Тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсері.
Зертханалық жұмыс №10. Электромагнитті жинау және оның әсерін зерттеу
Мектеп:
Ж.Сыдықов атындағы орта мектеп
Мерзімі:
18.01.2016
Мұғалімнің аты:
Иманалиева Р.С
Сынып:
8
Оқушылар саны
Сабақтың оқу мақсаттары
- Ампер тәжірибесін білу;
- магнит өрісініӊ тогы бар өткізгішке әсерін білу;
- Ампер күшін білу;
- сол қол ережесін білу;
- магнит өрісініӊ тогы бар рамкаға әсерін білу;
- магнит өрісініӊ тогы бар рамкаға әсерін қолдануды білу;
Сабақтың міндеттері
Оқушылар біледі:
- Ампер тәжірибелерін;
- магнит өрісініӊ тогы бар өткізгішке әсерін;
- Ампер күшін;
- сол қол ережесін;
- магнит өрісініӊ тогы бар рамкаға әсерін;
- магнит өрісініӊ тогы бар рамкаға әсерін қолдануды;
Тілдік
мақсаттар
Арнайы пәндік лексика және терминология:
Тұрақты магнит- Permanent magnet
Магнит өрісі- magnetic field
Магнит өрісініӊ күш сызықтары- The magnetic field lines
Магниттік полюстер- magnetic poles
Оӊтүстік полюс -South Pole
Солтүстіқ полюс - North Pole
Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:
Магнит өрісінің негізгі қасиеттері: 1) Магнит өрісін магниттелген денелер, тогы бар өткізгіштер және қозғалыстағы зарядталған денелер тудырады; 2) Магнит өрісінің күш сызықтары тұйықталған; 3) Магнит өрісі құйынды өріс (күш сызықтары тұйықталған өріс).
Оң бұрғы ережесі: егер бұрғының ілгерілемелі қозғалысы токтың бағытымен сәйкес келсе, онда бұрғы тұтқасының айналу бағыты өрістің магниттік күш сызықтарының бағытын көрсетеді.
Ампер гипотезасы: Тұрақты магниттің магнит өрісі зат молекуласының ішінде айналушы микротоктармен туындайды. Табиғатта электрлік зарядтар сыяқты магниттік зарядтар болмайды.
Өткен сабақ материалдары
Тұрақты магниттер. Тұрақты токтыӊ магнит өрісі.
ЖОСПАР
Уақытша жоспарлау
Жоспарланған іс-шаралар
Ресурстар
Сабақ басы
Ұйымдастыру. Сабақтыӊ мақсаты және оқу мақсаттарын айтамыз.
Эрстед тәжірибесін еске түсіреміз.
Ортасы
Өткен сабақтан біз нені білеміз:
Эрстед тәжірибесі: Тогы бар өткізгіштіӊ магниттік тілшеге әсері.
Тәжірибе қорытындысы: Тогы бар өткізгішке магниттік қасиетке ие.
Магнит өрісініӊ тогы бар өткізгішке әсері
Эрстед тәжірибесінде біз тогы бар өткізгіштіӊ магниттік тілшеге әсерін қарастырдық.
Кері құбылысты бақылауға болама, магниттіӊ ток өтіп тұрған өткізгішке әсерін.
А) Тізбек тұйықталған (өткізгіштен электр тогы өтіп тұр).
Б) Өткізгішке магнит жақындатқан кезінде өткізгіш ауытқиды (қозғалысқа келді).
Тәжірибе қорытындысы: Магнит өрісінде орналасқан кез келген тогы бар өткізгішке магнит өрісі тарапынан күш әсер етеді.
Бұл күш Ампер күші деп аталады.
Ампер күшініӊ бағыты сол қол ережесімен анықталады:
Қолымыздың алақанына кіретіндей етіп, тік төрт саусақтың бағытын токтыӊ бағытына сәйкестендірсек, онда бас бармағымыз оң Ампер күшінің бағытын көрсетеді.
Магнит өрісініӊ тогы бар рамкаға әсері
Рамканыӊ оӊ және сол бөліктеріне бағыттары қарама-қарсы болған Ампер күштері әрекет етеді. Нәтижеде тогы бар рамка айналмалы қозғалыс жасайды.
Солай етіп, магнит өрісі тогы бар рамканы айналмалы қозғалысқа келтіреді.
Амперметр, вольтметр, гальванометр ж.т.б. электрөлшеуіш аспаптардыӊ жұмыс істеу принципі магнит өрісініӊ тогы бар рамкаға әсеріне негізделген.
Рамкадан ток өткен кезінде ол магнит өрісініӊ әсерінен айналмалы қозғалыс жасайды
Электр қозғалтқыштар
Электр энергиясын механикалық энергияға жабдықтар – электр қозғалтқыштар деп аталады.
Электр қозғалтқыштарыныӊ жұмыс жасау принципі тогы бар рамканыӊ магнит өрісінде айналмалы қозғалыс жасауына негізделген. Қазіргі кезде электр қозғалқыштарыныӊ ПӘКі 98% ға дейін жетеді.
Топпен жұмыс
Параллель токтардыӊ өзара әсері
Егер өткізгіштегі токтардыӊ бағыты бірдей болса, онда өткізгіштер өзара тартылады, ал токтардыӊ бағыты қарама қарсы болса, онда өткізгіштер тебіледі.
Тогы бар катушкалардыӊ өзара әрекеттері
ТОППЕН ЖҰМЫС
Зертханалық жұмыс №9.
Электромагнитті жинау және оның әсерін зерттеу
Жұмыстыӊ мақсаты: Электромагниттіӊ негізгі бөлшектерімен танысып, оны жинау.
Құрал- жабдықтар: ток көзі, реостат, кілт, өткізгіш сымдар, магнит тілше, электромагнитті жинауға арналған бөлшектер.
Жұмыс барысы:
1) Ток көзін, шарғыны, реостатты және кілтті тізбектей қосып, электр тізбегін жинаӊдар;
2) Тізбекті тұйықтап, магнит тілшені пайдаланып, шарғыныӊ магнит полюстерін анықтаӊдар;
3) магнит тілшені шарғыныӊ магнит өрісініӊ оған тигізетін әсері шамалы болатындай қашықтықта орналастырыӊдар;
4) шарғыға темір өзекті енгізіӊдер;
5) электромагниттіӊ магнит тілшеге әрекетін бақылаӊдар
6) қорытынды жасаӊдар.
Соңы
Үй тапсырмасы: Физика және астрономия. 8 –сынып. §56, 57.
Рефлексия
Сабақтың мақсаты / оқу мақсаты дұрыс па?
Оқушылар бүгін не оқып-үйренді?
Оқу атмосферасы қандай болды?
Мен дифференцияланған жұмысты сәтті дайындай алдым ба?
Мен уақытты сақтадым ба?
Мен жоспарда қандай өзгеріс енгіздім және қандай?
Төменде қалдырылған орынды жүргізілген сабақ бойынша түсіндірмелер үшін қолданыңыз. Сол жақтағы бағанда берілген сабақ бойынша неғұрлым маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды баға
Ең табысты екі сәті қандай еді (білім беру мен оқуды қараңыз)?
1:
2:
Сабақтың қандай екі сәтін жақсарттым (білім беру мен оқуды қараңыз)?
1:
2:
Мен сабақта сынып және жекелеген адамдар туралы нені білдім, мен келесі сабақта нені әңгімелеймін?