Сабақ Тақырыбы: Тірі жасуша біртұтас динамикалық жүйе. Прокаритотты және эукариотты жасушалар


Прокариотты және эукариотты жасушалардың негізгі құрылысындағы ерешеліктері



бет4/41
Дата10.11.2023
өлшемі4,1 Mb.
#190901
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Семинар сабақтары-молек.биология
7сынып 3тоқсан 382 бұйрық
Прокариотты және эукариотты жасушалардың негізгі құрылысындағы ерешеліктері

Қасиеттері

Прокариоттар

Эукариоттар

Ядро


Болмайды. ДНК цитоплазмада орналасқан

Бар. Ядроның сыртын цитоплазмадан бөліп тұратын екі қабат жарғақша қаптайды. Ядрошығы бар.

Ядро жарғағы

болмайды

болады

Генетикалық материал

ДНҚ дөңгелек молекулаларынан тұрады оны «бактериальды хромосома» деп те атайды

Хромосомада орналасқан ДНҚ –ң түзу молекулаларынан тұрады

Хромосома саны

біреу немесе екеу

бірнешеден көпке дейін

Жасуша қабырғасы

Болады. Пектиндер мен муреиндерден түзілген

Жануарлар жасушаларында болмайды. өсімдік жасушаларында целлюлоза, саңырауқұлақтарда - хитин

Мезосома

Болады

Болмайды

Мембрана органоидтары

Жоқ

Бар

Рибосома

Бар. Кішкене

Бар

Цитоқаңқасы

Болмайды

Жақсы дамыған

Жасушаның заттарды қорыту түрлері

Жасуша жарғағы арқылы тасымалдау

Фагоцитоз және пиноцитоз

Ас қорыту вакуольдары

Жоқ

Бар

Митоз және мейоз

Жоқ

Бар

Гаметалары

Жоқ

Бар

Жіпшесі

Бар, бірақ құрылысына байланысты

Бар

Тапсырма: Берілген кестені толтырып, сұрақтарға жауап беру.
Жануарлар мен өсімдіктер жасушасының ортақ белгілері

Белгілері

Өсімдіктер

Жануарлар

Пластидтер







Қоректенуі







АТФ синтезі







АТФ ыдырауы







Жасуша орталығы







Вакуолы









Органоидтарға жалпы сипаттама

Органоидтар

Құрылысы

Қызметі





















Ядроның құрылымы, оның құрылысы және атқаратын қызметі

Құрылымы

Құрылысы

Қызметі





















Пысықтау сұрақтары:

1. Эукариотты жасушалар дегніміз не?


2 Прокариотты жасушалар дегеніміз не?
3. Жасушалардың қандай түрлері болады?
4. Жасушасыз құрылымдардың қандай түрлері болады?
5. Ағзаның жасушалары қандай топтарға бөлінеді?

2 практикалық сабақ


Тақырыбы: Жасушаның құрамына кіретін бейорганикалық және органикалық заттар
Мақсаты: Жасушаның химиялық құрамына кіретін бейорганикалық және органикалық заттарды анықтау
Сұрақтар: Жасушаның химиялық құрамы, атқаратын қызметі және маңызы
Қысқаша сипаттама: Жасушаның құрамындағы бейорганикалық заттар. Жасушаның атомдық және молекулалық құрылымы. Макроэлементтер. Биоэлементтер. Микроэлементтер. Жасуша құрамындағы судың ағзадағы мөлшері мен маңызы. Жасушадағы минералды тұздардың маңызды катиондары мен аниондары, ағзадағы мөлшері мен маңызы. Жасушаның құрамындағы органикалық заттар, құрамы және ағзадағы мөлшері мен маңызы. Липидтердің құрылысы, түрлері, ағзадағы мөлшері мен қызметі. Ақуыз биологиялық полимер, ақуыз макромолекуласы, құрылысы, амин қышқылының құрылысы. Ақуыз молекуласын зерттеу әдістері (ақуыз құрылымдары) мен зерттеген ғалымдар. Ақуыздың қасиеттері атқаратын қызметтері. Пептид, дипептид, полипептид, пептидтік байланыстар.
Тапсырма: Берілген кестені толтырып, сұрақтарға жауап беру.

  1. Жасушаның құрамына кіретін бейорганикалық заттарды анықтау






Қослыстың түрі

Химиялық құрамы

Молекула құрылысының ерекшеліктері

Қасиеттері


































  1. Жасушаның құрамындағы органикалық заттар



Органикалық қосылыстардың атаулары

Жасушадағы және ағзадағы қасиеттері

Қызметтері




























  1. Жасушаның құрамында кездесетін липидтер



Липидтер және олардың түрлері

Жасушада алатын орны

Негізгі қызметтері




























  1. Ақуыз молекуласын ашқан ғалымдар



Ғалымдар

Еңбектерінің құндылығы























Пысықтау сұрақтары: 1. Жасуша құрамында қандай элементтер бар, олар қандай топтарға бөлінеді?

  1. Микроэлементердің жетіспеуі ағзаға қандай зиян клтіреді? Мысал келтіру.

  2. Жасушаның құрамына кіретін бейорганикалық заттардың маңызы?

  3. Органикалық заттар не жатадды, биополимерлерді атаңыз?

  4. Майлардың түрлері?

  5. Липидтердің молекуласының құрамы қандай атомдардан тұрады?

  6. Белок биополимер, мономерлеріне не жатады?

  7. Пептид, дипептид, полипептид, пептидтік байланыстар?

  8. Ақуыз құрылымдары?

  9. Ақуыздың қасиеттері атқаратын қызметтері

3 практикалық сабақ


Тақырыбы: Ақуыз құрамына кіретін амин қышқылдары


Мақсаты: Амин қышқылдарының негізгі қасиеттері, номенклатурасы, классификациялық топтарымен танысу.
Жұмыстың орындалуына түсініктеме: Ақуыз құрамына кіретін амин қышқылдары, кейбір белоктардың амин қышқылдар құрамы, амин қышқылдарының негізгі қасиеттері, биологиялық мәні, номенклатурасы, классификациялық топтарымен танысып дәптерге жазып алу
Қажетті құрал-жабдықтар:Амин қышқылдарының қысқартылған атауы, молекулалық массасы, ақуызда кездесетін орташа мөлшері түсірілген кесте.
Тапсырма: Берілген кестені толтырып, сұрақтарға жауап беру.

  1. Амин қышқылдарының номенклатурасы






Амин қышқылдары түрлері

Қысқаша атауы

Молекулалық массасы

Ақуызда кездесетін орташа мөлшері %


































  1. Амин қышқылдарының жіктелуі



Амин қышқылдарының топтарының аталуы

Топқа жататын амин қышқылдары

Ағзадағы маңыздылығы




























  1. Амин қышқылдарының физика-химиялық қасиеттері



Амин қышқылының физикалық қасиеттері

Амин қышқылының химиялық қасиеттері

Негізгі қызметтері

























Пысықтау сұрақтары: 1. Амин қышқылдары дегеніміз не?
2.Ақуыз құрамыны кіретін амин қышқылдарын атаңыз?
3. Амин қышқылдарының жіктелуі?
3. Полярлы амин қышқылдары дегеніміз не?
4. Полярсыз амин қышқылдары дегеніміз не?
5. Гидрофильді амин қышқылдары дегеніміз не?
6. Гидрофобты амин қышқылдары дегеніміз не?
7. Амин қышқылдарының физика-химиялық қасиеттері?
4 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Жасушаның энергиямен жабдықталуы. АТФ синтезі


Мақсаты:Тірі жүйедегі энергия алмасуын ажырату үшін энтальпия, энтропия және бос энергия ұғымдарына сипаттама беру
Қысқаша сипаттама: Жасушадағы зат алмасу және энергияның айналымы. Зат алмасу процессі дегеніміз-тірі организмдегі бергілі бір тәртіппен кезектесіп жүретін әр түрлі химиялық реакциялардың жиынтығы. Тірі жасушадағы зат алмасу процессі үздіксіз жүріп жатады.Орыстың ұлы физиологі И.М.Сеченов: "Өзіне қуат беріп тұрған сыртқы орта болмаса,организм тіршілік ете алмайды" деген болатын. Организм мен оны қоршаған сыртқы орта арасында үздіксіз зат пен энергия алмасып отырады. Зат пен энергияның алмасуы сыртқы ортадан организмге энергиясы мол органикалық заттардың келуінен басталады. Ол органикалық заттар ас қорыту жолына түсіп, ферменттердің жәрдемімен қарапайым заттарға ыдырайды. Содан кейін организмнің ішкі ортасы-қан мен лимфаға өтеді. Қарапайым заттар қанмен бірге жасушаға барып, түрлі химиялық өзгерістерге ұшырайды. Демек сыртқы ортадан заттардың организмге енуінен бастап, ыдырау өнімдерін қайта тысқа шығаруға дейінгі күрделі өзгеру тізбегін зат алмасу деп атайды. Зат алмасу немесе метаболизм екі сатыдан- катаболизм мен анаболизмнен тұрады.
Катаболизм (ыдырау реакциясы). Жасуша сыртқы ортадан энергиясы мол органикалық заттарды қабылдайды. Олар ферменттердің жәрдемімен тотыға отырып, энергиясы аз қарапайым заттарға ыдырайды дедік.Мысалы, нәруыздар (белок)-аминқышқылдарына, майлар-май қышқылдары мен глицеринге, ал көмірсулар-моносахаридтерге ыдырайды. Бұл қарапайым заттардың ең соңғы өнімі-СО2 мен Н2О.
Аминқышқылдары ыдырағанда оның құрамыннан аммиак NH3 бөлініп шығады.
Энергиясы мол органикалық заттардың ыдырауын катаболизм(ажырау) деп атайды.
Катаболизм реакциясы кезінде бөлініп шыққан энергияның бір бөлігі-еркін энергия, яғни АТФ түрінде сақталады. Екінші бөлігі, энергияға бай сутек атомын қосып алған "кофермент" НАДФ*Н түрінде сақталады. НАДФ (никотинамиддинуклеотидфосфат) - жасушада тұрақты болатын тасымалдауыш молекула, ол энергияға бай сутек атомын үнемі тасымалдайды.
Зат алмасудың негізгі қызметтерінің бірі-жасушаның энергияны қамтамасыз ету. Өлі табиғатта энергия алуан түрлі болып кездеседі: жылу, электр, Күн сәулесі, химиялық жанармай және т.б. Ал тірі организмдегі жағдай басқаша. Организмдер, негізінен, катаболизм кезінде бөлініп шыққан энергияны пайдананады. Демек, ыдырау реакциясы кезінде бөлініп шыққан энергия-заттарды белсенді тасымалдауға, синтез реакциясына, қозғалуға, бұлшық еттің жұмысына, жасушаның бөлінуіне және т.б. тіршілік әрекеттеріне жұмсалады.
Өсімдіктекті және жануартекті қорекпен қоректенетін организмдер сыртқы ортадан энергиясы мол органикалық заттарды-глюкоза, аминқышқылдары, витаминдер және т.б түрінде қабылдайды. Олардың қабылданған энергия бір түрден екінші түрге айналады.
Пайдасыз жылуға айналған энергия-салқын кезде организмдердің денесін жылытуға, ал ыстықта дененің тұрақты температурасын сақтау үшін жұмсалады. Организмдегі пайдалы энергия АТФ түрінде сақталады.
АТФ қышқылының молекуласы азотты негіз-аденин, рибоза және үш фосфор қышқылының қалдығынан тұрады. АТФ-тің молекуласы тұрақсыз. Егер ферменттердің әсерінен фосфор қышқылының бір молекуласы гидролизденсе 40 кДж/моль энергия бөлініп шығады. Нәтижесінде АТФ молекуласы АДФ-ке (аденозиндифосфор) айналады. Егер фосфор қышқылының екі молекуласы гидролизденсе АМФ (аденозинмонофосфат) қышқыла айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет