Сабақ тақырыбы: Толық тізбек үшін Ом заңы



бет1/3
Дата13.02.2023
өлшемі116,58 Kb.
#168584
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Физика 10 сынып Тұрақты ток Толық тізбек үшін Ом заңы жоспар


Қысқамерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3 – Тұрақты ток

Мектеп:




Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:




Сынып:

10 (ҚГБ)

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Толық тізбек үшін Ом заңы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.2.3- толық тізбек үшін Ом заңын қолдану және қысқа тұйықталудың салдарын түсіну

Сабақ мақсаты

Толық тізбек үшін Ом заңын білу; есептер шығаруда формуланы қолдану; қысқа тұйықталу құбылысының қауіптілігін түсіну

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Электр тізбегін дұрыс сипаттайды және толық тізбек үшін Ом заңын біледі;

  • Ом заңын есептер шығаруда қолданады;

  • Қысқа тұйықталу құбылысын және қауіптің алдын алу жолын түсіндіреді

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Электр тогы

Электрический ток

Electricity

Ток күші

Сила тока

current

Кернеу

Напряжение

voltage

Кедергі

Сопротивление

resistance

Ом заңы

Закон Ома

Ohm's Law

Өткізгіштерді тізбектей жалғау

Последовательное соединение проводников

Series connection of conductors

Өткізгіштерді параллель жалғау

Параллельное соединение проводников

Parallel connection of conductors

Ток көзінің электр қозғаушы күші (ЭҚК)

Электродвижущая сила источника тока (ЭДС)

The electromotive force of the power source

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы – электр тогы деп аталады.
Ток күші артқан кезде, кернеу де артады.
Ток күші мен кернеу тура пропорционал.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық. Өзіне және өзгелерге деген құрмет. Академиялық шындық.

Әлемдік жаһандылыққа тәрбиелеу

Қысқа тұйықталу қаупінің жолын алу үшін сақтандырғыштар қолданылады.

АКТ қолдану дағдылары

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/turaqty-ehlektr-togy/lesson/ehlektr-qozhaushy-kush-tolyq-tizbek-ushin-om-zangy

Өмірмен байланыстылығы

Электр тогын тұрмыста және өндірісте қолдану, шамдарды параллель және тізбектей жалғау ерекшеліктері мен артықшылықтары

Пәнаралық байланыстар

Математика.

Бастапқы білім

8 сынып: тұрақты электр тогы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

1-3 мин
6 мин

7-20 мин


21-35 мин



  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларға сабақ тақырыбын, оқу мақсаттары мен бағалау критерилерін таныстыру.

  1. Білімдерін «True or False» әдісі арқылы тексеру:

өткен тақырып бойынша оқушылардың зейіні арқылы ақиқат пен жалғанды тез анықтау. Оқушылар қолдарына берілген карточкаларының тұжырымға сәйкес мәндері бойынша true – ақиқат және false – жалған көтереді.

  1. Электр тогы деп зарядталған бөлшектердің ретсіз қозғалысын айтамыз - F

  2. Ток күшін өлшеуге арналған құрал тізбекке параллель жалғанады - F

  3. Тізбектей жалғау кезінде жалпы - T

  4. Өткізгіштің кедергісі оның көлденең қимасының ауданына кері пропорционал - Т

  5. Әрқайсысының кедергісі 50 Ом болатын бес шам параллель жалғанған болса, оладың жалпы кедергісі 10 Ом болады – T

  6. 2-ші өткізгіштің кедергісі 1-ші өткізгіштің кедергісінен артық - F



  1. Толық тізбек үшін Ом заңын түсіндіру.

Теориялық мәлімет.
Толық тізбек деп – ток көзі бар немесе ЭҚК-і көрсетілген тізбекті айтамыз.
С ыртқы тізбек (ток көзін ескермеуге болатын тізбек бөлігі) өзінің R кедергісімен сипатталады.
Ал ішкі тізбек өзінің ЭҚК-і мен ішкі кедергісімен сипатталады.
Батареяның (ток көзі) ЭҚК-і ішкі кедергіге байланысты кернеудің азаюына (немесе кернеудің түсуі) және сыртқы кедергіге берілген кернеудің қосындысына тең:


Бұдан толық тізбек үшін ток күші:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет