«Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектебі» ММ-сі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Токтың жұмысы мен қуаты.
Джоуль-Ленц заңы»
Пән мұғалімі: Г.Шаймаханова.
Астана, 2016ж
№42 сабақ жоспары
Оқытушы:
|
Шаймаханова Гүлсім Шахмарданқызы
|
Пәні:
|
Физика
|
Сыныбы:
|
8А
|
|
|
|
Мерзімі:
|
09.02.2016ж
|
|
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль Ленц заңы.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Білімділік:
|
Электр тогы жұмысы мен қуатын есептеуді үйрету, Джоуль – Ленц заңын қорытып шығару, алған білімдерін тұрмыста, техникада, күнделікті қажеттілікке қолдана білуге үйрету
|
Дамытушылық:
|
Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен шығармашылық ізденуге, өзіндік білім қорын жинауға дағдыландыру, өз көзқарасын ұтымды жеткізе алу, пікір таластыруға және оны қорғай алу машығын дамытуға жағдай жасау
|
Тәрбиелік:
|
Жауапкершілікке, ұқыптылыққа, өз ойын дәйекті баяндай білуге баулу, өзгенің пікірін сыйлауға тәрбиелеу
|
Сабақтың міндеті:
|
Есептеулер жүргізе отырып, ток жұмысы мен қуаты бойынша қандайда бір қорытынды жасау
|
Сабақ түрі
|
Жаңа материалды меңгерту
|
Сабақтың технологиясы:
|
Ақпараттық коммуникативтік технология
|
Қолданылатын әдістер
|
Миға шабуыл, фронтальды сұрау, тест, сөздікпен жұмыс.
|
Пәнаралық байланыс
|
математика, ағылшын тілі, қазақ тілі, орыс тілі
|
Оқытудың техникалық ресурстары:
|
ДК, интерактивті тақта, проектор, Activote тестілеу құрылғысы, электрондықалам, Activslate басқару құралы
|
Программалық жабдықтамалары:
|
Active Studio, Power point, MS Word бағдарламалары
|
Көрнекіліктер:
|
Флипчарт, тест, үлестірмелі тапсырмалар
|
Сабақтың барысы және уақытының өлшемі
№
|
Сабақ кезеңдері
|
Кезең мазмұны
|
Уақыты
|
1
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Амандасу, оқушылардың қатысуын және сыныптың дайындығын тексеру, оқушыларға сабақтың мақсаты мен міндетін және бағалау критерийлерін түсіндіру
|
2 мин
|
2
|
Білімдерін тексеру
Білім бағалау өлшемі
|
2.Үй тапсырмасын сұрау.
«Тұрақты ток заңдары» тақырыбы бойынша тест.
1.Егер тізбектегі ток күші 8А болса, 20с ішінде өткізгіш арқылы қанша заряд өтеді?
а) 0,4 Кл; б) 16 Кл; в) 160 Кл; г) 2,5 Кл;
2.Кедергісі 20 Ом өткізгіш арқылы 1мин ішінде 300 Кл заряд ағып өтсе, өткізгіш ұштарындағы кернеу қандай болғаны?
а) 50 В; б) 100 В; в) 150 В; г) 200 В;
3 .Суретте көрсетілген схема бойынша B және D нүктелеріндегі тізбектің жалпы кедергісін анықта:
а) 2 Ом
б) 9 Ом
в)6Ом
г) 12 Ом
|
10 мин
|
2
|
|
4.Кедергілері R1=20 Ом, R2=30 Ом екі резистор электр тізбегіне параллель жалғанған. Егер тізбектегі кернеу 24В болса тізбектегі ток күші қандай?
а)1А; б)1,5 А; в)2А г) 12 А;
5.Кедергілері R1=20 Ом, R2=30 Ом екі резистор электр тізбегіне тізбектей жалғанған. Егер тізбектегі кернеу 24В болса тізбектегі ток күші қандай?
а)1А; б)0,5 А; в)0,38А г) 0,48 А;
Жауабы: 1С; 2В; 3А; 4С; 5D
|
|
3
|
Жаңа тақырыпқа кіріспе
|
А) Сөздікпен жұмыс
Б) Нені білу керек:
Электр тогының жұмысы.
Электр тогының қуаты.
Джоуль Ленц заңы.
|
2 мин
|
4
|
Жаңа тақырыпты меңгерту
|
10мин
|
Тогы бар тізбектегі электр энергиясының энергияның басқа түрлеріне айналуының өлшеуіші ток жұмысының, яғни өрістегі зарядтарды орын ауыстырғандағы электр күші атқаратын жұмыстың шамасы болып табылады. A=q·U
мұндағы А — электр өрісіндегі зарядты орын ауыстырғандағы жұмыс,
q-заряд. Осы формуладан тұрақты токтың істеген жұмысын да анықтауға болады. t уақытта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы q=It заряд өтсін. Сонда A=I·Ut болады.
Электр тогының жұмысы – ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең.
SI жүйесінде джоульмен (Дж) өлшенеді. 1Дж=1A·1B·1c
Тізбектің бөлігіне арналған Ом заңы және U=I·R негізінде келесі формулаларды аламыз. A=I2·Rt,
II. Уақыт бірлігіндегі өндірілген токтың жұмысы электр тогының қуаты болып табылады. Электр қуаты P әрпімен белгіленеді. Олай болса қуат мынаған тең: P = А/t= I U
|
Достарыңызбен бөлісу: |