АЙ ТҰТЫЛЫП, АЛҚЫЗЫЛ ТҮСКЕ БОЯЛДЫ
Қайыржан ТӨРЕЖАН 28.09.2015мақаласынан үзінді
Айдың «Алқызыл» болып тұтылуын астрономдар бұл өте сирек кездесетін табиғи құбылыс деп отыр. Олардың айтуынша, тұтылған кезде Ай биылғы жылғы ең жақын қашықтық – перигейде болды. Осылайша, «Супер Ай» Жердің көлеңкесіне кірді. Айдың толық тұтылуы аса таң қалатындай астрономиялық құбылыс емес. Бірақ осы жолғы тұтылуы оның Жерге тым жақындауымен ерекшеленді. Айдың орбитасы эллипс сияқты, сопақтау болып келеді. Сондықтан Жердің табиғи серігі бізге кейде тым жақындап, кейде алыстап отырады. Арақашықтықтың айырмашылығы 50 мың шақырымды құрайды. Жерден Айға дейінгі ең жақын қашықтық – 356 400 шақырым, ең алыс қашықтық – 406 700 шақырымды құрайды. Ал кешегі 2015 жылдың 28 қыркүйегіндегі Айдың тұтылу кезінде Жермен арақашықтық 356 896 шақырым болды. Айдың осыншама жақындап келуі нәтижесінде, ол алдымен әдеттегіден 14 пайызға ұлғайып және үштен бір есеге жарығырақ болып, үлкен шам сияқты жарқырады, содан кейін Күн мен Айдың ортасына Жер келді. Осы кезде Айдың беті біздің планетамыздың атмосферасын тесіп өткен Күн сәулесімен арайланды. Атмосфера қысқатолқынды күлгін және көк спектрды жұтып алып, тек қызыл сәулені ғана өткізген. Қызыл сәуле Айды алқызыл түске бояп, адамзатқа мистикалық үрей туғызды. Осы жолғы қызарып тұтылғанына қарап астрономдар оған «Қанды Ай» деген атақ берді.
№1218 есеп. Жерден айға ұшатын космостық корабль қашықтықтың бірінші жартысын 25 сағатта, екінші жартысын 50 сағатта ұшты.
АЙ ТҰТЫЛЫП, АЛҚЫЗЫЛ ТҮСКЕ БОЯЛДЫ мақаласындағы Жерден айға дейінгі қашықтықты пайдаланып, Жерден Айға ұшқан космостық корабльдің орташа жылдамдығының жүздіктерге дейін дөңгелектелген жуық мәнін табыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |