Сабақ тақырыбы: Тәрбие процесі, оның мәні мен ерекшеліктері Мақсаты



бет19/21
Дата06.02.2022
өлшемі52,77 Kb.
#80355
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
04.09.2020 ж. Лекция ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Сыртқы қарама-қайшылықтар:
• Қоғамдық ережелер мен адамдардық тәртібі арасындағы сәйкессіздік.
• Мұғалімнің талабымен оқушының тәртібінің арақатынасы.
Ішкі қарама-қайшылықтар:
• Тәрбиешінің талабы мен тәрбиеленушінің мүмкіндігінің ара- қатынасы.
• Тәрбиеленушінің қажеттіліктері мен қанағаттандыру тәсілдерінің ара қатынасы.
"Қазақстан Республикасының Білім туралы" Заңы, Қазақстан мақұлдаған Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ Конвенциясы тәрбиені негізінен тұлға дамуын анықтайтын оқумен қатар білім берудегі екі компоненттің бірі деп қарайды.
Қазакстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің негізгімақсаты- жастардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді кұрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге, Конституцияға және қоғамға қарама-қайшы келетін әрекеттерге төзбеушілікке тәрбиелеу.
Грек философы Аристотель (Aristotle, б.з.д. 384 - б.з.д. 322 жылдар) тәрбиенің 3 түрін бөліп көрсеткен: дене, адамгершілік және ақыл тәрбиесі. Өзінің «Саясат» (Politica) атты еңбегінде басшы жастарды тәрбиелеуге баса назар аударғанын айта келе, саясаткерлер адамгершілігі мол тұрғындарға қарағанда, азаматтарды қайырымдылыққа тәрбиелеу керектігін айтады [2].
Тәрбие мәселесін зерттеушілер арасынан әлемге әйгілі ойшыл, философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, музыка зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950) орны ерекше. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» трактатында тәрбие туралы нақты ғылыми анықтама берді: тәрбиелеу дегеніміз - халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз; тәрбиелеу кезінде халықтар мен қала тұрғындарына білімге негізделген қасиеттерден тұратын іс-әрекеттер дағдысы сіңіріледі; этикалық ізгіліктерді - білім, тәрбие арқылы дарыту керек, сол арқылы адам игілікті істерге талпынады.
Аталмыш еңбекте елдің басшысы өз бойында туа біткен 12 қасиетті ұштастырса көптеген жетістіктерді бағындыратындығы жайында баяндайды:
1) ... адамның мүшелері мүлде мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелерінің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек, сонда егер адам әлдебір мүшесінің жәрдемімен әлденедей бір іс істемек болса, ол мұны оп-оңай атқаратын болады; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек;
2) өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардан ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек;
3) әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып-үйренуден шаршап-шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болу керек;
4) тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болу керек, жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ болып, бұдан алатын ләззатқа жирене қарауы шарт;
5) шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік-жалған мен суайттарды жек көру керек;
6) жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын болуы шарт; жаны жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары болып жаратылысынан игі істерге ынтазар болуы тиіс;
7) жаман атауға, жалған дүниенің басқа да белгілеріне жирене қарау керек;
8) жаратылысынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп әділетсіздік пен озбырлықты және осылардың иелерін жек көру керек;
9) жақындарына да, жат адамдарға да әділ болып жұртты әділеттілікке баулып, әділетсіздіктен зардап шеккендердің залалын өтеп, жұрттың бәріне де өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп отыруы қажет;
10) әділ болу керек, бірақ қыңыр болмау керек;
11) әдептілік;
12) өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, бұл ретте қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек... [3].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет