Осы сабақ арқылы
жүзеге асатын оқу
мақсаттары
|
5.О4.Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмүнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру
5.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу ТА1Тірек сөздер мен ұсынылған илюстрациялар арқылы арқылы тақырыпты болжау
|
|
Сабақтың ортасы
|
тапсырма
Берілген мәтін бойынша өздерің білетін ақпаратпен толықтырыңдар.
Тұсау кесу-бала қаз тұрып, тәй-тәй басып жүре бастаған кезде жасалатын салт-дәстүр. Әдетте баланың туғанына 12-14 ай толғанда жасалады.Тұсау кесу тойынын негізгі жабдықтары:
1,5 метр ала жіп және өткір қайшы немесе пышақ. Баланың шешесі шаруаға икемді, елгезек, пысық әйелдердің біріне қайшы мен жіпті ұстатады, баласының тұсауын кесуді ұсынады. Тұсау кесуші әйел жүре бастаған баланың аяғына ала жіппен тұсау салып жатып, өлеңдете отырып тұсау жіпті қайшымен қияды да, баланы 3-4 аттатады...
Сергіту сәті Қаз-қаз балам,қаз балам.
Қ.Б « Бас бармақ» әдісі
2-тапсырма
Оқылым тапсырмасы
Берілген мәтіндерді салыстырыңыз және тілдік құралдардың айырмашылығын анықтаңыз
Бесікке салу
Халқымызда бесік – қасиетті мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Бесікке салу жолы жасы үлкен немесе елдің құрметті, өнегелі әжелеріне, әйелдеріне жүктеледі. Ол бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады. Мерекелік дастарқан жайылып, бесікке салған адамға кәделі сый береді.
Бесіктің сәби денсаулығына, тазалығына пайдасы өте зор. Бесіктегі сәбидің бойы, қол-аяғы түзу болады. Сондай-ақ бесік баланы суық пен ыстықтан қорғайды.
Бесік ағаштан жасалады. Бесікті баланың нағашы жұрты арнайы жасатады. Баланы көзден сақтасын деп бесікке тұмар тағады.
Тұсау кесу
Немере: - Әже, тұсау кесу деген не? Оны қалай кеседі?
Әже: «Тұсау кесу» деген ғұрыптың бір түрі. Тұсаукесер сәби қаз тұрғаннан кейін тез жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін деген тілекпен жасаоады.
Немере: - Әже, тұсауды қалай кеседі? Оны кім кеседі?
Әже: Бөбектің тұсауын ата – анасы ең жүйрік немесе сыйлы адамға кестіреді. Ол үшін арнайы ала жіппен тұсап кеседі. Тұсауы кесілген баланы «ақ жол болсын» деп ақжайма үстімен немесе «жолы жұмсақ болсын» деп кілем үстімен жүргізеді.
Немере: Әже менің де тұсауымды кесті ме?
Әже: -Ия,балам, сенің де тұсауыңды кескен. «
Мәтіндерді салыстыру
|
|
|
1-мәтін
|
2-мәтін
|
тақырыбы
|
|
|
мазмүны
|
|
|
Тілдік құрал
|
|
|
«Қ.Б» «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бірін-бірі бағалайды.
3-тапсырма
Жазылым тапсырмасы
.Бейнебаян материалын тыңдау
«Стоп кадр» стратегиясы. Оқушылар бейнебаяннан көргендері бойынша жинақы мәтін жазады.
Топ мүшелері «Үш шапалақ» арқылы бағалайды.
Сергіту сәті Ән: « Қазқтың дәстүрлері»
|
Кесте, сызба
стекер
АКТ-ны қолдану.
|
|