Топпен жұмыс. Топқа бөлу.
Айдарға інісі үшін бағдарлама жазуға көмектесуді жалғастырамыз. Бүгін бағдарламасына «Оқыту» блогын қосуды шешті, онда пайдаланушы санды енгізеді, ал бағдарлама нәтижесін хабарлайтын болады.
Scratch ойын бағдарламалау ортасында бағдарлама құрыңыз, Сіздің скрипт іс-қимылын блок-схема түрінде үлгісін салыңыз.
Талқылай келе, келесі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қанша айнымалы осы бағдарламада және олар қалай аталады?
2. Осы программаны бірден қосқаннан кейін айнымалылардың мәні неге тең?
3. Осы программаны аяқталғаннан кейін айнымалылардың мәні неге тең?
4. Бағдарламаны қайта іске қосу кезінде айнымалының мәні неге сақталады?
5. Сен, бағдарламалаушы ретінде, бағдарламаға үш және одан көп айнымалы қоса аласың ба?
Компьютерде жеке жұмыс істеу.
Кейіпкерлер үшін үш костюм таңда, алдыңғы программада барлық костюмдер болатындай өзгерістер енгізіңіз. Бірінші сұрақты, бір кейіпкер қойсын, екінші сұрақты келесі кейіпкер, ал жауапты үшіншісі айтсын. Барлығы бірге айтпас үшін, спрайтан – спрайтқа көшу тәртібін сипаттау қажет.
1. Блогты біріктіру "Сәлемдесу" және "Оқыту"
2. Бағдарламаны іске қосыңыз және сұрақтарға жауап беріңіз:
a. Дұрыс жұмыс істейма?
b. Ол не істейді?
c. Қойылған мақсатқа сай жұмыс істеу үшін, бағдарламаға не қосу ?
|