Сабақ тақырыбы Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» толғауы



бет3/4
Дата11.02.2018
өлшемі0,52 Mb.
#37568
түріСабақ
1   2   3   4


Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

7 минут


Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылығын ояту

ЖЖ. Оқушылар жұптасып жұмыс жасайды.

Олар: ақынның бейнесі, кітап пен ақшаның суреттері мен қоса зар заман, ақыр заман, тар заман деген сөздер ұсынылады. Берілген суреттер сөйлету арқылы болжам жасайды. Өз ойларын ортаға салып, пікірлесіп бүгінгі сабақтың тақырыбын ашуға жұмыстанады. Яғни, оқушылар сурет пен сөздерде қазақ жеріндегі дәуірдің тарлығы болғандығын, бұрынғы (XIX ғасыр кезеңінде өмір сүрген халықтың жағдайына болжам айта отырып, бүгінгі тақырыпты Қазақстан тарихы пәнімен байланыстыра сөйлейді. Оқушы пікірлері мен айтылған дәлелді ойлары арқылы бүгінгі сабақтың

Тақырыбы мен мақсаты, жетістік критерийлері таныстырылады.

Өзінің ойын көркемдеп, керекті мәліметтермен толықтыра сөйлеген оқушыларға «ЖАРАЙСЫҢ», «КЕРЕМЕТ» деген марапат сөздер тағылады.



МЖ =Мұғалім жасаған

Қазақстан тарихы

XIX ғасыр

I-II ж.ж.

слайд


Сабақтың ортасы

7 минут

8-9 минут

5 минут


5 минут

5 минут


Мағынаны тану

«Сауал –жауап»

Шортанбай Қанайұлы кім?

Оқушылар ментальды картасы арқылы ақынның өмір сүрген ортасы мен жазған еңбектері жайлы болжам арқылы ой деңгейін кеңейтеді.





http://www.bilimland.kz/kk/home#lesson=15759 сілтемесінен Шортанбайдың өмірі мен шығармашылығын тыңдап, сол бойынша тест тапсырмасы беріліп, Онлайн таймер арқылы өтіп шығады.

- «Зар заман» деген қандай заман? Өз көзқарасын 1 ойлы пікір мен 1 нақты дәлел келтіре отырып айту.

- http://www.bilimland.kz/kk/home#lesson=15759.

1-тапсырма. Берілген сөздердің дұрыс, бұрысын белгілейді.

Тез орындаған топтың үстеліне жасыл стикер жапсырылады.

2-3-тапсырма. Ақын өлеңдері 1880 жылы қай қалада баспа бетін көргендігін дәл табу және бірнеше дұрыс жауапты белгілеген оқушы жұлдызшамен бағаланады.



Оқушылар кері байланыс береді:

- Тақырыпқа қатысты өз ойын жеткізуде нақты пікір ұсына білді.

- Зар заманның қандай заман екенін тарихпен байланыстыра сөйлей алды.

- Сөзді шебер әрі ұтымды қолдана білді.

- Ойын білдірді, дегенмен әлі де нақты әрі жинақы сөйлей білсе деген ұсынысым бар.

Сынып алдыңғы, ортаңғы және шеткі деп 3 топқа бөлу.

Әр топқа 8-9 минут дайындық беріледі.

Тапсырма. 1. Алдыңғы топ оқушыларына:

Планшетпен Уикипедия, қазақша ашық энциклопедияға кіріп, Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы деректерді толықтыра отырып іздейді. ( Іздеп, тапқан деректерді дәптерге түсіріп алады). Хронологиялық карта жасайды.

Интернеттен алған мәліметтерін алдыңғы тыңдаған деректермен салыстырып, нақтылайды.

Жаңа дәлелдемелерді тізбектей отырып, хронологиялық карта ретінде «Т» кестесіне орналастырады.

Солардың ішінен ең маңызды 2 мәліметке нақтырақ тоқталып, ол туралы пікірлермен келісу және қарсы болу тәсілдерін дамытады;

Оған таныстырылым жасайды.

Оқушылардың таныстырылымын топтар бағалайды.





Ортаңғы топ оқушылары

http://www.bilimland.kz/kk/home#lesson=15781.

1-тапсырма. Шортанбай Қанайұлының «Бала зары» толғауын тыңдайды. 1 минут. 16 секунд.

Тыңдалым арқылы Шортанбай ақынның толғауында туындаған 2 мәселені жазып алады да, топта талқылайды. Маңызды деген 1-еуіне тоқталып, түсіндіріп өтеді.

Сілтемеден ақынның «Бала зары» толғауында айтылған ойды 1 минут тыңдап, онда туындаған мәселеден қорытынды түйін жасайды.

1-тапсырма. Глоссарий арқылы атқамінер, ғаделет, ғибрат, халал, тәркі, мегежін, мүфти мағынасын біліп алып, дәптерге жазады.



Тапсырмалар. Толғауда кездескен сөздерді сәйкестендіріп әрі бірнеше дұрыс жауабы бар сөздерді тауып белгілейді.

Оқушылар толғауға берілген тест тапсырмасын орындап, өз білімдерін байқатады.

Ақынның «Бала зары» толғауындағы 2 мәселеге дәлелді ой келтіре отырып, сол кездегі қазақ даласындағы жағдаймен байланыстырып, өз көзқарастарын білдіреді.

Оқушылар кері байланыс беру арқылы сабаққа мотивация беріп отырады.



Шеткі топ оқушылары:

http://www.bilimland.kz/kk/content/structure/1141-audiochrestomathy#lesson=7944

Ш. Қанайұлының «Зар заман» толғауын тыңдайды.

- өлеңдердің мазмұнын зерттейді және өз түсініктерін ұсынады;

- өз көзқарасын толықтыру үшін әдеби шығармадан дәлелдемелер пайдаланады және шығармаға қатысты эмпатикалық және сыни сипаттама береді;

- жазушының ойын әдеби шығармада сипатталған кезеңдегі өмірге қатысты байланыстыруды жалғастырады.

- әдеби көркемдегіш және стилистикалық құралдарды қолдануда өз сенімділігін дамытады.

Оқушылар ақын көтерген мәселенің шынайылығына тоқталып дәлелді ой келтіреді. 19-ғасырда қазақ даласындағы кейбір келеңсіз оқиғаларды дәлел етіп алып, нақты мәліметтер келтіруге тырысады.

Оны бүгінгі өмірмен байланыстырады. «Т» кестесін толтыру арқылы Шортанбай өмір сүрген «Зар заман» мен «Қазіргі заманның» маңызды тұстарын тізбектеп креативті ой айтады.

Оқушылар жұмыстарын сынып алдында қорғайды.





Оқушылар бір-біріне кері байланыс арқылы шынайы әрі нақты комментарий берді.
Үйге тапсырма. Ш.Қанайұлының «Зар заман» толғауын толық тыңдайды, толғауда көтерілген мәселелерге 2жабық, 2 ашық сұрақтар дайындап келеді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет