Сабақ тақырыбы: «Тұмар» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қамырмен жұмыс істеуге дағдыландыру



Дата15.09.2017
өлшемі38,62 Kb.
#33572
түріСабақ

Көшербаева Гүлназым Бақытқызы

Ақтөбе қаласы,

№24 «Аққу» мектепке дейінгі

ұйымының тәрбиешісі



Саласы: Шығармашылық, Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту, қол еңбегі

Сабақ тақырыбы: «Тұмар»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Қамырмен жұмыс істеуге дағдыландыру,

байланыстырып сөйлеуге үйрету.

2. Дамытушылық: ақыл ойын дамыту.

3.Тәрбиелік: адамгершілікке, бірін – бірі сыйлауға, ұжымдалып жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Жаңа сөз: Бойтұмар,тұмар, тарақ, балта.

Әдіс – тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: (әдемі әуен ойнап тұрады).

- Балалар жан – жақтарыңа қараңдаршы, бізге бүгін апайлар қонаққа келіпті, ендеше бәріміз бірге қонақтарға сәлем берейік.



Ұйымдастыру бөлімі: «Тілек гүлі»

Жарты шеңбер құрайық.

Алақанды соғайық.

Жерден қуат алайық.

Алақанға салайық.

Күннен шуақ алайық.

Алақанға салайық.

Жүректен алып жылуды,

Қонақтарға шашайық, - деп қонақтарға қарай шашамыз.

Тәрбиеші:

- Балалар, сендер саяхат жасағыларың келе ме? Бүгін ерекше дүкендерге саяхат жасаймыз. Балалар не көріп тұрсыңдар?



Балалар:

- Ағаш үй, қазақша киімдер. Ертеде ата-бабамыз көшпелі қазақ болған соң осындай оюланған, киізден жасалған үйде тұрған. Киіз үйдің сыртына әдемі оюлармен өрнек салатын болған.

Ал мынау - тақия, тақияны кімдер киген, бүрмелі көйлектерді кімдер киген?

Қоржынды не үшін пайдаланатын болған?

Өте дұрыс, балалар. Сендер қазақ халқының жиһаздарын, ыдыс-аяқтарын таниды екенсіңдер. Енді келесі дүкенге барайық.

Балалар, бұл дүкен «Зергерлік бұйымдар» сататын дүкен. Қараңдаршы, дүкенде неше түрлі бұйымдар көп екен. Мынау – сақина. Сақинаны кімдер тағады? Мынау – білезік. Білезікті кімдер тағады? Ер адамдар білезік таға ма? Ал мынау – сырға, сырғаны кімдер тағады? Дұрыс, мамаларымыз тағады, қыздар тағады, әжелеріміз тағады.

Енді балалар аздап бой сергітіп жіберейік. Сергіту сәті: «Сырға».

Сырға, сырғалар,

Құлағымда ырғалар.

Оң қолымда білезік,

Сол қолымда білезік.

Саусақтарда сақина,

Қане, санап көрейік.

Бір, екі, үш – бір, екі, үш.

Бойға жинап күш.

Енді балалар, әшекейлерге тағы бір қарап жіберейікші, не көріп тұрсыңдар? Сендер танымайтын қандай бұйым бар?

Бұл «тұмар» деп аталады. Тұмарды кішкентай баланың мойнына көз тимеске тағып қоятын болған. Мына бойтұмар теріден жасалып, жіппен тігілген. Қазір біз осы бойтұмарды жаңа жолмен жасаймыз. Бойтұмарды мойныма тағып аламын. Сендер орындарыңа отырып, назарларыңды маған аударыңдар. Балалардың алдында: оқтау, тақтайша, қамыр (қамырдың үсті кесемен жабулы тұрады).

Балалар бойтұмарды жасау үшін, бізге ұн, тұз және су керек. Осыларды араластыру арқылы қамыр жасап аламыз. Илеген қамырымыз қаттылау болу керек. Қамырымыз дайын, енді оны жазу үшін бізге оқтау керек. Мынау – оқтау. Осы оқтаумен нанды жазамыз. Қараңдаршы, дөңгелек ақ күлше шықты. Осы күлшені пышақпен кесу арқылы, былай тұмар жасауға болады. Тұмарды тәрелкеге салып, балаларға көрсетемін.

Балалар, қараңдаршы, мынау неге ұқсайды? Қандай пішінге ұқсайды? Мойнымдағы бойтұмарға ұқсай ма? Тек өнері жоқ, енді өнерін жасаймыз. Өнерін жасыл қамырмен саламыз. Қамырды алақанымыздың арасына салып, ширату арқылы қамырды жұқартамыз. Міне, жіңішке жіп пайда болды, осымен ою жасаймыз. Менің тұмарым дайын.

Енді менен көргендеріңді сендер жасаңдар. Алдарыңдағы кесені ашыңдар. Неше түрлі қамыр тұр? Ақ қамырда аламыз ба, әлде жасыл қамырды аламыз ба? Енді осы қамырды оқтаумен жазамыз. Жазылған қамырды пышақпен кесіп, бау тағатын жерін шырпымен тесіп қоямыз. Бойтұмарды жасап болған соң, тәрелкеге салып, басқа партаға апарып қояды.


Ойын: «Өз түсіңді тап».

  • Балалар, бүгін біз не жасадық, қандай дүкенге бардық? Дүкендерден не көрдік? Бойтұмардың қай жері аяқталмай қалды?

Бойтұмардың мойынға тағатын жерін келесі сабақта

жасаймыз.



  • Қамырмен жұмыс жасаған сендерге ұнады ма? Қамырдан тағы нелер жасауға болады? (торт, нан, құймақ, бауырсақ).

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар, ендеше келген қонақтарымызға бауырсақтан ауыз тигізейік.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет