Сабақ тақырыбы: Түзу сызықты тең айнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру. Мақсаты



бет1/2
Дата18.03.2017
өлшемі145,76 Kb.
#11914
түріСабақ
  1   2
Күнделік сабақ жоспары

Мерзімі _____________ Сынып 9А, 9Ә

Сабақ тақырыбы: Түзу сызықты тең айнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру.

Мақсаты:



а) білімділік: Оқушыларға түзу сызықты тең айнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық пен орын ауыстыру туралы түсінікті қалыптастыру, айырмашылығын түсіну;

ә) дамытушылық: оқушылардың бірқалыпты қозғалыс кезіндегі жылдамдық пен орын ауыстыру туралы түсініктерін дамыту. Оны математикада, есеп шығаруда, тұрмсыта қолдана білу.

б) тәрбиелік: оқушыларды сауатты азамат болуға, еңбексүйгiштiкке тәрбиелеу.

Құралдар: компьютер, экран, проектор, оқулықтар, есептер жинағы, электронды оқулық 9 сынып, көлбеу жазықтық, арбаша, құм салынған ыдыс, жүктер

Сабақтың түрі: интерактивті сабақ, демонстрация,

Пән аралық байланыс: математика, химия, информатика,

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі.

Өткен тақырыпты пысықтау сұрақтары:


  1. векторлар деген не?

  2. оларға қандай амалдар қолдануға болады?

  3. паралелограмм ережесі бойынша векторларды қалай қосамыз?

Жаңа сабақ:

Бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезіндегі жылдамдық


Бірқалыпты үдемелі қозғалыстың теориясын атақты италия ғалымы Галилей Галилео ғзірлеген болатын. 1638 жылы шыққан “Механика мен Жергілікті қозғалысқа жататын жаңа екі ғылым саласына қатысты ғңгіме және математикалық дәлелдемелер” деген өзінің кітабында Галилей алғаш рет бірқалыпты үдемелі қозғалыстың анықтамасын берді және оның заңдылықтары сипатталатын бірқатар теоремаларды дәлелдеді.

Бірқалыпты үдемелі бірқалыпты қозғалысты оқып білуге кірісе отырып, егерде осы дененің үдеуі мен қозғалыс уақыты белгілі болса, онда дене жылдамдығы қалай табылатынын анықтаймыз.

Бастапқы жылдамдық нөлге тең (v0= 0) кезінде (2.1) формуладан



v = at.

(3.1)

алынады.

Бұл формула қозғалыс басталғаннан кейін t уақыт өткен кездегі дене жылдамдығын анықтау үшін дене үдеуін қозғалыс уақытына көбейту керек екендігін көрсетеді.

Қарама-қарсы жағдайда, дене қозғалысы біртіндеп баяулай отырып, ақыр соңында тоқтағанда (v = 0), (2.2) үдеу формуласы дененің бастапқы жылдамдығын табуға мүмкіндік береді:


v0 = at.

(3.2)

Бірқалыпты үдемелі қозғалыс процесінде дене жылдамдығы қалай өзгеретіндігінің көрнекі картинасын жылдамдық графигін құра отырып аламыз.

Жылдамдық графигін алғаш рет XIV ғасырдың ортасында француз ғалым-сопы Джиованни ди Казалис пен кейіннен Карл V королдың кеңесшісі болған, Никола Орем шіркеуінің архидьяконы Руанский енгізген болатын. Олар горизонталь өс бойынша уақытты, ал вертикаль өс бойынша жылдамдықты көрсетуді ұсынды. Координаттардың осындай жүйесінде бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезінде көлбеулігі уақыттың өтуіне байланысты жылдамдық қалай тез өгеретіндігін көрсететін жылдамдық графигі түзу сызықтар түрінде болады.






5-сурет

Жылдамдығы артып отыратын қозғалысты сипаттайтын (3.1) формулаға, мысалы, 5-суретте кескінделген жылдамдық графигі сәйкес келеді. 6-суретте кескінделген график жылдамдықтары баяулайтын қозғалысқа сәйкес келеді.






6-сурет

Бірқалыпты үдемелі қозғалс кезінде дене жылдамдықтары үздіксіз өзгеріп отырады. Жылдамдық графиктері әр түрлі уақыт мезетіндегі денелер жылдамдығын анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ кейде сол немесе басқа нақты уақыт мезетіндегі жылдамдықты емес (мұндай жылдамдықты лездік жылдамдық деп атайды), барлық жол бойынша орташа жылдамдықты білу керек болады.

Бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдықты табу мғселесін алғаш рет шешуде Галилейдің жолы болды. Өзінің зерттеулерінде ол қозғалысты сипаттаудың графиктік ғдісін пайдаланды.

Галилей теориясы бойынша, егерде бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезінде дене жылдамдығы 0-ден белгілі бір v шамаға дейін артатын болса, онда қозғалыстың орташа жылдамдығы қол жеткен жылдамдықтың жартысына тең болады:



voрт = 

v

.

(3.3)




2

Осындай формула жылдамдығы кеміп отыратын қозғалыс үшін де әділетті болады. Егерде ол біршама v0 бастапқы жылдамдықтан 0-дейін кеміп отыратын болса, онда мұндай қозғалыстың орташа жылдамдығы тең болады екен:

voрт = 

v0

.

(3.4)




2

Алынған нәтижелерді жылдамдық графигінің көмегімен иллюстрациялауға болады. Мәселен, мысалы, 5-суреттегі графикке сәйкес келетін қозғалыстың орташа жылдамдығын табу үшін біз 6 м/с–тың жартысын табуға тиістіміз. Нәтижесінде 3 м/с–ты аламыз. Осы — қарастырып отырған қозғалыстың орташа жылдамдығы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет