сондықан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Адам табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі адам өзіне керекті, қоректі заттардың бәрін табиғаттан алады. Сондықтан табиғат пен адамды бөліп қарауға болмайды.

Адамның туған жері, өскен ортасы ерекше ыстық болады.

Ата-бабадан ұрпаққа мұра болып қалған құтты қоныс, қасиетті мекенді атамекен деп атайды.



Суретпен жұмыс.

-Табиғат адамға не береді? -Табиғат-ана деген тіркестегі оймен сурет арасында байланыс бар ма? Төрт топ төрт сурет бойынша «Туған ел» өлеңіне байланыстыра отырып әң-і





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет