Мектеп:
|
Сабақ тақырыбы: Теңсіздіктер жүйелерін шешу
|
Күні:
|
Мұғалімнің есімі:
|
Сынып:
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
8.2.2.10 Біреуі сызықтық, екіншісі квадрат теңсіздік болатын екі теңсіздіктен құралған жүйелерді шешу
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: біреуі сызықтық, екіншісі квадрат теңсіздік болатын екі теңіздіктен құралған жүйелерді шешеді;
Оқушылардың басым бөлігі: жүйенің әрбір теңсіздігін шешіп,интервалдар әдісі немесе графиктік тәсіл арқылы табылған шешімдердің қиылысуын табады;
Кейбір оқушылар: аралықтар кескіні бойынша теңсіздіктер жүйесін құрады.
|
Бағалау критерийлері
(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)
|
-жүйенің құрамындағы әрбір теңсіздікті шешеді.
-интервалдар әдісін қолданады.
-шешімдердің қиылысуын табады.
|
Тілдік мақсаттары
|
Оқытудың тілдік мақсаты:
сызықтық және квадраттық бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешу жолын айтады.
|
Пәнге қатысты лексика және терминология:
«теңсіздікті шешу»,« мәндес теңсіздіктер», «квадрат үшмүше», «сан аралығы», «тура теңсіздік».
|
Диалогқа / жазылмаған қажетті тіркестер:
теңсіздіктерді шешу дегеніміз…,
теңсіздіктің екі бөлігін де бірдей санды, не өрнекті қоссақ (азайтсақ),онда …, егер теңсіздіктің екі бөлігін де оң санға көбейтсек, не бөлсек онда…
|
Құндылықтарды дарыту
|
Достық ,адамгершілік қасиеттерін негізге ала отырып,оқушының оңтайлы білім алуы үшін ынтымақтасқан орта қалыптастыру
|
Пәнаралық байланыстар
|
Информатика (ақпарат алу, ақпарат іздеу алгоритм құра білу, ақпаратпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру)
|
Алдыңғы білім
|
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу (6 сынып) Квадарт теңсіздікті шешу тақырыбы бойынша алған білімдерін қолдану.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
(Ұ) Ширату жаттығулары «Миға шабул» әдісі бойынша оқушылардың ойлау зейінін шоғырландыру сұрақтары
1.Теңсіздікті шешу дегенді қалай түсінесіндер?
2.Теңсіздіктің шешімі дегеніміз не?
3.Қандай теңсіздікті мәндес теңсіздік дегеніміз не?
4.Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін қалай шешеді?
5.Кандай теңсіздік квадрат теңсіздік деп аталады?
6.Рационал теңсіздік дегеніміз не?
7.225 қай санның квадраты?
8.Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?
Мақсаты: Өткен тақырыпты қайталау,оқушылардың математикалық тілде сауатты сөйлеу дағдысын жетілдіру.
|
«Конверт»
үлестірмесі
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа сабақты меңгерту.
Bilimland. kz. Ақпараттық ресурс арқылы жаңа тақырыпты ашатын бейнеролик көріп, өз ойларын, идеяларын және есепті шығару жолдарын алады.
(Т) 1-тапсырма «Ақиқат ... жалған » белсенді әдісі. Бұл әдіс сұрақтарға қатысты әртүрлі пікірлерді зерттеуге көмектеседі, оқушылардың қарастырылатын сұрақтар бойынша негізгі түсінігін бағалау үшін пайдаланады, оқушылардың сұраққа қатысты өз ұстанымын білдіруді талап етіледі. Сондай ақ оқушыларға өз пікірлерін талқыланатын сұрақ туралы білімдер мен негіздеу қажет екендігін түсінуге көмектеседі. Өткенді еске түсіреді, өз ойын жинақтайды, ақпаратты талдайды.
Тұжырымдама
|
Ақиқат
|
Жалған
|
Айнымалының теңсіздікті қанағаттандыратын мәндерін оның шешімдері деп атаймыз.
|
+
|
|
Квадрат теңсіздікті тек аралықтар тәсілімен шешеді
|
|
+
|
Шешімдері бірдей болатын болатын теңсіздіктерді мәндес теңсіздіктер деп атайды.
|
+
|
|
2х+3 теңсіздігі квадрат теңсіздік болады
|
|
+
|
Дескриптор:
-дұрыс тұжырымды анықтайды;
-жауабын негіздейді.
ҚБ: «Бас бармақ» әдісі
Кері байланыс. Сызықтық теңсіздіктің квадрат теңсіздіктен айырмашылығы қандай?
(Т,Ж)2-тапсырма. «Ойлан – жұптас бөлігі » әдісі мұнда әрбір оқушы берілген тапсырма бойынша жеке жұмыс арқылы өз ойын қорытып ,жұп болып пікірімен бөліседі
Дескриптор:
-сызықтық теңсіздіктің шешімдер жиынын табады;
-квадрат үшмүшенің түбірлерін табады;
-квадрат үшмүше мәндерінің оң (теріс) болатын аралықтарын табады;
-квадрат теңсіздіктің шешімін табады;
-теңсіздіктердің шешімдерінің қиылысуын табады.
ҚБ: «Бағдаршам » әдісі.
Кері байланыс. Теңсіздік жүйесінің шешімі болатын аралықты қалай таптыңдар?
(Т)3-тапсырма. «Сәйкестендіру» белсенді әдіс тәсілі. Оқушылардың алған білімін қолдану ,нақтылау және оқушылар белсенділігін арттыру мақсатында қолданылады.
Дескриптор:
-теңсіздіктердің қасиеттерін қолданады;
-жүйедегі квадрат теңсіздіктерді шешеді;
-интервалдар әдісін қолданады;
-жүйе шешімін табады.
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі өз өздерін бағалайды.
Кері байланыс: оқушылардың ойын жинақтауға көмектесетін бағыттаушы сұрақтар.
|
https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/algebra/tengdeuler-men-tengsizdikter
«Ақиқат жалған» слайды
«Көршіңмен талда» слайды
«Сәйкестендіру» слайды
|
Сабақтың соңы
|
Қорытынды: «Блоб ағашы» әдісі арқылы жүргізіледі. Оқушының тақырыпты қаншалықты меңгергендігін бағалауға арналған тәсіл. Өтілген тақырып бойынша оқушы қандай дәрежеде өз білімін көрсете алады, ағаштан өзін тауып бояп қояды.
Рефлексия: «Бағдаршам» әдісі арқылы жүргізіледі.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсетеді.
Жасыл түс – сабақтан жаңа идеяларды байқадым.
Сары түс- жаңа сабаққа көңілім толды.
Қызыл түс- бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті.
Үйге тапсырма. 156бет
|
«Блоб ағашы»
үлестірмесі
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?
|
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлаймыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
|
|
|