Қолданылуы:
Медицинада диагноз қою үшін;
Өндіріс пен тұрмыста қолданылатын жабдықтар мен бұйымдардың ішкі ақауларын, қуыстар мен жарықшақтарын табу үшін;
ІV.Есептер шығару. №6.9.3, №6.9.4.
V. Үйге тапсырма: Рентген сәулелері. Компьютерлік томография.
VІ. Қорытындылау. Бағалау
Тексерілді:.............
11-сынып.
Сабақ тақырыбы: §6.9, §6.10. Жарықтың кванттық табиғатын растайтын тәжірибелер. Жарықтың корпускулалық-толқындық табиғатының біртұтастығы.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға Боте, Вавилов тәжірибесі, жарықтың толқындық қасиеті, кванттық қасиеті туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
Рентгендік сәулелену деген не?
Рентген түтіктерінде рентген сәулелерінің пайда болуын түсіндір.
Тежелуші рентген сәулеленудің қысқа толқынды шекарасы деп нені айтамыз?
Лебедев тәжірибесін сипаттап беріңдер.
Кванттық теория тұрғысынан жарық қысымын қалай түсіндіруге болады?
Есептердің шығарылуын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Боте тәжірибесі
Ф-жұқа металл фольга
С-санағыштар
М-арнаулы механизмдер
Вавилов тәжірибесі.
Бұл тәжірибеде өте әлсіз, интенсивтігі адам көзінің жарықты сезіну шегімен сәйкес келетін жарық көздерінің бір жанып, бір сөніп жыпылықтап тұруы бақыланады. Егер адам біраз уақыт қараңғыда отырса, ол тек интенсивтігі жоғары жарықты көре алады, одан әлсізді көрмейді. Бұдан әр жарқыл кезінде интенсивтік орташа мәнінен ауытқып отырған деген қорытынды жасауға болады.
Жарық –тез қозғалатын корпускулалар ағыны. (жарықтың түзу сызықты таралуы).
ХІХ ғасырдың аяғында фотоэффект және Комптон эффектісі Ньютон теориясын негіздеді.
Жарық дегеніміз – толқын. Толқындар қиылысқаннан кейін өзара әсерлеспейді.
Интерференция, сыну құбылыстары, дифракция құбылыстар Гюйгенс теориясын негіздеді.
Жарық екі қасиетке ие:
Жарық таралғанда оның толқындық қасиеті байқалады.
Затпен әсерлескенде корпускулалық қасиеті байқалады.
Толқын ұзындығы азайған сайын немесе жиілігі артқан сайын жарықтың кванттық
қасиеттері айқын біліне бастайды, тоқындық қасиеті байқалмайды.
Юнг және Френель жұмыстарының нәтижесінде жарықтың толқындық теориясы
жеңіп шықты.
Максвелл еңбектерінің нәтижесінде жарықтың электромагниттік толқын екені
дәлелденді.
ІV.Пысықтау.
V. Үйге тапсырма: §6.9, §6.10. Жарықтың кванттық табиғатын растайтын тәжірибелер. Жарықтың корпускулалық-толқындық табиғатының біртұтастығы
VІ. Қорытындылау. Бағалау.
11- сынып.
Бақылау жұмысы.
Мақсаты:
Оқушылардың І жарты жылдықта алған білімдерін жинақтау, қорытындылау, тексеру.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуге дағдылан,дыру.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: өз бетімен жұмыс
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Бақылау жұмысын орындау.
І нұсқа.
Индуктивтілігі 31 мГн катушка әрбір астарының ауданы 20 см2, ал арақышқытығы 1 см жазық конденсаторға жалғанған. Егер ток күшінің амплитудасы 0,2 мА, ал кернеудің амплитудасы 10 В болса, астарлар арасындағы кеңістікті толтырып тұрған ортаның диэлектрлік өтімділігі неге тең?
Тізбектегі ток күші уақытқа тәуелді заңы бойынша өзгереді. Ток күшінің әсерлік мәні, оның бастапқы фазасы мен жиілігі қандай? t1=0,08c; t2=0,042c уақыт мезетінде тізбектегі ток күші неге тең?
Кеңістіктің қайсыбір нүктесіне оптикалық жүріс айырымы 6 мкм когерентті сәлелер түседі. Егер толқын ұзындығы: а) 500 нм, ә) 480 нм болса, онда бұл нүктеде не болады? Жарық күшейе ме, әлде әлісірей ме?
Дене жинағыш линзаның алдыңғы фокусынан 0,1 м қашықтықта, ал дененің айқын кескіні алынған экран линзаның артқы фокусында одан 0,4 м қашықтықта орналасқан. Линзаның оптикалық күші және дененің ұлғаюы қандай?
Төртінші орбитадан екінші орбитаға ауысқандағы сутегі атомы шығаратын сәуленің толқын ұзындығын анықтау керек.
ІІ нұсқа.
Егер тербелмелі контур индуктивтігі 2ּ10-3 Гн катушка мен жазық конденсатордан тұрса, ол қандай толқын ұзындығымен сәйкестендірілген? Конденсатор астарларының ара қашықтығы 1 см, астарлар арасындағы кеңістікті толтырып тұрған заттың диэлектрлік өтімділігі 11-ге тең, астарлар ауданы 800 см2.
егер сынаптың жасыл сызығы (λ=546,1 нм) біріші реттік спектрде 1908/ бұрышпен көрінсе, дифракциялық торда ұзындық бірлігіндегі сызықшалар санын анықтаңдар. (sin1908/=0,3278).
Егер Жерге қатысты 0,99с жылдамдықпен қозғалатын ракета ішінде 5 жыл өтсе, онда Жерде қанша уақыт өтеді?
Натрийді жиілігі 4,5ּ1015 Гц жарықпен жарықтандырса, оның бетінен ұшып шығатын электрондардың жылдамдығын табыңдар.
Бор теориясын пайдаланып, сутегі атомы үшін электронның бірінші орбитасының радиусын және осы орбитадағы электронның жылдамдығын анықтау керек.
ІІІ нұсқа.
Индуктивті катушкадағы ток 0,6 с ішінде 1 А-ге өзгергенде, онда 0,2 В-қа тең ЭҚК-і пайда болады. Контуры осы катушка мен сыйымдылығы 14100 пФ конденсатордан тұратын генератор шығаратын толқын ұзындығы қандай?
Тербелмелі контур сыйымдылығы 1 мкФ конденсатор мен индуктивтігі 4 Гн катушкадан тұрады. Конденсатордағы зарядтың тербелістер амплитудасы 100 мкКл. теңдеулерін жазыңдар. Ток күші мен тербелістерінің амплитудаларын табыңдар.
Күн бетінің температурасы 6000 К болса, онда 1 с ішінде оның 1 км2нен шығатын энергия қандай?
Еге мырышты ультракүлгін жарықпен (λ=320 нм) жарықтандырса, онда электрондар қандай ең үлкен жылдамдықпен қозғалады?
Дене мен кескіннің ара қашықтығы 0,72 м. Линазынң ұлғайтуы 3-ке тең. Линзаның фокус аралығын табыңдар.
ІІІ. Қорытындылау.
IV. Бағалау.
11-сынып.
Сабақ тақырыбы: §7.3. Бор постулаттары.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға Бор постулаттары туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
Қандай тәжірибелер атом құрылымының күрделі екенін көрсетед?
Сызықтық спектр деген не?
Сутегі спектрінде қандай сериялар бар?
Томсон үлгісін сипаттаңдар.
Резерфорд тәжірибесін сипаттап, түсінідіріп беріңдер.
Атомның ядролық үлгісін сипаттаңдар.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бордың бірінші постулаты.
Атомда электрондар қозғалатын стационар орбиталар бар. Стационар орбитадағы электрондар сәуле шығармайды.
Бордың екінші постулаты.
Электрон энергиясы Еn стационар орбитадан энергиясы Еm стационар орбитаға ауысқанда, энергия кванты жұтылады не шығарылады. Ол энергия мына түрде анықталады:
hν=En-Em
Энергетикалық диаграмма
Достарыңызбен бөлісу: |