Қазақстан Ғылым академиясының ашылуы.
Еліміздің ғылыми әлеуеті де арта түсті. Республиканың мәдени өмірінде ерекше
оқиға – 1946 жылы маусымда Қазақ КСР Ғылым академиясы ашылды. Тұңғыш
президенті Қ.И.Сәтбаев ( 1899 – 1964 ж.) 1950 жылдың соңында Қазақ
КСР ҒА жүйесінде 50 ғылыми – зерттеу мекемесі, 19 институт, 13 сектор,
2 мұражай, обсерватория, 3 ботаникалық бақ, 8 ғылыми база жұмыс істеді. 500 –
ге жуық аспирант оқыды.
Қоғамдық ғылымдарға қысым жасалуы.
Қоғамдық ғылымдар ерекше күрделі жағдайларда ( Сталиндік кезең, партия комитетінің қатаң қадағалауы) дамыды.
1946 жылы 14 тамыз БК(б)П Орталық Комитеттің «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы қаулысы шықты. Бұл қаулы бойынша «басқаша ойлайтын» адамдарды қудалаудың жаңа науқанын бастады.
1947 жылы наурыз – Қазақстан Компартиясы ОК-нің «тарихты, әдебиетті, өнерді зерттеуде орын алған саяси қателіктер мен ұлтшылдық бұрмалаушылықтарға қарсы күресті өрістету туралы» қаулысы қабылданды.
1947 жылы 21 қаңтар – «Қазақ КСР Ғылым академиялық тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» қаулы шықты. Қаралған мәселе: Қазақ халқының революцияға дейінгі, әсіресе XIX ғасырдың рухани мұрасын ғылыми зерттеуге тыйым салу. Осы кезеңде Мәскеу мен Ленинградта «Ленинград ісі», «Дәрігерлер ісі» деген науқан жүріп жатқанда. Қазақстанда «Бекмаханов ісі» дейтін іс қолдан жасалды.
5. Е.Бекмаханов – дарынды тарихшы ( 1915 – 1966ж.)
- 1943 жылы шыққан Қазақ КСР тарихы еңбегінің авторларының бірі. Бұл еңбекті
жазуға соғыс жылдары Алматыға көшіп келген А.М.Панкратова, Б.Д.Греков,
И.М.Дружинин қатысқан болатын.
- 1946 жылы Е.Бекмаханов КСРО Ғылым академиясында докторлық диссертация
қорғады.
1947 жылы – «XIX ғ. 20 – 40 жылдардағы Қазақстан» деген атпен оның еңбегі
жеке монография етіп шығарды.
Бұл еңбек туралы пікірлер айтыла бастады. Кітаптың 14 – тарауында жазылған
К.Қасымұлы басшылығымен болған көтеріліс сыналып, авторға «буржуазиялық
– ұлтшыл идеологияны дәріптеуші» деген саяси айып тағылды.
1950 жылы 26 желтоқсан – «Правда» газетінде «Қазақстан тарихы мәселелерін
маркстік – лениндік тұрғыдан баяндайық» атты мақала жарияланды. Бұл
Е.Бекмахановты ресми саяси айыптау еді.
1951 жылы 10 сәуір «Бекмахановтың буржуазияшыл – ұлтшылдық көзқарасын
айыптау туралы» қаулы жарияланды. Е.Бекмаханов Ғылым академиясынан
шығарылды.
1951 – 1952 ж. – Жамбыл облысының Шу ауданындағы орта мектепке жұмысқа
ауыстырылды.
1952 жылы 4 желтоқсан - Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот алқасы үкімімен 25
жылға бас бостандығынан айырды.
1954 жылы ақпан – академик, қоғам қайраткері А.М.Панкратованың тікелей
көмегі нәтижесінде іс қайта қаралып, ақталып шықты.
1954 – 1966 ж. – Е.Бекмаханов ғылыми – педагогикалық жұмыстармен
шұғылданды.
6. «Космополит»
Қазақстанда бір ғана «Бекмаханов ісі» емес биология, медицина, экология
саласындағы ғалымдарға «космополит» деген айыптар тағылып, олар
республикалық ғылыми – зерттеу мекемелерінен және оқу орындарынан
қуылды. Мысалы: Қазақ Мемлекеттік Университетінің ректоры
Төлеген Тәжібаев.
1951 жылы 6 шілде - «Қазақ Мемлекеттік Университетіндегі саяси – тәрбие
жұмысы мен кадрлық іріктеудегі ірі кемшіліктер туралы» қаулы қабылданды.
Т.Тәжібаев – оқытушылық қызметке саяси сенімсіз болғандықтан Академиядан
құрылған адамдарды жұмысқа алғандығы үшін және буржуазияшыл – ұлтшыл
Е.Бекмахановты қолдағаны үшін айыпталды.
Нәтижесінде Т.Тәжібаев ректорлық қызметтен босатылды. Сонымен қатар М.Елікбаевтың тағдырына тоқталсақ, Шығыс Қазақстан облысындағы орыс тілі пәнінің мұғалімі, майдангер, жоғары білімді маман болған. Ол Н.С.Хрущевтің атына хат жазып, онда адамның жеке басының құқықтарын бұзу, ұлттық саясат саласында бірқатар бұрмалаушылықтар, қазақ тілінде оқытатын мектептердің қысқартылуы т.б. Өкімет орындары жүргізіп отырған саясаттағы оқулықтар жөнінде өз пікірлерін білдірді. Мұнымен Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық партия комитеті мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті айналысып партия қатарынан шығарылды, одан әрі мұғалімді психиатриялық ауруханаға жапқан. Ол аштық жарияласа түтікше арқылы тамақтандырады. Осы сияқты 90 мыңнан астам «басқаша ойлайтындар» психикалық емдеу жолынан өтеді.
Қорытынды:
Мінеки, балалар, еліміздің білім және ғылым саласының дамуының кезеңдерінің жағымды және жағымсыз кездері болғанын түсіндік. Жағымды жағы -халық тегін білім алды, жағымсыз жағы - еліміздің тарихы ақсады, қыспақта болды. Оған тарих куә.
Достарыңызбен бөлісу: |