Сабақ тақырыбы: Сырым Датұлы бастаған кіші жүз қазақстарының 1783-1797 жылдардағы көтерілісі



Дата30.04.2017
өлшемі14,12 Kb.
#15245
түріСабақ
  • Қазақстан тарихы
  • 8 сынып
  • Сабақтың мақсаты:
  • Білімділік: Сырым Датұлы өзі атақты батыр, өзі көрнекті басшы, өзі әйгілі шешен, отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестің ұйымдастырушысы, әрі көсемі екендігін түсіндіру.
  • Дамытушылық: 1783–1797 жылдары Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың себептерін талдай білуге және олардың арасындағы байланыстарды айқындай білуге баулу.
  • Тәрбиелік: Халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен Сырым Датұлы батырдың ерлігін дәріптей отырып, оқушылардың жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
  • Сабақ моделі
  • Сабақ барысы
  • Ұйымдастыру кезеңі
  • Үй тапсырмасын сұрау әдістері
  • Жаңа сабақты түсіндіру әдісі
  • Сабаққа қатысып отырған оқушыларды ұйымдастыру
  • Оқу құралдарын түгелдеу, реттеу
  • Сұрақ-жауап
  • Ойын әдісі
  • Өткен сабақпен байланыстыра түсіндіру.
  • Ойын элементтерін қолдану арқылы.
  • Картаны қолдана отырып түсіндіру
  • Бекіту. Ойындар. Тапсырмалар.
  • Оқушылардың білімдерін анықтау, бағалау.
  • I. Ұйымдастыру бөлімі.
  • II. Үй тапсырмасын сұрау
  • Кубик лақтыру ойыны

Кубик лақтыру

Кубик лақтыру

  • Шаруалар соғысының басталуына не себеп болды?

Кубик лақтыру

Кубик лақтыру

  • Қазақтардың шаруалар соғысына қатысуын қандай кезеңдерге бөлуге болады?

Кубик лақтыру

Кубик лақтыру

  • Кіші жүз қазақтарының Пугачев бастаған шаруалар соғысын қолдағанын қандай мәліметтер дәлелдейді?

Кубик лақтыру

Кубик лақтыру

  • Орта жүз қазақтары Пугачев бастаған шаруалар соғысына қалай қатысты, оның ерекшеліктері?
  • 3.02.2017 ж.
  • Кіші жүз қазақтарының С. Датұлы басшылығымен болған көтерілісі
  • (1783-1797)
  • Сырым Датұлы (1712-1802)
  • Көтерілістің басшысы Сырым Датұлы 1742 – 1802 жылдар аралығында өмір сүрген. Зерттеулерге қарағанда Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданында дүниеге келген. Қазақ халқының өте тапқыр, көрнекті шешендерінің бірі.
  • Сырым Датұлы Ресей патшасының, оның осы өңірдегі хандары мен сұлтандарының қарапайым халыққа көрсетіп отырған озбырлығына наразы болды. Орынбор генерал – губернаторына жазған бір хатында: «Сіздер түрлі әдіспен қолға түсірген ноғай, башқұрт халықтары секілді бізді де езбекші екендеріңіз белгілі. Сондықтан да мен патша үкіметімен, хан-сұлтандарға наразы шаруаларды төңірегіме топтастырдым». Салық бермесін, ханға сенбесін, сұлтандарға ермесін, халық өзін-өзі қорғасын деген ұранмен патша үкіметіне қарсы шықты.
  • Сырым Датұлы
  • Көтерілістің басты қозғаушы күші – қазақ шаруалары, старшындар, билер, ру басшылары болды.
  • Сырым Датұлы бастаған көтерілістің себептері
  • Патша үкіметінің жарлығы шығып, онда қазақтардың Жайықтың оң жағалауындағы аймақтарға қыс мезгілінде жайылымдық жерлерді жалға алу арқылы ғана уақытша өтуіне рүқсат етілді.
  • Біріншіден:
  • 1782-1783 жылдың қысында шекара шебінің ішкі жағында казактар қазақтардың 4 мыңнан астам жылқысын күшпен тартып алды. Қыстың өте суық болуы жағдайды одан сайын қиындатып жіберді. Жұт басталды. Дала тұрғындарының 10 000-нан астам жылқысы мен сиыры қырылып қалды. Міне осындай қиын-қыстау жағдайда Кіші жүздің шекара шебіне таяу ауылдарында бұқаралық қозғалыс басталып, ол көп ұзамай азаттық күресіне ұласты.
  • Екіншіден:
  • Сырым Датұлы
  • 1785 жылы көктемінде көтерілісшілер күрес қимылдарын барынша кеңейтті. Көтерілісті мейлінше қолдаған байбақты, табын, тама руларына сүйенген Сырым Датұлы көтеріліс өрісін кеңейтуге тырысты.
  • Хиуа
  • Сырым Датұлы
  • 1792 жылдың күзінде көтерілісшілердін негізгі күші Елек қалашығына таяу жерге орналасып, қорғанға шабуыл жасауға әзірленді. Сұлтандар көтерілісшілер отрядының қай жерге орналасканын, олардың мақсатын шекара өкіметіне алдын-ала хабарлап қойған. Сондықтан қорған гарнизондары тойтарыс беруге әзір еді. Сырым бастаған отряд 29 қыркүйекте Елек қалашығына шабуылға шығып, корғанды ала алмады.
  • Сырым Датұлы
  • Еділдің шығыс өңіріндегі ірі халықтық сипаттағы қозғалыс, көтеріліс патша үкіметінің отарлау саясатын, Жайық бойындағы өңірді басып алуға мейлінше тырысқанын дәлелдейді, тарихи қозғалыс ру арасындағы қайшылықтар халықтың басты мақсатына жетуіне зор кедергі болатынын көрсетті.
  • Хиуа
  • Сырым Датұлы
  • 1797 жылы Қаратай сұлтанның өршеленген қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті. Ал 1802 жылы белгісіз себептерден батыр сонда дүние салды.
  • Оқиға
  • Мерзімі
  • Себебі
  • Қамтыған жері
  • Нәтижесі жеңілу себептері
  • Көтеріліс неше жылға созылды?
  • Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
  • “Кім жылдам?” ойыны

”Жылдар да сөйлейді” ойыны

  • 1711-1781 жж.
  • Абылай ханның өмір сүрген жылдары
  • 1784 ж.
  • 1786 ж.
  • Сырым Датұлының тұтқыннан босатылуы

”Жылдар да сөйлейді” ойыны

  • 1790 ж.
  • Нұралы ханның дүние салған жылы
  • 1791 ж.
  • 1795 ж.
  • Әбілқайырдың ұлы Ералы Кіші жүз ханы болып сайланды
  • Нұралы ханның ұлдарының бірі - Есімнің хан болып сайланған жылы

”Жылдар да сөйлейді” ойыны

  • 1797 ж.
  • Сырым тобы хан сарайына тұтқиылдан шабуыл жасап, Есім ханды өлтіріп тынды.
  • 1802 ж.
  • 1801 ж.
  • Белгісіз себептерден Сырым Датұлы дүние салды.
  • Қазақ руларына өздерінің тарихи қонысы – Жайықтың оң жағасына өтуіне берілді.
  • Көтерілістің басталу себептері
  • Көтерілістің мақсаты
  • Көтерілістің басты қозғаушы күші
  • Көтеріліс қамтылған аймақ
  • Көтерілістің тарихы маңызы
  • Үйге тапсырма:
  • §6. Сырым Датұлы бастаған кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жылдардағы көтерілісі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет