Сабақ тақырыбы: «Сузбеден құрт дайындау»



Дата24.04.2017
өлшемі42,23 Kb.
#14574
түріСабақ
Сабақ тақырыбы: «Сузбеден құрт дайындау».

Сабақтың мақсаты: сүт және сүт тағамдары туралы мағлұмат беру.

Білімділік: қазақ халқының ұлттық тағамы, естен шығып бара жатқан құртты практикалық жұмыс барысында даярлау, сүт тағамдарының түрлері, дайындау тәсілдері туралы түсінік беру, білімдерін тереңдету, теориялық және практикада алған білімдерін күнделікті тұрмыста пайдалануға бағыт-бардар беру.

Дамытушылық: сөздік қорын молайту, ұсақ қол оторикасын дамыту, зейінін арттыту, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, пікірлеу қабілиетін дамыту.

Тәрбіелілігі: өздіктерінен жұмыс істеуге, салыстыруға, бірінің пікірін бірі дамыта отырып, өзара сөйлесуға, қорытынды шығаруға машықтану, оқушыларды ұқыптылыққа, үнемділікке, баулып, салт-дәстурді сақтап,өз орнын таза ұстауға, қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбіелеу.

Сабақтың түрі: практикалық жұмыс.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: сиырдың сүреті, сүт өнімдері: сүт, айран, сүзбе, ірімшік, тұз, құрғақ құрт.

Ыдыстар: табақ, леген.

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық:

Қане бәріміз еркін отырып, қолымызды үстел үстіне қоямыз.

- Саусақтарды жұмамыз.

- Саусақтар ұйықтап жатыр.

- Саусақтар оянды.

- Саусақтарды ашамыз.

- Саусақтар керілді.

- Саусақтардың арасын ашамыз.

- Саусақтар бір – бірімен амандасты.

- Саусақтарды кезек – кезек бір – біріне жақындатамыз. Өте жақсы.


ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

Оқушыларды сұрақ – жауаптар арқылы сүт өнімдері туралы алған білімдерін тексіру:



  1. Сүт қандай өнім?

  2. Сүттің қандай түрлерін білесіз?

  3. Сүттен қандай өнімдер дайындалады?

  4. Сүтті қандай ыдыста пісіру мүмкін?

  5. Сүт пісіруде тасып кетпеу үшін не істеу керек?


IIІ. Теориялық білімге қорытынды жасау.

Оқушылар, біз сүт өнімдері және оларды қалай дайындау , сүт өнімдерінің пайдасы және олардан қандай пайдалану керектігі тұралы біліп алдық.


IV. Жаңа сабақ: «Сүзбеден құрт дайындау».

Оқушылар, біз бүгінгі тәжірибелік жұмысымызда сіздермен бірге сүзбеден құрт дайындаймыз.

Бұл үшін біз бірінші кезеңде қолымызды тазалап жуып, сүлгімен сүртіп аламыз және алжапқыш байлаймыз.

-Сүзбеден құрт дайындау үшін оған не қосамыз?

- Дұрыс, тұз салып араластырамыз.

Оқушылардың бірі сүзбеге тұз салып, араластырады және оның дәмін көреді. Басқа оқушылар да сүзбенің дәмін татып көреді.

Тұзын тұрлап алған соң домалақтаймыз. Құрттарды әр түрлі пішінде дайындауға болады. Мысалға домалақ, созық. Қазір қолымызға сүзбенің жаңғақтай бөлігін алып, алақанымызбен домалақтаймыз. Егер сүзбені алақанымызбен көп айналдырсақ құртымыз әдемі домалақ пішінде олады.


  • Ал, енді барлығымыз бірге құрт жасаймыз.

  • Кімнің құрты әдемі.

  • Қалаған оқушылар алақан және саусақтарын қысып созық пішінде жасасын. Саусақтарымызды тез-тез әрекеттендіреміз.

  • Дайын болған құрттарды легенге салып, күн нүрі жақсы түсетін жерге қойып, үстіне дәке жауып қоямыз.

Оқушылардың жұмысын бақылау және оларды мадақтау.

Жұмысты бітіріп болған соң оқушылардың қолдарын жудыру.


V.Пысықтау:

-Оқушылар бүгін біз сабақта не істедік?

- Құрт дайындау үшін бізге қандай өнімдер қажет?

-Құртты қандай пішінде дайындауға болады?

-Құрттың қандай пайдасы бар?

Сүзбе Орта Осій Қазақстанда дайындалады. Сүзбе денсаулыққа өте пайдалы және керекті қасиеті де мол.



V.Қорытынды:

- Ия, дұрыс айтасыздар.

- Құрттың құрамында адам үшін пайдалы көптеген дәрумендер бар.

- Алыс жолңа шыққан жолаушы ауызына құрт салып жүрсе, шөлін басады және қарын тойдырады.

- Демек, бүгін сіздермен бірге құртты қалай дайындау туралы үйреніп алдық. Үйге барып құрт дайындауыңыз мүмкін.

Сабақ ұнады ма? Сабаққа қатысты пікірлеріңіз? Қандай сұрақтарыңыз бар? Нені білгіңіз келеді?


VII. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.

VI. Сабақты бекіту: үйге барғанда сүзбден құрт жасау.

ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «Сайрам көмекші мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау пәнінен

7 – «Б» сынып үшін арналған бір

сағаттық ашық сабақ жоспары
Тақырыбы:



Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау

пәні мұғалімі: Юсупова Сайяра Махаматовна
Каталог: uploads -> doc -> 0faf
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0faf -> Сабақтың тақырыбы: дк сәулетінің заманауи даму бағыттары Сабақтың мақсаты: Білімділік
0faf -> Сабақ тақырыбы: Ә. Марқабаев. «Ғарыштағы қымыз»
0faf -> 8 – сынып «Қыз Жібек» жыры ІІІ деңгей


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет