Медиана – шамалардың орташа мәнін сипаттайтын статистикалық сипттама. Шамалардың мәндері көбінесе сандар қатарымен өрнектеледі. Сондықтан шамалардың мәндерінің өзгерістері оның медианасымен сипатталады. Берілген сандар қатарының медианасын табу үшін:
1) берілген сандарды өсу немесе кему ретімен орналастырып жазу керек;
2) осылайша орналастырылған сандар қатарының қақ ортасындағы санды табу керек.
Сол сан берілген сандар қатарының медианасы болады.
Мысал-1: Қазан айының бір аптасындағы ауаның орташа тәуліктік температурасы: 140С; 150С; 160С; 140С; 170С; 170С; 200С болды. Қазан айының осы аптасындағы тәуліктік температуралардың медианасын табайық.
Ол үшін апта ішіндегі ауа температурасын өсу ретімен жазып щығайық: 140С; 140С; 150С; 160С; 170С; 170С; 200С. Демек, 14; 14; 15; 16; 17; 17; 20 – сандар қатары алынды. Осы сандардың қақ ортасындағы санды табайық. Ол сан – 16. Олай болса, осы сандар қатарының медианасы – 16.
Мысал-2: Мұз айдынында мәнерлеп билеуге қатысушылардың алған ұпайлары: 5,4; 5,2; 5,7; 5,3; 5,5; 5,6; 5,2; 5,6. Мүз айдынында қатысушылардың алған ұпайларының медианасын табайық.
Ол үшін ұпайлар мәндерін кему ретімен орналастырайық: 5,7; 5,6; 5,6; 5,5; 5,4; 5,3; 5,2; 5,2. Ортасындағы сан екі сан: 5,5 және 5,4. Берілген сандар қатарының медианасы осы қатардағы 5,5 және 5,4 сандарының арифметикалық ортасы болады:
5,45.
Берілген сандар қатарының медианасы – 5,45 саны.
Қорытынды:
Берілген сандардың саны тақ болса, онда олардың медианасы – осы сандарды өсу (кему) ретімен орналастырғанда қақ ортасында тұрған сан.
Берілген сандардың саны жұп болса, онда олардың медианасы – осы сандарды өсу (кему) ретімен орналастырғанда ортада тұрған екі санның арифметикалық ортасына тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: |