Сабақ тақырыбы Сөз таптары Мақсаты



бет2/4
Дата05.02.2022
өлшемі0,84 Mb.
#21608
түріСабақ
1   2   3   4
«Бәйге» ойыны арқылы өткенді еске түсіріп, білімдерін тексеру.
Оқушыларға «Жұрнақ пен жалғау туралы қандай ой түйгеніміз жөнінде түсінік беріп, бекіту.

Әр топтың берілген сұраққа жауабы нақты болмаса топ мүшелері көмекке келе алады.
Топ болып бір – бірін тексеріп, бірін – бірі ОүБ құралдарының бірі «Бағдаршам» арқылы бағалайды.

1 мин

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

20 мин



  1. Оқушы қызығушылығын ояту.

  2. Оқулықпен жұмыс.

- Балалар, ерте, ерте, ертеде біз білмейтін шексіз бір үлкен елде Сөздер өмір сүріпті. Ол ел – Сөз таптары елі деп аталыпты. Дүниедегі сөз біткеннің бәрі сол бір елде, кең сарайда тату – тәтті бірге тұрыпты. Бір күні сөздер бір нарсеге келісе алмай, «Сен ұзынсың, мен қысқамын, сен көпшілсің, көп мағына бересің, анаумен де мынаумен де тіркесесің, мен бір ғана мағына беріп оқшау жүргенді ұнатамын» - деп, кең сарайға бастары сыймай, айтысып жатады. Мұны естіген хан оларды жинап алып: - Сендер, өз мағыналарыңа қарай, жауап беретін сұрақтарыңа, өзіндік ерекшеліктеріне қарай топқа бөлініңдер, сосын әрқайсысыңды жеке отау етіп, бөлек-бөлек үй қылып қоямын, - дейді. Сөйтіп, сөздер өздерінің ұқсас белгілеріне қарай топқа бөлініп, оларға ат беріледі. Осылайша «Сөз таптары» еліне айналады. Хан өз еліндегі сөз таптарын қалай атағанын сендер қазір тапсырмалар орындау арқылы тез табасыңдар.
- Сонымен, бүгін біздер, сол әлемдегі ең үлкен – «Сөз таптары» еліне саяхатқа шығамыз. Олай болса, сендерге сәт сапар тілеймін. Тапсырмаларды мүдірмей орындап, сөз таптарын дұрыс табуларыңа тілектеспін.

312 – жаттығу. «Адасқан сөздер» ойыны. Жаттығуда сөздер жазылып тұр. Бұлар – «Адасқан сөздер». Сендер адасқан сөздерге сұрақ қойыңдар. Бірнеше сөздің өзара ұқсас белгілеріне, оларды мағынасына қарай сұрақ қойып, топ – топқа бөліп, топтаған сөздеріңді өз үйшігіне орналастырып, жазуларың керек.


Зат есім тобы: Зат есімді табады.


Етістік тобы: Етістікті табады.
Сын есім тобы: Сын есімді табады.
Сан есім тобы: Сан есімді табады


2. Тірек - сызбамен жұмыс:

Зат есім

Кім? Не? Кімдер? Нелер ?

Сан есім

Қанша? Неше? Нешінші?

Сын есім

Қандай? Қай?

Етістік

Не істеді? Не қылды? Қайтіп?

313-жаттығу.«Жигсо» әдісі. Шарты: тапсырманы оқушылар оқиды, топпен бірлесіп талқылаған тапсырмаларын түсіндіріп жеткізуге мүмкіндік алады. Топ ақылдасып, бір шешімге келіп түйінді ой айтып, қорғайды.


Әр топ жаттығудағы жұмбақты оқып, жатқа жазып, шешуін табады.
Зат есім тобы: Заттың атын білдіретін сөзді табады.
Сын есім тобы: Заттың сынын білдіретін сөзді табады.
Сан есім тобы: Заттың санын білдіретін сөзді табады.
Етістік тобы: Сөйлемдегі сөздердің байланысын табады.
Сергіту сәті: Видео көрсетіледі.
314- жаттығу. «Бір айналым сөйлесу» әдісі.
Шарты: Жаттығу бойынша әрқайсысы жеке сөздерден сөйлем құрастырып жазып, топтаса бірігіп, құрастырған сөйлемдерін қорғайды.
Жаттығудағы ребусты шешіп, шешуіндегі сөзді қатыстырып әр топ 1 сөйлем құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет