Сабақ Тақырыбы: «Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы»



Дата05.06.2017
өлшемі53,81 Kb.
#18161
түріСабақ
С.Шарипов атындағы Доссор мектеп-интернаты


Ашық сабақ


Тақырыбы: «Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы»

7 «ә» сынып

Тарих пән мұғалімі:Рахымғалиева Г.Т.

2015 оқу жылы

Тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Тәукенің хан болу қарсаңындағы және хандық құрған кезіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы туралы, Тәуке ханның «Жеті Жарғы» заңдары және жасауға қатысқан қазақтың ұлы билері туралы мәліметтермен оқушыларды жан-жақты таныстыру;

Дамытушылық.Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік.Тәуке ханның және ұлы билердің мемлекетті нығайту үшін атқарған қызметтерін көрсете отырып, оқушыларды адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтеп, оның дамуына үлес қосуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, тірек - сызбамен жұмыс, сұрақ – жауап, топтастыру, сәйкестендіру тесті, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, құқықтану, география.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, суреттер, карта, тірек - сызбалар, Аңыз адам журналы, буклет, сандықшалар, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру:  Амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару,  топқа бөлу.

І-топ Хандар

ІІ-топ Билер

ІІІ-топ Батырлар



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Сәйкестендіру тесті:

1

Жәңгір хан билік құрды

А

1613-1627 жж.

2

Жалаңтөс батыр әскерінің саны

Б

50 мың

3

Тұрсын хан билік құрды

В

1628-1652 жж.

4

Қазақ-бұхар шайқасы

Г

1643 жылы

5

Жоңғар әскерлерінің саны

Д

20 мың

6

Орбұлақ шайқасы

Е

1603 жылы

 

Жауабы: 1-В, 2-Д, 3-А, 4-Е, 5-Б, 6-Г
ІІІ.Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Салқам жәңгір. Орбұлақ шайқасы

      2. Тәукенің хан билігіне отыруы.

      3. Тәуке ханның тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.

      4. «Жеті Жарғы» заңы

      5. Ұлы билер


Тәуке хан хандық билікті нығайтты

Тың өзгерістер енгізді

Тәуке хан

«Хандық кеңестің» және «билік кеңестің» рөлін арттырды

Феодалдық талас-тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қуатты қазақ хандығын құруға күш салды

Хан мен билер ғана соттық сансапты атқаруға тиіс болды

Билер жергілікті атқарушы өкіметке айналды


Хандар тобына:

Жәңгір хан елді қалай басқарды

Билер тобына:

Билер кеңісі” қай жерлерде және не мақсатпен өткізіді



Батырлар тобына:

Тәуке хан алдына қандай мақсаттар қойды
ІҮ«Ғажайып жетілік» (сұрақ - жауап)
1. Тәуке ханның негізгі мақсаты?
2. Тәуке хан саясатының басты бағыттары?
3. 1681 – 1685 жж. қандай оқиға болды?
4. Жоңғарлармен күресте стратегиялық тірек – бекеттері болған қалаларды ата.
5. «Жеті жарғыда» қарастырылған мәселелер?
6. «Құн» деген не?
7. Құрылтай дегенді қалай түсінесің? Қандай мәселелер қаралды?

Ү.Тарихи сөзжұмбақтар:


ҮІ.Сабақты қорыту кезеңі «Білім әлеміне саяхат»


1. Тәуке хан дала ақсүйектерінің өкілі........................ көмегімен өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты.
2. Тәуке хан бірқатар шаралар қабылдады. Ол билер кеңесінің өтетін...................... мен белгіленді.
3. Билер кеңесі...........................,............................ және........................... өткізілген.
4. Билердің даналығы мен кемеңгерлігі хандықты ауыр сындардан аман.................... бағытталды.
5. 1687 – 1688 жж. Тәуке.............................. жайлы Бұхара ханы Субханкулимен келіссөздер жүргізілді.
6. Тәуке хан орыс – қазақ қатынастарын жақсарту барысында 1686 – 1693 жж......................... жіберді.
7. 1698 жылдан бастап.......................... мен қазақ әміршілері арасындағы қарулы қақтығыстың жаңа кезеңі басталды.
8. Қазақтың.........................,......................,............................,..........................,..........................., қалаларды стратегиялық тірек бекеттеріне айналды.
9. Қазақ – қалмақ қырсықтары толассыз.......................,......................,........................ жылдар аралығында жүрді.
10. «Жеті жарғыға»...........................,........................, азаматтық құқық нормалары,......................,....................... туралы ережелер енгізілген.
11. « Жеті жарғы» бойынша жоғарғы судья........................ болған.
12. Өлім жазасы екі түрлі болған:................. және...................... өлтірілген.
13. Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығы.................................... мемлекет болды.
Оқушыларды бағалау, марапаттау.

Бағалау: Бағалау парақшалары арқылы
Үйге тапсырма: «Тәуке хан тұсындағы қазақ елінің жайы» шығармашылық тапсырма.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет