2. Әдебиет жаңа шығармалармен толықты. «Абай мектебі». Әдебиетте даму жағдайында болды. 1947 жылы М.Әуезов өзінің «Абай» роман – эпопеясының екінші кітабын аяқтады. 1949 жылы оған бірінші дәрежелі КСРО мемлекеттік сыйлығы берілді. Замандастарының басынан өткен қиындықтары мен қуаныштары С.Мұқановтың «Сырдария», Ғ.Мұстафиннің «Миллионер», Ғ.Мүсіреповтің – «Қазақ солдаты» тағы басқа шығармаларымен поэзияларда көркемдік бейнесін тапты. Соған қарамастан 1951 жылы 31 маусымда «бірқатар жат ұғымдарды баяндайтын қазақ әдебиеті оқулықтарының басылымдарын алып тастауғы» бұйрық берілді. Осы жылы « Абай мектебі аталатын буржуазиялық объективтік тұжырымның ғылымға қарсы » екендігі жарияланды. Ұлы Абайдың есімінің аталуына тыйым салу қаупі пайда болды. Сондай – ақ «Ер – сайын», «Едіге», «Орақ пен Мамай», «Батыр Шора» сияқты шығармаларды басуға тыйым салынды. Қазақстан жазушыларының барлық шығармаларына қатаң бақылау орнатылды: цензура күшейді, Главлит атанған мекеме атқарды. Кез келген шығарманы шығару Главлит рұқсатымен ғана шығарылды. М.Әуезовтің Абай романы «ұлтышлдық пен байшылдық» мағынада жазылған деп, қайта жазылды.