Сабақ тақырыбы: Т.Әбдіков.



Дата15.09.2017
өлшемі134,07 Kb.
#32466
түріСабақ

Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Т.Әбдіков. «Қонақтар». Ата-ана мен бала қарым-қатынасы

Жалпы мақсат:

  1. Прозалық шығарманы талдау, шығарманың тақырыбын ашу. Ата-ана мен бала қарым-қатынасы жайлы мағлұмат беру, оқушы сезімімен ұштастыру.

  2. Оқушылардың ойларын анық, дәл жеткізе білуге дағдыландырып, өз пікірін ашық айта білуге үйрету. Шығарманы өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейту. Өзіндік ой қорытындысын жасай білу, әсерін, пікірін білдіруге үйрету. Топпен жұмыс жасай білуге дағдыландыру. Әртістік қабілеттерін шыңдау.

  3. Оқушылардың ата-ана алдындағы, туған жер, ел алдындағы парызын терең түсіне білуге баулу. Адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіре білуге тәрбиелеу.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

Үлестірме материалдары


Оқу нәтижесі:

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау




Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады.




Шарлар арқылы топтарға бөлу.



Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


Жаңа тақырып

-Оқушылар, біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы-«Қонақтар» әңгімесіндегі ұрпақ тәрбиесі. Біздер өткен сабағымызда «Қонақтар» әңгімесінің мазмұнымен толықтай таныстық. Әңгімеде Ерғабыл қарттың өмірінің бір күні мен бір түні суреттеледі. Әңгімедегі негізгі оқиға біреу-ақ, ол-қалада тұратын Сапабектің  курорттан келе жатып жолшыбай ата-анасына бір күнге соғып кетуі. Әңгімені оқи бастағанда әлдебір сиқырға сенетін сиятысың, қарттардың үміттері ақталса екен деп тілейсің. Ал шығарманы оқып біткенде көңілің құлазиды, қайғырасың. Әкесінің баласынан күткен үмітінің ақталмағанын көріп, көңілің түседі. Яғни, бүгінгі сабағымыздың мақсаты- ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас жағдайы, баланың ата-ана алдындағы борышы туралы. Топпен және жеке жұмыс жасай білуді  үйрену, әртістік қабілеттерімізді шыңдау.

     Ғ.Мұстафиннің «Ата-анасын ұмытқан бала-опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы» деген тамаша сөзін сабағымызға арқау етіп аламыз.  Сабағымызды екі топқа бөліне отыра өткіземіз. 1-топ «Сағыныш» тобы, 2-топ «Парыз» тобы деп аталады. Өз білімдерімізді көрсетіп, алтын қақпаны ашып, алтын қазынаға ие болуымыз керек.



Сабақтың ұстанымы: Сабағымыз сайыс сабақ болғандықтан 4 кезеңнен тұрады. Әр топ әр кезеңнің тапсырмаларынан сүрінбей өтіп, білімдерін көрсете білуі керек.

1-кезең  «Қайталау-оқу анасы»

Ұяшықтарды таңдай отырып, әр ұяшықта жасырылған жоспар бойынша әңгімені мазмұндайды.



  1. Ерғабыл қарт пен кемпірінің балаларының келуін күтуі.

  2. Сапабектің келуі.

  3. Қонақтардың аттануы.

  4.  

  5. «Тас қақпа»  кезеңі

Тақтамен жұмыс.

Кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау және «пікір алысайық».



Кейіпкер

Мінездеу

Ерғабыл қарт

Мейірімді, арманшыл, төзімді, қажырлы, еңбекқор, баласын жақсы көреді, ақылды

 

Кейіпкер

Мінездеу

Сапабек

Қуыс кеуде, саяз ойлы, мақтаншақ, өркөкірек, парызын түсінбейді, салт-дәстүрді білмейді, қатігез

 

-Біздер, кестеден көріп отырғанымыздай  1 топ Ерғабыл қартты-жағымды кейіпкер десе, 2-топ Сапабекті –жағымсыз кейіпкерге теңеп отыр. Осыны дәлелдейік.

1-топ: 

   Біздер Ерғабыл қартты әңгіменің жағымды кейіпкері деп санаймыз. Себебі, Ерғабыл қарт қазақи ауылдың қарапайым қарты. Еңбекқор, төзімді. Күткен үміті ақталмай қалғанда, жылаған жоқ, ешкімге мңын да шаққан жоқ. Өзінің күнделікті тіршілігіне араласып кетті, бірақ жүрегі қатып қалған сиқтанды.



2-топ: 

   Біздер Сапабекті жағымсыз кейіпкер деп санаймыз. Себебі, біздерге ерекше әсер еткен-өзінің үйіне өзі қонақ болып келген Сапабектің бейнесі. Тіпті әйелі де, баласы да өзіне ай сияқты көрінеді. Әйелі орысша тәрбиеленген, ұлы қазақша білмейді. Аз ғана өмірі қалған әке-шешесінің қасында жылына бір келетін еңбек демалысын өткізсе де болатын еді. Бірақ ұлы әкесінің үмітін ақтамады.



Мұғалім:

-Ата-анасына мейірімі жоқ, қадірлемейтін перзентті имансыз деп айтса да артық болмайды. «Ата-аналарыңа мейірімді болыңдар, сонда перзенттеріңнен мейір көресіңдер» деген сөз бар.
Бірде бір жігіт пайғамбарымызға мынадай өтінішпен келіпті:
Әкем қартайғанның салдарынан жайсыз болып кетті. Үйіме келіп, қолына не ілінсе соны алып кете береді, - депті. Мұны естіген Расулалла баланың әкесін өзінің құзырына шақыртты. Алдына келген қарияның үстіндегі киімі әбден тозған, өзі бейшара халге түскен екен.
- Ұлыңның сөзі рас па? – деп одан сұрайды.
Ол:
- Иә, дұрыс. Мен ұлымды бақтым, қақтым, өсірдім. Азамат болсын деп жалғыз өзім тәрбиеледім. Анасы ерте дүние салған еді. Өзім жемегенді ұлыма жегіздім, өзім кимегенді ұлыма кигіздім. Қартайған кезімде бағады ғой деген зор үмітім де болған. Бірақ ұлым анасыз өскеннен бе, мейірім - шапағаты жоқ болып шықты. Маған қарайламайды, сондықтан өз күнімді өзім амалдап жүрмін. Ұлымның үйіне бара қалсам, қолыма ілінген затты ала кетемін. Ол затты сатып, ақшасына тамақ жеп күнелтемін. Бұл ісім дұрыс па, қате ме, білмеймін, - деп егіліп жылайды. Пайғамбарымыз ашуға булығып ұлына қарап:
- Тарқан дүниең, сатып алған заттарың, тіпті сенің өзің де әкеңнің жеке мүлкін дейсің! Егер тапқан табысың әкеңді бағуға жетпесе, әкең сенің өзіңді сатып жіберуге құқы бар. Сен тапқан табысыңды өзімнің ғана мүлкім деп, бұған басқаның қатысы жоқ деп ойлама! Барлық дүниеңе әкең ие! – деп қатты айтады. Халық даналығында: «Әке-шешең жынды болса, байлап бақ» демей ме? Пайғамбардан: «Ең алдымен жақсылықты кімге істейміз?» - дегенде, ол:
- Анаңа! – деді
- Одан кейін ше?
- Анаңа!
- Ал одан кейін ше?
- Анаңа!
- Ал одан кейін ше?
- Әкеңе!

  1. «Қола қақпа» кезеңі

  Әр топ әңгіменің кез-келген эпизодын көрініс түрінде көрсетулері керек.

 «Ортада қаламсап»  стратегиясы



Проблемалық сұрақтар қою:

  1. Қариялар жасы ұлғайғанда қараусыз қалуға тиісті ме?

  2. Қарттар үйіндегі қарттар саны неліктен көбеюде?

Күтілетін жауап:  Әрбір бала ата-ана алдындағы парызын білуге міндетті. Себебі, біз де болашақ ата-анамыз. Егер біз ата-анаға қиянат жасасақ, алдымыздан сондай нәрсе қайталанып келеді. Ата-ана қартайған шағында қараусыз қалуға тиіс емес. Керісінше, бізді қалай күтіп, баптап, мәпелеп өсірген болса, біз де оларды қартайғанда  мәпелеуіміз керек. Қазіргі заманда дұрыс жұмыстың болмауы, балабақшалардың жабылып қалуы – жастардың жаппай қалаға көшуіне себеп болып отыр. Сондықтан да ауылдағы қарттар жалғызсырап қалуда. Ал қала өміріне келсек, адамдардың көбісі бай болсам, байлық тапсам деп  ашкөзденіп ата-аналарын ұмытуда. Әке-шешесінің үйін сатып, өздерін қарттар үйіне тапсырып жатқандары қаншама. Ата-ене алдындағы парызын өтеуге еріншектенген шала қазақ келіндерінің әрекеттері қарттар үйіндегі қарттардың көбеюіне себеп деп ойлаймыз.

Мұғалім:  Қазақстан бойынша 44 мың қарт қарттар үйінінің тұрғыны екен. Жаһандану қазақ қоғамын құрдымға батырып бара жатқандай. Бүгінде көптеген жастар ата-аналарын қарттар үйіне тапсыруды үрдіске айналдырған. Бұл –өте үлкен қасірет. Күнделікті өмірде ата-анасын ренжітіп, оларға қатты сөйлеп, қол көтеріп жататындар да кездеседі. Бұл неліктен? Оған таңданып қарағанша келешекте осынау ақжаулықты аналарымыз бен ардақты әкелеріміздің, аталарымыздың осы жалған дүниенің тозағына түспеуінің қамына кірісуіміз қажет. Шариғат бойынша ата-ананың разылығы – Алланың разылығы. Ал ата-ананың ашуы мен ызасы, яғни қарғысы Жаратқан Алланың қаһарына тең. Ата-ананың сені қарғадым деп айтуы міндет емес. Олардың көңілін қалдырудың өзі – перзенттің қарғысқа ұшырауы деген сөз.

  1. «Күміс қақпа» кезеңі

 «Кімнің сөзі»

-Қажыған шығарсың, шай қояйын ба, мызғып аласың ба?

-Алдымен анау отырған шешесі қазақша білмейді, қайта бұған кінә жоқ.

-Аже, бер, дайте мне, дайте!

-Әй, доғаршы енді. Анау өзіміздің Аспандиярға домбыра берші, ән салсын.

-Мама, мама, ребята идут на озеро.

Менің әлгі кішкентайым, Құдай-ау немене дейді...бірдеңе боламын дейді.

Ой, көке-ай, мені баласырап барады деп ойлайсың ба? Орыс мектебінің жоқ екенін айтып отырмын ғой.

Сөздікпен жұмыс

Міндет – күнделікті іс-әрекет арқылы имандылық пен қайырымдылық рәсімдерін орындау.

Парыз – міндетті іске асырудың қалыптасқан жолы.

Борыш – ата-анаға ,үлкен адамға қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу үшін жүргізілетін салтқа айналған қайырымды іс-әрекеттер.



«Алтын қақпа» кезеңі

1 – тапсырма

Егер мен Ерғабыл қарттың немесе Сапабектің орнында болсам...



2 – тапсырма

Жеке оқушылармен жұмыс.

  1. Ата-анаға қатысты мақал-мәтелдің жалғасын тап.

  2. Төмендегі сұрақтарға жауап бер:

3 - тапсырма

Синквейн құрастыру

Ата-ана, үміт, парыз, борыш, міндет, қарыз, бала

ВЕНН диаграммасы.


Айырмашылығы

Ұқсастығы

Айырмашылығы

Ерғабыл – ауыл тұрғыны,қарт, оқымаған,көп сөйлемейтін, қарапайым жан

Әкелі-балалы туыстар,ер адам, айтқанынан қайтпайтын бірбеткей

Сапабек – қала тұрғыны,жас, оқыған,өзімшіл,көп сөйлегіш




Шығармашылық жұмыс


Бүгінгі сабақтан нені үйрендік, не білдік, нені көкейімізге түйдік?

Синквейн құрастыру

Ата-ана, үміт, парыз, борыш, міндет, қарыз, бала

- Сонымен,оқушылар,бүгінгі сабақта біз қалада тұратын Сапабектің қарт әке-шешесіне салқын,жасанды қарым-қатынасын таныдық.Әлпештеп өсірген ата-ана алдындағы баланың мәңгілік перзенттік парызы туралы ұғындық.Қалаға асығатын Сапабектің  ұлтымыздың дәстүр-салтынан қол үзіп қалған,перзенттік борыш-парызды жеңіл түсінетін,ата-анасына деген мейрімділігі жоқ екенін байқадық.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді



Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

Үйге тапсырмасын беру

«Қарт адам-қазына» шағын ойтолғау жазып келу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет