Сабақ тақырыбы Табиғат және менің қауіпсіздігім



Дата18.10.2019
өлшемі0,65 Mb.
#50243
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7 –бөлім «Су – тіршілік көзі»







Мерзімі: 4-тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3


Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:






Сабақ тақырыбы

Табиғат және менің қауіпсіздігім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.2.2 Қолайсыз климаттық ауа-райы жағдайындағы қауіпсіздік ережесін құру.

3.2.3.2. Геологиялық және табиғи климаттық апаттар кезіндегі өзін-өзі ұстау ережесін құру



Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • «катаклизм» ұғымын түсіндіреді;

  • ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыра алады.




Бағалау критерийлері

  • төтенше жағдайларды анықтайды;

  • табиғи катаклизмдердің пайда болуы мен салдарын біледі;

  • күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін дұрыс қолданады;

  • табиғи катаклизм жағдайында өзін-өзі ұстаудың

негізгі 3 ережесін құрастыра алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • ауа-райы адамдардың өміріне қалай әсер ететінін әңгімелейді;

  • катаклизм түрлерін атайды.

Терминология:

  • Катаклизм

  • Табиғи катаклизмдер

  • Төтенше жағдайлар

Пайдалы сөзтіркестер:

Адам өмірі мен қызметі ауа райына және климаттық ....

Табиғи апаттық жағдайда ең басты қағида- ...


Құндылықтарды дарыту

Қауіпсіздік – ауа райының қолайсыз жағдайындағы қауіпсіздік ережелерін құрастыру арқылы жүзеге асады;

Сыйластық – бір-бірінің жауабын мұқият тыңдау барысында көрініс табады.



Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі: оқушылар табиғи апат түрлерін кірме сөздер ретінде қарастырып, дұрыс жазылуын үйренеді.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылардың ауа-райы, климат, климаттық белдеулер туралы алғашқы түсініктері бар. Қолайлы және қолайсыз ауа-райын ажырата алады. Қолайсыз ауа-райында өзін-өзі ұстау ережелерін құру тәжірибелері бар. «Тірі табиғат» бөлімінде (3-сынып) табиғи ортада өз қауіпсіздіктерін жоспарлауды және тәуекелді бағалауды үйренді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-5


6-8

9


  1. Ассоциация құру. Талқылау және ой білдіру (жеке, топта, ұжымда)

Оқушыларға «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР» ұғымына ассоциация құру ұсынылады. Ол үшін ең алдымен оқушылар параққа өздері жеке орындайды, кейін топта кең ассоциация құрып, плакатқа түсіреді. Әр топ жұмыстарын бір-біріне көрсетіп салыстырады.

«ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР» ұғымын бекітеді.




  1. «Тап және дәлелде» тапсырмасы (ұжымда)

"Төтенше жағдайлар" ұғымын бекіту үшін слайдта суреттер топтамасы көрсетіледі. Олардың қайсысы ТЖ-ға жататынын анықтау қажет. Ол үшін оқушыларға таңдалған суреттердің нөмірлері жазылған парақшаларды таратыңыз және кейін жауаптарды ұжымда талқылаңыз.


Бағалау криетерийлері:

  • төтенше жағдайларды анықтайды;




  1. Сабақ мақсатын анықтау.

  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.

  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

  • «катаклизм» ұғымын түсіндіреді;

  • ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыра алады.

4 плакат, маркерлер


Слайд№2

Парақтар

Суреттер топтамасы

Слайд №3


Слайд№4

Сабақ ортасы

10-16

17-20


21-25

26-37





  1. «4 апат» тапсырмасы (топта)

«Ойлаудың 6 қалпағы» стратегиясы

Табиғи катаклизмдер туралы білімдерін толықтыру мақсатында бейнефильм көрсетіледі.

Көрсетілім алдында 4 топқа 4 түсті қалпақ таратылып беріледі (6 қалпақтың ішінен таңдатуға болады).

Оқушылар қалпақ түсіне қарай видеоақпаратты талдайды.






  1. «Сөйлемерді толықтыр» тапсырмасы (жеке )

Оқушыларға келесі сөйлемдерді жеке толықтыруды ұсыныңыз:

Дауыл .....пайда болады.




Өрт ...әкелуі мүмкін




Су ... себеп болуы мүмкін.




...жер бетінде орын алады



Олардың жұмысын слайдтағы дұрыс жауаптармен салыстыру арқылы бағалаңыз. Әрбір дұрыс жауап үшін-1 балл.


Бағалау критерийлері:




  1. «Жағдаяттан шығу» стратегиясы (топта немесе жұппен)

Әрбір топқа сюжеттік сурет ұсынылады. Осы кейіпкерлермен қандай келеңсіз оқиға болғанын анықтап, жағдайдың шешімін ұсыну қажет. Әрбір топ өз шешімінің нұсқасын қорғайды және қауіпсіздік тұрғысынан оның тиімділігінің дәлелдемелерін ұсынады. Оқушылардың өз жауаптарын негіздеу және басқалардың пікірін мұқият тыңдау қабілеті маңызды. Тапсырманың соңында топтар бір-бірін сигналдық карточкаларды көтеру арқылы бағалайды: жасыл-шешіммен келіседі, қызыл-шешіммен келіспейді.

Бағалау критерийлері:

  • күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін дұрыс қолданады.



  1. «Жаднама жаса» тапсырмасы (топта)

Оқушылар «Табиғи-климаттық катаклизмдер кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелері жаднамасын» құрайды.

№1 топ жер сілкінісі

№2 топ су тасқыны

№3 топ орман өрті

№ 4 топ дауыл
Оқушыларға жаднаманы бағалаудың негізгі критерийлерін өздеріне жасауды ұсынуға болады.
Бағалау критерийлері:


  • табиғи катаклизм жағдайында өзін-өзі ұстаудың негізгі 3 ережесін құрастыра алады.

6 түсті қалпақ

Видеокөрсетілім

Таратпа парақ

Топтарға арналған суреттер

Сигнал карталары

Парақтар, суреттер, сызбалар, ақпараттық парақтар, плакаттар



Сабақтың соңы

38-40

Рефлексия (жеке):

Оқушылар кестені толтырып мұғалімге тапсырады:





Оқу мақсаттары

Жалғастыр

1

Табиғи катаклизмдер дегеніміз ...




2

Табиғи катаклизмдер кезінде өзін-өзі қауіпсіздендіру үшін ... қажет







Таратпа парақ




Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




"Ассоциация" тапсырмасында оқуда кедергісі бар оқушыларға тірек сөздер беруге болады.

"Абайлаңыз!" атты плакат жасауды қабілеті жоғары оқушыларға ұсынуға болады. ( өз бақылауларына және әр түрлі дерек көздерге негіздеуге болады)

Сондай-ақ, қосымша тапсырма ретінде оқушыларға синквейн құрастыруды ұсыныңыз: тақырып ретінде табиғи катаклизм атауын алуға болады.


Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

"Жаднама жаса" тапсырмасында оқушылар қолайсыз ауа райы-климаттық жағдайларда өзін-өзі ұстаудың негізгі үш ережесін құрайды.

Бұл тапсырма оқушылардың алған білімдері мен дағдыларын бағалауға мүмкіндік береді.



Үш ережені дұрыс және толыққанды жазған оқушылар оқу мақсатына жетті деп бағаланады. Бұл сабақта рефлексия мазмұнды сипатта болады және сабақтың мақсатына жету деңгейін көрсетеді.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет