Абылай хан туралы мәлімет
Абылайдың азан шақырып қойған аты – Әбілмансұр. Түркістанды қалмақтар басып алғанда әкесі Уәли қайтыс
болып, Әбілмансұр далаға қашып шығады да, аман қалады.
Әбілмансұр барған жерінде ататегін жасырып, күн кешеді. Осы
«ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім бала үйсін Төле бидің қолына келеді. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасаты, ел билеу қабілеті, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. 1730– 1733 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қонтайшы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің атын өшірмей, жауға «Абылайлап» ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды. Қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды. Оқылымалды жұмыс. Бұқар жырау – Абылай хан тұсында өмір сүрген жырау.Оқылым. Түсініп оқу. Оқулықтағы Бұқар жыраудың «Хан Абылай атандың» өлеңі оқылады. 3-тапсырма. Кестемен жұмыс. Кестедегі өлең жолдары бойынша қандай сурет салатындарын айтады және болжау әдісін қолданып, «Жиналған батырларға Абылай хан не айтты деп ойлайсың?» деген сұраққа жауап береді. тапсырма. Ойтолғау.
Мәтінге сүйеніп, Абылай ханға мінездеме беріледі. Өлеңдегі:
«Үш жүздің басын құрадың ... Әділдікпен жүрдіңіз ...
Жетім мен жесірге (халыққа)
Ешбір жаман қылмадың...,
Хан Абылай атандың», – деген сөздер қолданылады.
Қалыптастырушы бағалау. Топтық жұмыс. Дескриптор: мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады. шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды. берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау.
|