Әдісі: Джигсо Студенттерге «Блум таксономиясы» бойынша әртүрлі деңгейді қамтитын топтарға жұмыс дәптері беріледі (GOOGLE презентация)
Бірінші топ - «Растрлық графика»
Екінші топ - «Векторлық графика»
Білу. Берілген форматтарды тиісті орындарына орналастырыңдар:
Түсіну.Төменде көрсетілген сілтемеге кіріп, сәйкестендіріңдер:
https://wordwall.net/play/24652/516/266
Қолдану. Тәжірбие жасаңдар: «Растрлық графикалық редакторында суреттерді құру, өңдеу және сақтау»
1-тапсырма. Монитор экранының құрамын алмастыру буфері арқылы көшіріп, растрлық графикалық редакторының құжатына қойыңдар. Оны әртүрлі пішіндерінде сақтаңдар, алынған файлдардың ақпараттық сыйымдылығын анықтаңдар және көлемін әртүрлі пішімдермен салыстырыңдар. Ол үшін:
Панельдегі [Print Screen] пернесін пайдаланып, Windows жұмыс үстелінде экранның құрамын алмастыру буферіне көшіріңдер.