Сабақ тақырыбы Тепе-теңдік түрлері



Дата17.10.2019
өлшемі55,74 Kb.
#50224
түріСабақ
Байланысты:
10сынып тепе-тендік түрлері


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Статика

Мектеп: 116 Д.Нұрпейісова атындағы жоббм

Күні: 07.10.19 ж

Мұғалімнің аты –жөні: Шидербаева А.С

Сынып: 10 (жмб)

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тепе-теңдік түрлері

Осы сабақта қол жеткізі-летін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.3.2 -әртүрлі тепе-теңдікті түсіндіру кезінде себеп-салдар байланысын орнату;

Сабақ мақсаттары

Тепе-теңдік шарттарының орындалуын білу және түрлерін ажырата алу;

Шамалар арасындағы байланысты тағайындай алып, оны өмірмен байланыстыру.



Жетістік критерийлері

Тепе-теңдік шарттарының орындалуын біледі және түрлерін ажырата алады;

Шамалар арасындағы байланысты тағайындай алады, оны өмірмен байланыстырады.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсіну және қолдану керек:дене, орта, центр, ауырлық центрі, массалар центрі, центрифуга

Құндылықтарды дарыту

  • Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыстануға үйрету)

  • Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

  • Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

Пәнаралық

байланыстар

Математикамен байланыс арқылы математикалық есептеулерді дұрыс жүргізуді жүзеге асыру

Бастапқы білім

Оқушылар 7.4 В бөлімінен моменттер анықтамасын, гравитацияның центрі идеясын және объектіні теңгерімде моменттерді пайдалануды естеріне түсіру қажет.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспар-ланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой шақыру

10 мин



Оқушылармен амандасу, түгендеу

Оқушыларға Тапсырма.



І. «Ой шақыру» стратегиясы өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою.

1. Тепе-теңдік дегеніміз не? Тепе-теңдік деп дененің тыныштықта, бірқалыпты түзусызықты қозғалыста немесе қозғалмайтын оське қатысты бірқалыпты айналып тұрған күйін айтамыз.

2. Тепе-теңдік анықтамасында айтылған дене күйлері туралы бұрын қандай заңда айтылды? Тепе-теңдік анықтамасында айтылған дене күйлері туралы бұрын Ньютонның І заңында айтылды.

3. Ньютонның І заңы қалай тұжырымдалады? Егер денеге түсірілген барлық күштер өзара теңгерілген болса, онда дене өзінің тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалысын сақтайды.

4. Күш иіні дегеніміз не? Айналу осінен күш әрекеті сызығына дейінгі ең қысқа қашықтық күш иіні (d) деп аталады.

5. Күш моменті дегеніміз не? Күш пен күш иінінің көбейтіндісі күш моменті (М) деп аталады. M= F∙d

Осы айтылған физикалық ұғымдар мен шамалар механиканың қандай бөлімінде кең қолданылады деп ойлайсыздар? Әрине, дұрыс! Статика

Қатты денелердің тепе-теңдікте болу шарттарын зерттейтін механиканың бөлімін статика деп атайды.

Сонымен жаңа тақырыбымыз:



07.10.19. «Тепе-теңдік түрлері»

Күннің жадын және жаңа тақырыпты дәптерімізге жазып алайық.



Бүгінгі негізгі мақсатымыз тепе-теңдік түрлерімен, шарттарымен танысу және тепе-теңдік шарттарын есеп шығарғанда қолдана білу.

Ресурстарды топтарға бөліп беремін (5 мин.)

«Орнықты» тобына «Тепе-теңдіктің түрлері»

«Орнықсыз» тобына «Тіректегі дененің тепе-теңдік орнықтылығы. Аударылу »

«Талғаусыз» тобына «Аспадағы дененің тепе-теңдік орнықтылығы»

№1 есеп пен №2 есептің шығарылу жолдарын өзбеттерімен түсіну (5 мин).

Түсінгендерін тақтада көрсетіп айтып, басқаларына түсіндіру.

Слайд


Оқушылармен пікір алмасу

Оқушылардың хабарламасын бейнежауап арқылы тексеру: электронды оқулық



Ойлану/

Ақпарат

25 мин


  1. Орнықты тепе-теңдік дегеніміз не?

  2. Орнықсыз тепе-теңдік дегеніміз не?

  3. Талғаусыз тепе-теңдік дегеніміз не?

  4. Ауданды тірегі бар дене тепе-теңдікте болу үшін қандай шарт орындалу керек?

  5. Дененің тепе-теңдігі орнықты болу үшін оны қандай етіп жасайды?

Ғаламтор – ресурстары





  1. Айналу осі жоқ денелердің тепе-теңдік шарты қандай?

  2. Айналу осі бар денелердің тепе-теңдік шарты қандай?

І. Деңгейлік тапсырмалар

С деңгей. (№3 есеп) (екі топқа беріледі, шығарып болған соң қорғаушы топты бағалаушы топ бағалайды)

Екіметрлік АС өзегінің бір шеті жарға А нүктесінде айналатын етіп бекітілген. Екінші шеті ұзындығы 2,5 м ВС тросымен ұстатылған және онда массасы 120 кг жүк ілінген. Трос пен өзекке әрекет ететін күштерді табыңыз.



В деңгей. (4-жаттығу №1) (екі топқа беріледі, шығарып болған соң қорғаушы топты бағалаушы топ бағалайды)

А деңгей. (№5 есеп) (екі топқа беріледі, шығарып болған соң қорғаушы топты бағалаушы топ бағалайды)

Ұзындығы 10 м кір жайғыш жіпке салмағы 20 Н костюм ілінген. Киім ілгіш жіптің қақ ортасында орналасқан және осы нүкте алғашындағы көлденең жіптің деңгейінен 10 см төмендеген. Жіптің керілу күші қандай?





Рефлексия

3 мин
Үйге тапсырма

2 мин


Мен білемін

Мен білдім

Мен білгем келеді

Тақырып бойынша қайталау



Стикерлерге өз ойларын түсіру


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Теориялық мәліметтерді игереді, зертханалық жұмысты орындайды



Оқушылардың көпшілігі:

График тұрғызуда нақты масштабты дұрып таңдап, градиент мәнін дәл анықтайды



Кейбір оқушылар:

Сұрақтар қояды




Мадақтау

Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету жетістік критерийлері арқылы



Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау

Көз жаттығуларын орындау



Кабинетті желдету

Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?



Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет