Математика
|
12.02.2019
|
Математика пәнінің мұғалімі:
Таткеева Г. М.
|
Сабақ тақырыбы
|
Тригонометриялық функциялардың туындыларына есептер шығару.
|
Жалпы мақсаттар
|
Тригонометриялық функциялардың туындысын табу формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету, білімдерін кеңейтіп толықтыру.
|
Оқушы үшін оқыту нәтижелері.
|
Туынды формулаларын пайдаланып есептер шығара алады.
|
Сабақ түрі, әдіс - тәсілдері
|
Пысықтау сабағы.Топтық, жұппен жұмыс, жеке оқушылармен жұмыс.
|
Сабақта қолданылатын модульдер
|
Диалогтік оқыту,сын тұрғыдан ойлау. Оқыту мен оқуда АКТ - ны пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
|
Сабақ көрнекілігі
|
Слайдтар,үлестірмелер, топтарға арналған тапсырмалар жазылған үлестірмелер, электрондық оқулық.
|
Күтілетін нәтижелер
|
Оқушылар тригонометриялық функциялардың туындысын біледі.
Туынды формулаларын пайдаланып есептер шығара алады.
Оқушы өз ойын нақты жеткізеді.
Есептің шешімінің дұрыстығына өзіндік пікір айта алады.
|
Сабақтың барысы
|
1.Ұйымдастыру кезеңі;
2.Үй тапсырмасын тексеру;
3. «Формулалар» ағашы (Постер қорғау)
4. «Мозайка» құрастыру( Математикалық эстафета)
5. Сергіту сәті
6. Оқулықпен жұмыс(Білімді мыңды жығады)
7. Тест тапсырмасы («ZipGrede» оқыту тәсілі)
8. Үйге тапсырма беру
9. Кері байланыс «Мұғалімге хат»
10. Бағалау
|