C DR (CorelDraw Document) – CorelDRAW программасында құрылған векторлық немесе растрлық жоба файлы. Аталған файл форматы Corel компаниясының жекеменшік программалық өнімдерін қолдану үшін жасалған.
Компьютерлік графика саласында графикалық файлдарды бір форматтан екінші бір форматқа түрлендіру қажеттілігі мынадай себептердің бірінен туындауы мүмкін:
қолданушы жұмыс істеп отырған программа файлдың ағымдағы форматын қабылдамауы (форматтардың үйлеспеуі);
суретті өңдеудің белгілі бір амалдарын орындауға мүмкіндік беретін программамен үйлесетін форматқа файлды түрлендіру;
файлды Интернет желісіне жүктеу барысында қойылатын талаптармен сәйкестендіру.
Файлдарды түрлендіру белгілі бір программалар көмегімен жүзеге асырылады. Файлдарды бір форматтан екінші форматқа түрлендірудің 4 түрлі жолы бар:
Бір растрлық форматтан екінші растрлық форматқа түрлендіру
Растрлық форматтан векторлық форматқа түрлендіру
Бір векторлық форматтан екінші векторлық форматқа түрлендіру