Сабақ тақырыбы: Табиғаттағы тіршілік формалары және олардың өнеркәсіптік аналогтары. Жоспар



бет1/3
Дата09.06.2020
өлшемі196,31 Kb.
#72730
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
717 7157 95578
717 7157 95578

ПӘНІ: Биология

МАМАНДЫҒЫ:0111000- «Негізгі орта білім беру»

БІЛІКТІЛІГІ: 0111093-«Информатика мұғалімі»

ТОБЫ: И-И-19

Қайырлы күн, білім алушы!
Сабақ тақырыбы: Табиғаттағы тіршілік формалары және олардың өнеркәсіптік аналогтары.
Жоспар:

  1. Организмдердің тіршілік формалары

  2. Тіршілік етуі бойынша топтары

Организмдердің тіршілік формалары. Өсімдік немесе жануардың қоршаған ортаның жағдайларына байланысты бейімделген сыртқы келбеті түрдің тіршілік формасы болып табылады. Бір-бірімен туыс емес организмдер бірдей жағдайда тіршілік етуте бейімділе отырып ұқсас белгілерге де ие болады (морфологиялық бейімделу). Организмнің тіршілік ету ортасының экологиялық жағдайларына бейімделуін организмдердің тіршілік формалары (экобиоморфа) деп атайды. Бір тіршілік формаларына жататын организмдер әртүрлі экологиялық топтарға жатуы мүмкін. Мысалы, Asarum europaeum және Alchemilla vulgaris өсімдіктері тіршілік формалары бойынша қысқа тамырсабақты өсімдіктерге жатады. Егер оларды экологиялық классификация тұрғысынан қарастырсақ, мысалы жарыққа байланысты, онда Asarum - көлеңке сүйгіш, Alchemilla - жарық сүйгіш өсімдік. Ал ылғалдылыққа байланысты екі өсімдік те мезофиттерге жатады. Тіршілік формалары деп шығу тегі әртүрлі, бірақ бірдей жағдайда тіршілік ететін, экологияльщ-морфологиялык бейімделушіліктері ұқсас организм (өсімдіктер немесе жануарлар топтарын атайды.

Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік формалары әртүрлі, сәйкесінше олардың классификациялары да әртүрлі. Өсімдіктердің тіршілік формалары туралы ұғымды алғаш рет 1806 жылы неміс ғалымы А.Гумбольдт қолданды.

Ол тіршілік формасы деп, онтогенез (аналық жүмыртқаның үрықтанганынан бастап, тіршілігінің соңына дейінгі особьтың жеке дамуы) кезінде ортаның белгілі бір жагдайларында өсіп-дамыған белгілі бір топтардағы өсімдіктердің қабысуын (организмнің сыртқы көрінісін) атайды И.Г.Серебряков жер үсті өркендерінің құрылымы мен өмір сүру ұзақтығына байланысты өсімдіктерді 4 бөлімге және 8 типке бөлді:

1 бөлім. Ағашты өсімдіктер (ағапггар, бұталар, бұташықтар);

2 бөлім. Жартылай ағашты өсімдіктер (жартылай бұталар және жартылай бұташықтар);

Ағашты тіршілік формаларға бүкіл өмір бойы сақталатын сүректенген діңгегі бар көпжылдық өсімдіктер жатады. Барлық ағаштар - негізінен ылғалды, аз мөлшерде шөлейтті жерде өсетін, экваторлық белдеуден қоңыржай салқын аймақтарға дейш кездесетін өсімдіктер. Олардың арасында діңгегі үнемі тік жоғары өсетін (ортотропты), мысалы, емен, жөке, терек және т.б. кең тараган өсімдіктер бар. Ылғалдылығы жоғары және мерзімі қысқа, біршама салқын температурада (субарктикалық және субальгалық климатта) өседі: ағаштардың (кәдімгі шетен) бірнеше діңгектері болады. Өсімдік 3-5 діңгекті топ ағаш сияқты болып келеді. құрғақ, орманды далалы және саванналарда өсетін ағаштардың діңгектері әдетте қысқа болады. Кейбір ағаштардың жерге төселіп жатып өсетін формалары да кездеседі (мысалы, аршаның кейбір түрлері). мұндай ағаштар ызғарлы суық желді, қысы ұзақ, жазы салқын жерлерде (орманның солтүстік жағында, таудың субальпі белдеуінде) өседі.
Бұталар тіршілік формаларының түрлері өте көп. Бұл өсімдіктер ұзындықтары шамалас көптеген діңгекті болып келеді. Негізгі діңгек көп өмір сүрмейді немесе уақыт өте келе басқа діңгектерден айырмашылығы болмай қалады. Барлық діңгектер (негізгі және жанама) 2-3 жылдан 20-30 жылға дейін өмір сүре береді. Әдетте бұталардың биіктігі 0,5-0,8 метрден 5-6 метрге дейін жетеді. бұталар барлық жерде дерлік кездесе бергенімен, солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың қоңыржай-жыл және тропиканың шөлейтті жерлерінде өсімдіктер қауымдастығының негізін құрайды (итмүрын, бөріқарақат, аюбадам және т.б.).

Бұташықтар - ағашты өсімдіктер тіршілік формаларының бір типі. Сабақтарының биіктігі 5-7 см-ден 50-60 см-ге дейін жетеді. Негізгі өркен қысқа уақыт қана тіршілік етеді (3-7 жыл). Оның орнын сүректенген жанама жер асты өркендері басады. Жаңадан өсіп келе жатқан түп алғашында жер астында столон сияқты топырақ бетімен паралель өсіп (плагиотропты), сосын тік жоғары, яғни ортотропты өсе бастайды. Бүл формалар негізінен қоңыржай салқын, салқын және биік таулы жерлерде өседі (итбүлдірген, қарамық, қазанақ, көкжидек).

Жартылай бұталар мен жартылай бұташықтар тіршілік формаларының бір түрі. Бұларға жусанның көптеген түрлері, теріскен және т.б. өсімдіктержатады. Бұл өсімдіктердің тіршілік ылғалы аз, шөлейтті жерлермен тығыз байланысты. Ерекшеліктері - жер үсті өркендерінің жоғары жағы үнемі қурап, қабағынын төменгі жағы сүректеніп, осындай қалыпта бірнеше жыл өмір сүреді. Осы сүректенген жер үсті өркендеріндегі жанару бүршіктерінен келесі жылы көптеген жаңа өркендер д а м и д ы . Жер беті шөптесін өсімдіктерінің ішінде көптеген тіршілік формалары кездеседі. Олар поликарпты иіөптесін (яғни, өмірінде көп рет жеміс береді) және монокарпты иіөптесін (бір-ақ рет жесеміс береді) өсімдіктер болып бөлінеді.

Тіршілік формалар туралы білім морфологияның үлкен бөлімін қүрайды. Алғашқы рет бұл ұғым ғылыми термин ретінде «Өсімдіктердің экологиялық географиясының негізін салған Е.Вармингтің (1894 ж.) жұмыстарыңда кездеседі.

1903 ж. Дания ғалымы К.Раункиер, сол кездегі белгілі ғылыми мөліметтерді қорытындылай отырып, тіршілік формасының классификациясын жасаған. К.Раункиердің классификациясы жылдың қолайсыз мезгілінде өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктерінің орналасуы мен қорғану тәсілдеріне негізделген. Бұл қысқартылып беріліп отыр

фанерофиттер (Рһ) — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің бетінен 25 см биіктіктен жоғары орналасады;

хамефиттер (Сһ) — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері төмен орналасады (жердің бетінен 25 см биіктіктен төмен орналасады);

гемикриптофиттер (Н) — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері, жердің бетінің деңгейімен бірдей орналасады және оларды өсімдіктің қурап түскен қалдықтары немесе топырақтың жоғарғы қабаты жауып, қорғап түрады;

криптофиттер (К) — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің немесе судың астыңда орналасады;

терофиттер (Т) — біржылдық өсімдіктер, жылдың қолайсыз мерзімін, тұқым күйінде басынан өткізеді.

Бұл классификация басқа классификациялардан құрылысының таңқаларлықтай қарапайымдылығымен және жүйелілігімен айқын ажыратылады. Оның физиологиялық аспекті — өсімдіктің жылдың тыныштық кезеңіне реакциясы; морфологиялық аспекті — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктерінің жердің бетіне қарай орналасуы мен олардың жылдың қолайсыз мезгілінде қорғану тәсілдері. К.Раункиердің классификациясы жан-жақты (универсальды), ол жер шарының барлық экологиялық-географиялық аудандарында таралған барлық тіршілік формаларын қамтиды. Сонымен бірге бұл система нақтылы, жақсы жүйеге келтірілген систематикалық топтардың: туыстың, туыстардың топтарының, немесе тұқымдастардың деңгейінде негізге алынады. К.Раункиердің системасы жабық тұқымдылардың тіршілік формаларын классификациялап қана қоймайды, сонымен бірге олардың ағаштан бастап, шөптесін өсімдіктерге дейінгі экологиясын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет