Сабақ тақырыбы: Суреттер мен жазуларды пішімдеу Сабақ мақсаты


       Сурет. Сурет шекарасы менюі 22



бет6/6
Дата23.10.2020
өлшемі0,56 Mb.
#69591
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
21       Сурет. Сурет шекарасы менюі 22       Қалыңдық бағыныңқы менюі

Абай Құнанбаевтың өлеңін қатесіз теру.

Қыс (А.Құнанбаев)

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сілкісе, қар жауып, мазаңды алды.

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Әуес көріп жүгірген жас балалар,

Беті-қолы домбығып, үсік шалды.

Шидем мен тон қабаттап киген малшы

Бет қарауға шыдамай теріс айналды.

Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы

Титығы құруына аз-ақ қалды.

Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,

Малшыларым, қор қылма итке малды.

Соныға малды жайып, күзетіңдер,

Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!

Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,

Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.

4. Сабақты бекіту сұрақтары:

1. Пішімдеу дегеніміз не?

2. Суреттерді пішімдеу үшін не қолданамыз?

3. Жазуларды пішімдеу үшін нені қолданамыз?

5. Оқушыларды бағалау

6. Үйге тапсырма: Өткен тақырыптарға байланысты тест құрастырып келу. Ребус құрау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет