ТРЕНИНГ САБАҚ
Тақырыбы: Сыйлықтар
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал
дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту.
Міндеті: 1. Адам қарым – қатынасындағы достық, сыйластық ұғымы туралы түсінік
беру;
2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету.
3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, ұйымшылдыққа , адалдыққа тәрбиелеу.
БАРЫСЫ:
І. Сәлемдесу.
– Балалар , келіңдер, біздің сүйікті шеңберімізде тұрып бір-бірімізбен амандасайық.
Оқушылар хормен:
Амансың ба, Алтын күн?!
Амансың ба, Көк аспан?!
Амансың ба, Жер-Ана?!
Амансың ба, достарым?!
Сіздерді көрсем қуанам!
ІІ. Шаттық шеңбері.
- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша
өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар «Допты беру» ойыны арқылы бір-біріне
бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін білдіреді.)
Тренинг ережелерімен таныстыру.
1. Бір-біріне сыйлық беру
2. Ұзақ уақыт сөйлемеу.
3. Ұйымшыл болу
Танысу тренингі.
Бір-бірімізге жылы жүрегімізді сыйлай отырып, танысу ( ойыншық жүректі сыйлау)
ІІІ. Кел, ойланайық, пікірлесейік. «Үндемес» ойынын өткізу
1.Берілген бір параққа әр оқушы «Сыйлықты сыйлау» эпизодын үндемей суреттеу
2. Салған суреттеріне топ болып сценарий жазып, көрініс көрсету, қорғау
IV. Мәтінмен жұмыс. «Ойды жалғастыр», миға шабуыл
Сыйластық
Сыйластық – жалпы адамдар, әрине, әркімнен әр түрлі жағдайда сыйласады. Үлкен , дос немесе
құрмет қылуға лайықты адамдар арасында сыйластық әр түрлі болады .Сыйластық жалпылай
түсінікте біреуге деген жылы ілтипаты мен ықыласы болу керек
Сыйлық беру- ..........................
1. Сыйластық дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Сый , құрмет қандай адамдарға көрсетуге болады?
3. «Сіз» деген әдеп, «Біз» деген көмек» -деген мақалды түсіндіріңдер?
4. Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?
V. «Сыйластық, Бірлік, Достық, Құрмет.» үйін салу.
- Балалар, достар мен туыстар арасында сыйластық,бірілік,достық, құрмет болу
үшін , үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.
1.Ел бірлігі – ел теңдігі.
2.Бірлік болмай тірлік болмас.-Без единства жизни нет.
3.Ынымақ жүрген жерде, Ырыс бірге жүреді. -Единство и счастье – едины.
4.Бірлігі жоқ ел тозады, Бірлігі күшті ел озады. -Народ, не знающий единства, с нуждой дружит;
народ сильный единством, со счастьем дружит.
5.Бірлікті ел бұзылмас.-Единство народа все беды отводит.
6.Жұмыла көтерген жүк жеңіл.-Легка ноша поднятая сообща.
7.Саусақ бірікпей ,Ине ілікпейді.-Пока альцы не сойдутся и иголку не ухватишь.
8.Ынтымақ болмай іс оңбас.-Без единства ни в одном деле толку нет
9.Сыйласаң, сыйлы боласың.
10.Көпті сыйлағаның, өзіңді сыйлағаның.
VI. Тыныштық сәті.
- Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім
өзінің сыйлықты арнаған досын көз алдына елестетіп, оның жалқы қасиеттері туралы
ойлаймыз. (2-3 секунд)
- Балалар, достарымызды ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Параққа аты-жөнімізді жазып,
ойлаған досымыздың есімін жазайық.
VII. Дәйек сөз.
- Енді балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай мына дәйек сөзді жаттап, дәптерімізге жазып
алайық. « Сыйласаң, сыйлы боласың»
VIII. Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру.
- Балалар шаттық шеңберіне келе қойыңыздар. Енді қасымыздағы адамға жүрегіміздегі
жақсы жылы лебізді білдірейік. Мұғалімдерге жүрекке жылы сөздер жазып беру.
IX. Қорытынды.
4. Үйге тапсырма.
«Жүректен шыққан» деген күнделік арнау. Күнделікті кімнен жақсы сөз есіттің, кімге жақсы
сөз айттың, сол жақсы жылы сөздерді жазып жүру.
Сабаққа қатысқан оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып
күнге жабыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: |